Кеудеңде сәулең сөнбесін. Новелла

17 января 2024 - Administrator

 «Жуйрік көңіл шабандық отті деп омалыш қала беруге бола ма бугінде!» Облыс орталығына баратын тансилердің біріне жайғасқан Қуатбек осынау ойға беріліп отыр.
Мана ауылдан автобуска отырарда кызметтес жолдасы әрі құрдасы:
— Жақсылыққа бастапсын, сәт сапар болсын — деп калжың аралас, шындық сөз айтып қалын еді.
Жанынан бөліп бергеннен де артық осы бір мейірбан лебізді есіне алып. Қуатбек осынау ойға беріліп отыр.
Мана ауылдан автобуска отырарда қызметтес жолдасы әрі құрдасы:
— Жақсылыққа бастапсын, сәт сапар болсын — деп қалжың аралас, шындық сөз айтып қалын еді.
Жанынан бөліп бергеннен де артық осы бір мейірбан лебізлі есіне алып. Қуатбек жүрегіне жылылық ұялаған сезіммен жымилып күлді.
Осы ойынан ол таксидін есігі сырт етіп ашылғанда ғана сернілді.
Қалыд пальтоның сыртынан жалбағайлы сары шекпен киген мосқал адам Қуат бекті ысыра кеп ішке кірді. Машина іле орнынан қозғалды. Әлгі адам сәлден соң Қуатбекке карап:
— Ал, бала, жол қысқартайық. «Танымасты сыйламас» деп сен сәлем де бермедің-ау деймін. Таныса отырайык. Біз сияқты жаман шалдар түртіп қалсаң күректің астынан шығып жатамыз. Сен сияқты жастарды біле жүрейік,—деді.
Қуатбек: «Сәлемімді аңғармай қалдыныз», — деп өз аты-жонін айтты. Сол — бе?!—деп шұқшия кетті қарт.
— Кәдімгіңіз қалай?!—деп Қуатбек қуыстана қалды.
— Мен газет бетінен ақын жігіт Қуатбекті білуші едім. «Сен солсың ба?» дегенім ғой?
Ол шынында осыдан үш жыл бұрын жұқатай жинақ шығарған жас ақын болатын.
— Апырай, ә!—деп қарт мұның қолын өзінің мол уысына алып қысып жатыр. — Атыңа қанық болсам да, өзіңді көре алмай, құмартып журген бір балам едің. Мына кездесуді қарасаңшы!
— Отағасы-ау, мен соншалық құмарта қаларлықтай ақын боппын ба, жәй әшейін жастықтың желпінісі еді ғой,—деп қызарақтады.
— Жоқ, шырағым, — деп қарт туралап отыр.—Өз басым сенен көп үміткер едім. Ана бір жылы жаздың ғой, қалай еді...иә. «Шапқан аттын шаңын көріп», деп бастаушы едің ғой...
Сәл ойланып алған шал аяулы жолдарды ынтық көңілдің кең сарайынан суырып әкеп шығарып, мөлдіретіп-мөлдіретіп көз алдына тізіп жатыр. «Мұншама жақсы сөздерді қағазға тусірген шынында мен бе ?» деп Қуатбектің өзі танданғандай. Тербелген жүйрік машина ішін өлеңмен тербеп, ақын жігітті өз сөздерімен арбап келе жатқан шалымыз:
«Кеудемнен кокала үйрек қош деп ұшты.
Сол шіркін кәрі жолдас өлец білем,— деген екен-ау бір мұңлық. Ұмытуға болатын өнер емес қой өлең деген,—деп толқып кеткен босаңдау үнмен тоқтай қалды да, Қуатбекке қас қағым уақыт сынай қарады.
— Қазір қай жердесің? Сол Тереңкөлдемісің?—деді сонсың.
«Қазір» деген сөз Қуатбекті селк өте түсірді. «Сыбырлағанды құдай естімей ме» деген осы екен де. Лепірген сөзім тылсымы су сепкендей басылып, алаулаған көңіл шоғы быж ете түскендей болды. «О баста танысқанда басқа біреудің атыжөнін атай салмаған екенмін. Көрген талқым жетпегендей» деп те әкінді.
— Сіз не, хябардар ма едіңіз? — деді қанала сөйлеп.
— Хабардар болмағанда, шырағым. Жылт етіп көрінген жас адамның жана есімі біздің көңірегімізге жазылып жатады-ау шежіре боп. Біздің кеуде қойма-сандық емес пе, бағдары дұрыс адамдардың аттарың қатарлап салып, жинастыра журеміз. Әлдеқалай бір жақсылығымен көрінген сол азамат сүрініп кетпей, түзу өссе екен деп тілейміз... Сенің аяқ алысынды сырттан жүріп мен шолушы едім, Естідім. Бір саты Жоғарылап, аудан қарамағына жұмысқа барған екенсің. Одан аран деген әзәзіл аяқтан шалып, төмендепсін. Қазір қайтадан совхоз шаруашылығына ауыстын... Біз бәрін сұрастырып, біліп отырамыз, шырағым. Сен қызметтен түсті деп естігенде, саған өтірік, маған шын, әкеқнен кем ренжігем жоқ.
Мөлт етіп шыға келген жасты білдіртпей сығып, серпіп жібергең Қуатбек:
— Осылай бір қатты жығылдым,—деп ауыр күрсініп, булығып қалды.
Шыңырауға тартып құлдыратқан бұл халден көтерген де шалдың өзі болды:
— Жүнжіме, балам, —деді ол. - Сен арақты атты-мүтті қойғалы да ажептәуір уақыт бопты. Қызметтен де жақсы атың шыға бастады деп естимін. «Адамгершілігіме кір түскен соң, ақындықты қайтермін» деп безінген де боларсын. Ол қате, жарқыным. Кетсе лауазымың кетті, ақындығың араққа шайылмаған шығар. Жақсы атыңды әқындықпен қатар жек. Тек кеуденде сәулен сөнбесін!—деді.
Әңгіме аяғы облыс орталығының төбесі көрінгенде таусылды. Қала шетінен түсуге ыңғайланған шалға Қуатбек:
— Сіздің аты-жөніңізді сұрамаппын-ау —деп коштасуға қол ұсына бергенде:
— Мені жұрт «шақар шал» деп те атайды, «мақар шал» деп те атайды. Бізді қоя тұр. Атыңды жаңғыртып, бір-екі өлеңінді оқытшы газеттен. Сонан соң, өзім ізпеп барып танысамын. Уәде м ? — деп қадалды қария.
— Болсын уәде! — деген салмағы батпап, өз-өзіне сенімді адам ғана айтатын киелі сөзді бекем шығарған Қуатбек ауыр жүктін астынан енсеріліп шыққандай женілдікпен серпіле қозғалып ілгеріге көз жіберді...

Ермек Қонарбаев.


Қонарбаев Е. Кеудеңде сәулең сөнбесін. Новелла // Ленин туы.-1973.- 22 желтоқсан.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий