Күй шертеді көңілің басқа – басқа...
Бірнеше кітаптың авторы. Үздік публицистикалық еңбектері үшін Міржақыл Дулатұлы атындағы Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйпығын алған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Баспасөз қызметінің басшысы.
Күй шертеді көңілің басқа—басқа...
Өмір осы!
Кей-кейде көңіл өсіп,
Жыр болып төгілесің.
Жеңіс-туы желбіреген,
Қырлардан көрінесің.
Баурауға асыққан ән,
Дүние ғашық саған.
Жүзіңнен нұр тамады,
Жел желпіп жасытпаған.
Жаралған жер төсінен,
Еркесі, серкесі сен.
Асқақтап сөз айтасың,
Қайырып келтесінен.
Баршаға ұнар бүгін,
Құштарлық, құмарлығың.
Сөз өтіп, көз тимейтін
Өзісің тұмарлының.
Салсаңда қай тұсынан,
Асығың — алшысынаы.
Несібе-үлесің тек
Тиесің жалқысынан.
Ай өбіп, күн күлімдеп,
Аймалар түндігіңнен.
Бақ қонар басыңа кеп,
Осындай бір күнінде.
Ұшасын қанаттанып,
Минуттай — сағаттарың.
Бәріне үлгересің,
Төқтамай тағат тауып.
Жүйрікке жолы болған,
Дос та көп оң мен солдан.
ЬІңғайын кас-қабақтан,
Танитын тобы-қорған.
Бұл бір сәт бал айындай,
Әлем-сән сарайындай.
Толықсыр толған айдай,
Жақсылар маңайында.
Өлшеме — аз деп, көп деп,
Бұйырса мұндай көктем.
Жұлдызды сәтің осы,
Арманға қолың жеткен.
II
Өмір осы!
Іштей бір егілесің,
Кейде мұң селін кешіп.
Жолыңа сәтсіздіктер,
Тікендей тегін өсіп.
Сүрініп сүрінбеске,
Үзілер жібің ескен.
Тындайтын құлақтарға,
Жете алмай үнің өшкен.
Қарайсың дүниеге,
Тазарып көзәйнегің.
Көтерген күн иегін,
Бұлдырлау бөз ай ма едің.
Сезесің дос бағасын,
Сезімін сатпайтұғын.
Қөштасын, қоштамасын,
Тасадан атпайтұғын.
Биіктен жерге түсіп,
Байкайсың пенде сырын.
Бір күнде желге ұшып,
Кешегі көл-көсірің.
Айналаң ұқса дейсің,
Реніш ащылығын.
Алдыңнан шықса дейсің.
Жасаған жаксылығың.
Үмітің үзілгенде,
Батпандай батар жүгің.
Жаныңмен сезінгенде,
Тағдырдың қаталдығын.
Сен үшін өмір-өзен,
Аумайды арнасынан.
Қөзгалмай темір-өзек,
Жатады жалғасып ән.
Өзгеріп, құбылмайды,
Дүние реңі де.
Бозторғай шырылдайды,
Ауыртып жүрегінді.
Алдынан терезеңнің,
Қөл бұлғар көш-керуен.
Кепкені кенезеңнің,
Құтқармас көпке еруден.
Сонда сен сезіп шын,
Тағдырдың алалығын.
Ұяларсың кезің үшін.
Шырмаған шалалығың.
Жүргенде жан ауырып,
Басыңа бақ қөна алмай.
Тік өту — ең ауыры,
Төзімді таптап алмай.
Адамға мұң да керек,
Көп жәйді ұғу үшін.
Асылды бұлдап ерек,
Тазарып шығу үшін.
Ақикат — бұл дүниеде,
Мәңгі емес ештеңе де.
Кезегің бір күн тиер,
Ерте... әлде кеш келе ме...
Демеу
Көңілінде қаяу бар ғой, шырағым,
Көк аспанда көрінбей ме кыраның?
Ол құласа...
білмейді ғой дейсің бе
Ең алдымен сенің сағың сынарын.
Өмір — өзен...
айға шапқан өр төлқын,
Төзер болсаң —
Өр толқындай көр толкып.
Армантаулар алдырмайды арзанға,
Биіктердей шыға келер бел жортып.
Жан арманды жақсы күнге тапсырып,
Жанарыңда тербе, қалқам, жақсы үміт.
"Оң қабағым тартты" дейсің қуанып,
Құда түсіп жүрген болар жақсылық.
Төзіміңді үзіп алмай бүкте сен,
Одан, тегі, ұтылмайсың түк те сен.
Жақсылықта жол таба алмай қиналар,
Аңсамасаң... шақырмасаң.... күтпесең.
Алыс жолдар ақ тілекпен жалғанған,
Сенімінді сондірмегей малданған.
Артығырақ болар, бәлкім...
Тірлікте
алдансаң да — жақсылыққа алданған.
Қоңырау
Иілген сәнмен сызыла,
Қырғыздың әнші қызына.
Қол сөғып жатыр қазақтар
Балаша шулап— қызық, ә.
Мақамға салып мың түрлі,
Шырқады әндер түр-түрлі.
Сиқырлы сазға ілесіп,
Өзі де бірге құлпырды.
Ғажапсың!
ғажап қайран ән,
Төгіліп жанды баураған.
Керемет екен Ала-тоо
Сандуғаштары сайраған.
Көңілде толқын көшеді,
Ескегін ойдың еседі.
Ақ қалпақ байке алды, әнді
Аяштан "ырлы кесені".
"Ыр кесе" — дәстүр көңілді,
Қолтығы күйдің сөгілді.
Ыстық көлде
Ынтық көңілден
Ыстық бір жырлар төгілді.
Ай құшып, жұлдыз қаққандай,
Жайдарман көңіл шақ қандай.
Қырғызы кұміс қоңырау,
Кеудеде күмбір қаққандай.
ЬІқылас тауып іздеген,
Аттандық қимас жүзбенен.
Қияда қалды қырғыздар,
Қоңырау кетті бізбенен.
Ақын аға
Тұманбай Молдағалиевқа
Жырларын кішкенеден өстік жаттап,
Қоюшы ек газеттен де қиып сақтап.
Жүргенде үлестіріп күн-көңілді,
Өтіпті аңызақ жаз, өтігіті аптап.
Тербейді дәуренінің қоңыр күзі,
Кобірек ойланады тобылғы үзіп.
Бәрібір баяғыдай Тұмаш салға,
Қарайды келіншектер көзін сүзіп.
Келмейді шығарғысы құшағынан,
Тұмаңа жараспас деп құсалы ән.
Желпиді жстіп көңіл тұлпарымен,
Жүйріктеу "Волгаңнан" да, ұшағыңнан.
Алпыс не алақанда жүрген жанға,
Жыршысы махаббаттың, самға, самға!
Ағылсын, алқынбасын жыр-бұлағың
Жан беріп табпғатқа қалың-талға...
Жыр-бұлаң жүректерге гүл сыйлаған,
Жыр-шуақ көңілдерге күн сыйлаған.
Сезіну қандай ғажап
Арамызда
жүр-ау деп бір дара ақын, бір сыйлы аға.
Қайтеміз санап оның шаштағы ағын,
Қар баспас талантының тас қамалын.
Жүз ассын... жүре берсін жампоз ақын
Аңқылдап көшесінде астананың.
Ғасырлар тапырағынан сыр түйесің,
Жел ұрған жапырақтай үрпиесің.
Сезесің екендігін Тұманбайсыз
Қазақта сөз иесіз, жыр-киесіз.
Тағында тұрған сезім жайлауында,
Ол —дара!
Шыдар мейлі қай дауылға.
Асты деп алты қырдан аяулы ақын,
Той жасап жатыр қала, қойлы ауыл да.
Жылылық шақырады жылылықты,
Төрт жағың түгел болса - ұғынықты.
Басқарған генералдай Култәй жеңгем,
Ертеден Тұмағамның тылы мықты.
Болған соң тылы мықты - шыны иықты,
Шарлайды қияны, еркін тұңғиықты.
Өңкей бір інжу-маржан ұсынған сөң
Көрінер кім-кімге де шын сүйікті.
Өзгеден оқшау тіпті жымиысы,
Келеді пейілінен күн пісі.
Басайық патша көңіл пернелерін
Сезімнің саумалынан жыр ұйысын.
Жыр-бұлақ жүректерге гүл сыйлаған.
Жыр-шуақ көңілдерге күн сыйлаған.
Сезіну қандай керім
Арамызда
жүр-ау деп бір дара ақын, бір сыйлы аға!
***
Жер сүймесе табаным,
Жетімсіреп қаламын.
Жусан иісі даланың,
Әтіріндей қаланың.
Қуанамын, күлемін
Қызығына қаланың,
Бірақ менің жүрегім —
Бозторғайы даланың.
Аландамай далаға,
Қадай өмір сүремін.
Мен көшкенмен қалаға,
Көшпеген соң жүрегім.
Дала — жайлау, дала — нұр,
Қала — бояу, қала — шу.
Екі ортада бала жүр...
Қиын емес адасу.
Көңіл ынтық гүлді іздеп,
Отырарсың топшылап.
Дала аспаны —жұлдыз көп,
Қала аспаны —көп шырақ.
Дала— тұнған мейірім,
Қала — жарыс заңы ащы.
Қалай түсін, мейілің.
Айырмасы — талассыз.
Жан танымас жанталас —
Бір белгісі қаланың.
Ал әспеттеу алқалап,
Қасиеті даланың.
Іздеп бақ пен таланын,
Жалғаспақ боп жаңаға.
Ұлы-қызы даланың,
Ұмтылады қалаға.
Қала, әрине, олжалы,
Тапқан жанға амалын.
Бірақ ол — бар болғаны
Бір отауы даланың.
Дүние
/философиялық этюд/
Жалған да жалған дүние,
Жаралған жанға кім ие.
Пейіштің ңұры — күн ие,
Зады, адал зәмзәм су ие.
Тал бесігі тірліктің —
Құрсағы қара жер ие.
Жалған да жалған тіршілік,
Батады қалай күн шығып.
Тылсымға гүл де тұншығып,
Кешеді ғұмыр құлшынып.
Жаралған шығар жоқтан бар,
Әуелде ғайып нұр сіңіп.
Нәр алып нұрдан, жарықтан,
Ұшады жаның қалықтап.
Тарылып тыныс тарықпақ.
Межеге со-нау барып қап.
Періштең қолдап тұрғанда
Шалқып қал тасып, шарықтап.
Жалған да жалған жаңғырық,
Жасайды мәңгі жаңғырып.
Жанынды сенің алдырып.
Есінен елді тандырып.
Жақсылығың менен ұрпағың,
Фәниде кетер қалдырып.
Жалған да жалған фәниді,
Мінезінен адам таниды.
Отына жігер жаниды,
Көлеңке көрсе — налиды.
Қылығы қандай болса да,
Бойына содан дариды.
Сәулелі ғажап дүние,
Бір күнге болсын сіз ие.
Қандырып мейір мұз ие,
Тамылжып тәнті түз ие.
Еншінде мына бір ғұмыр.
Болса да ғайып жүз иең.
Жүрекке ұқсас жапырақ,
Алған соң тыныс азырақ.
Алақан тосса атырап,
Жүйткиді желмен шашырап.
Кезегін күтіп тұрмайды,
Арманға алтын асық ат.
Өмір де өмір... өмір нұр,
Тіршілік күйін төгілдір.
Шақырып тауға көгілдір,
Шуағына күннің шомылдыр.
Таяныш тауып тірліктен
Тыншысын солай көңіл бір.
Бәрі де бәрі шектеулі,
Себепкер салдар септеулі.
Үйренгенменен көктеуді.
Тағдырдың заңы деген жөн
Алғанды шашып, төкпеуді.
Жалған да жалған әлем-ай
Келісті, керім, әдемі-ай.
Демей-ақ бір күн өлем-ай
Айтып бір кетер өлең-ай.
Жөл салып жылу, жарыққа
Күн шығып, көктен төнеді-ай.
Тұтас та тұтас табиғат.
Бөлшегі сен бір, жамиғат.
Ол—ана, сенсің — сәби нақ.
Жанынды жеме жә, қинап,
Жазған соң тағдыр пендеге
болмайды бақи, фәни жат.
Жалған да жалған дүние,
Жаралған жанға кім ие.
Пейіштің нұры — күн ие.
Зады, адал зәмзәм су пе.
Тал бесігі тірліктің
Кұрсағы қара жер ие.
Шаймерденов Е. Күй шертеді көңілің басқа – басқа...// Жалын.-1996.-№ 1-2.-78-82 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |