Дала гүлі: Повесть

1 марта 2024 - Administrator

 Қыр төсінде замандар бойы құшақтаса, өріле өскен егіз қайың тұр. Түптері жуан, бұтақтары тармақты, тамырлары тереңге кеткен. Дала желінен қаймықпай аспанға ұмтылған биік. Көз көрімдегі орманнан бұл тұсқа қалай келіп орнықканын білуші ешкім жоқ. «Аспан айналып, жерге түсердей» дейтін ыстықтарда қоймен аралас жатып, қойшылар саялайтын жапандағы жалғыз пана осы.
Әр бұтағы сырғауылғай сорайған қос алыптың түбінде Қайыр меп Мәлике май болған үлкен темірді ортаға алып отыр. Өздері де майланған. Жігіттің түбілтене бастаған мұртына шаң қонақ тал, қарая түсіпті. Мәликенің топ-толық бетіне керосин түтіні сіңген, жып-жылтыр. Соқа тіркелген трактор үнсіз. Үлкен шойын доңғалаұқтары қара жерге тас табандай тоқтапты. Қозының елтірісіндей бұйра жыртындыда қара қарғалар ұшып-қонады.
Жігіт қлапан ұяларын тазартып, қайрап отыр. Кішірек иықтары селкілдеп, зорлана кимылдағанда бетінен тер моншақтайды Мәликенің күлкісі келіп кетті. «Жап - жас бала десе де болгғндай өзін» деп ойлады ол.
— Қайыр, маған берші өзін, біраз илеп көрейін — деді білезікті қолдарын созып. Жігіт мұрнын бір тартыш, саңырау адамдай ісін жалғастыра берді. Клапан ұяларына керосин құйып, «аға ма, ақпай ма» деп қарап алды да, қайтадан кірісті.
Мәлике майланған қалтасынан Қошайдың хатын алыл, ұзақ қарап отырды. Соғыстаға күйеуін сағынғанда ауызба-ауыз сырласқандай болатын хаттың тыныс жазуларына үнсіз көз жүгіртті. Хат қағазына май сіңіп жырымдалып біткен. Соғы хаты оның. Хабарсыз кеткеніне де жылдан асыпты. Келіншек күрсінді. Небары екі-ақ ай отасыпты-ау... Жұбайлықтың өткінші қызығы да әлдеқашан ұмытылыпты. Көрген түстей жай бір елес қана.
Қошайға тұрмысқа шыға қою да ойында болмайтын. Оқып жүрген, тіс қаққан жігіт оп-оңай ертіп әкетті де, үйіне келін қылып кіргізе салды. Мәлике небары он жетіде ғана еді. Кейін қызды жақтаушылар сотқа беріп, Қошай әзер құтылған. Әйтеуір, Бошай ағасының беделі ғой...
Келіншек жасаураған көздерімен айналаға қарады. Дала рахаттана тыныстап жатыр. Жалыңдап жатқан көктем күні анау. Жел жыртып жан жаққа айдал жіберген ақ бұлттар калқиды. Көкжиекте көгілдір сағым дірілдейді. Даланың со тұсынан ағаш атқа мінген біреу бұлдырап көрінді де, сөғым сліне тоғызтылып кетті. Мәлике күрсінді. Жұдырықтай жүрегі кеудесін теуіп аласұрды. Жақсы хабар әкеле жатқан біреу болар ма,дейді алдамшы көңіл.
Қайр баяғысыеша иықтары селкілдеп, тұтқаны ерсілі-қарсылы айналдырады. Темірлер арасында үгетілген қайрақ ұнтақтарының шықыры естіледі. Қайырдың қырдай желкесінен тер тамшылайды. Мұрнын тартып қойып, тағыда керосии кұнып көреді. Мәлике шалқайып күнге қарады. Күн сыбдыр қаққан балауса жапырақтардың арасынан наздана сығалайды.
— Әттегене-ай кешігіп қал.дық! Моторды жиһағанша қай заман, әкелші бері ! — деп қол айналманы жігіттен жұлып алды да, салмағын салып төмен басты. Кайыр жеңі мен бетін сүртіп отыр. Мәлике жұлынын шапшаң қыймылдаулы. Бір кезде тоқтап терін сүртті де, теріс қарап отырған жігіттің мықынынан шымшып алды. Қайыр шоршып түсті. Келіншек күлкіден өле жаздады. Күлгенде аппақ тістерін лағыл маржандай жарқыратын күледі екен. Екеуі қосыла күлді. Осы арада дөңге шоқытып шыға келген Бошай басқарманы көріп тыйыла қойысты. Мәлике локыта желген дәу жиреннің көбік атқан омырауына сазара қарады. Бошай басқарманың келте мұрты қыйсайыңқырап, кескіні кетіңкіреп ат үстінен дауыстады:
—Уа бұл не отырыс, жер жырту ма, босқа көлеңкелеу ме?
Мәлике тұлымын орамал астына жасырды.

— Қайынаға, трактор сынып қаллы. Қлапандар тартпайды. Таңнан бері он айналып едім, ақыры мінекейіңіз.
—Тартпайтын орны бар, ескі трактордың тың көтеруге шамасы келе ме. Уақыттың өтіп бара жатқаны мынау. Көктемгі егісті кешеулеткенің үшін алдымен, бригадир, сен жауап бересің, білдің бе? — деп қамшылы қолын сермеп қалды. Қайыр белін жазып, мандайын сүртті.
— Отағасы-ау бұл техника емес пе. Ескі дүниені жамап-жасқап дегендей...
— Сен ғой тың жыртамыз, тың жыртсақ — астық аламыз, тың-тың... — деп өңеш тедің келіп, тындырғандарың кәне? Сәлиманың тракторы ол жатыр. Бағиланікі ол тұр. Сен болсаң осы жақты ай-налсоқтайсың да жүресің. Қазірден бастап тарті Мәлике өзі де істейді:
Қайынаға-ау, головканы жалғыз орната алмаймын ғой!
ны жалғыз оряата алмаимын ғойі
— Орнатасың, бригадирге басқа тракторлар да бар, әй-дә тарт қазір!
Бошай осылай деді де жиренді орай шықпыртып шаба жөнелді.
Долданған Мәлике ауыр темірді жерден кетеріп алды.
—Тұра тұр, тоқта!
Қайыр жармаса көтерісіп, күн қызуымен қайнап тұрған трактор үстіне қойды.
—Түсті ме орнына?
—Түсті.
— Енді жөнел! Жөнел деп тұрмын ғой соған!
Қайыр иықтары кушыйып, таяқ жеген баладай жалтақтай қарап барады. Мәлике оны аяп кетті. «Не жазығы бар, мүлдем бала ғой әлі . Қайнаға жігіт деп жүр-ау мұны».
— Әй, Қай-й-ыр, соңыра айналып соғарсың!
Жігіт дөң асып кетті. Мәлике ауыр кілтті сығымдаған қалпында тұр. Көңілі кұлазып, жалғызсырап кетті, дала желі шалқи соғып, егіз қайыңның сансыз жапырақтарын шулатып азынап қоя берді. Жел дала бетін мамық канатымен желпіп, жасыл бетеге, ақ селеуді толқыта шайқап тербей бастады. Дөңнен әрі жұмсақ жыртындының бетінде кұйын дөңгеленеді.
Мәлике шашылып қалған тракторын жинап, қалпына келтіре берді. Тез бітті дегеннің өзінде күн еңкейе болды. Енді от алғызу киямет! Бар күшін салғанда тұтқаны жарты айналым ғана жылжыта алды. Мотор үн қатар емес. Қолдары қалтырап, білектерінен әл кетті. Батуға беттеген күннің сары сәулесі тер жуған кескініне киялай төгіледі. Келіншек бар қайратын жыйнап бұрап қалғанда тұтқа кейін серпіп ұшырып жіберді. «Қараң ғана қалғыр қу темір-ай» — деп қайыра жармасқанда Қайыр ұстай алды.
— Жеткенім осы болды, Мәлике. Қазір жүргізіп берейін. Ойбай-ау аузыңнан қан саулап кетті ғой ! — деді ол қалтасын карманып. Мәлике ұйыған канмен бірге тісінің сынығын түкіріп тастады. Қайыр аппақ қол орамалын аузына басып, шапшаң сүрткілей бастады.
— Кап, мертігіп қала жаздағаныңды қарашы, ештеңе етпейді тыйылады, қазір-қазір... — деп ұялыңқырай күбірлеп өбектейді. От алуы дұрыс болмаған екен. Қазір бәрін де жөндеймін!
Қайыр екпіндеп тартқанда мотор от алды.

—Айналайын-ай, еркексің ғой өзің, жігіт екенсің гой!
Қайырдың кескіні ду ете қалды. Мәлике қайталап қан түкіріп тұр.
— Аузыңда әлі қан бар. Үйге барып дем ал, мен жүрейін сен үшін.
—Жоқ, өзім жүремін!
Қақалып-шашалған ескі қа шау доңғалақты трактор көп тоқтады. Аттаған сайын бір тетігі істемей әурелеп-ақ бақты. Күндегісі осы бұл шіркіннің. Трактор сөйітті екен деп жаси қалған Мәлике жоқ, білезікті қолдарымен рулден тас табандап ұстап кейінге жалтақтай қарайды. Селеулі қатты қыртыс аударылып, жап-жасыл далада қара таспа жыртынды қалды. Замандар бойы адам қолытимеген тұмса жер күнге ынтыға ұмтылып құлашын кең жайыпты.
Қайыр Мәликені шығарып салып, еңкейіп қалған күннің астына қарай жағыз трактордың жылжып кетіп бара жатқанына қарап көп тұрды. Ауызынан қара кан ақса да, мойымайтын өжет кескін елестейді. Кір шалмайтын атпақ тістерінің текке сынып, кетіліп қалғаны өкінішті. Мәликеден басқа болса құдайды, басқарманы, соғысты қарғап, даланы шулатар еді. Аузына қаң жыйналған сайын өршелене түкіріп тастап, дағдысынша шапшаң шымыр қыймылдап жұмысқа құлшына кіріскенін қайтерсің!
Қып-қызыл күн орман төбесіне иегін сүйеп аз тұрды да, төмен түсіп бара жатты. Күн сәулесі жұлықтаған ақша бұлттар жарқырап нұрланып тұр. Сайқылға бозғылт шық үйірілді. Алыста сонау шиелі жақта трактор гүрілі естіледі. Шалқардың арғы бетінде Бағила мен Салималар да жер жыртып жүр. Бригадир маңдай терін сүртті. Кенет біреу көзін баса қойды. Жұп-жұмсақ алақан көз шарасын қысып, басын бұлтартар емес. Сабын мен әтір исі мұрнына келеді. Саусақтарын ұстап көріп:
— Зүбирасың ғой, жібер енді жібер дейім! — деп жалына бастады.
— Сүйген қызыңды айт, әйтпесе босатпаймын! — деді сықылықтап. Қайыр әбден саскалақтады. — Кім деймін, кім? — деп Зүбира көздерін қыса түсті.
— Ешкімде емес, жіберші!
Зүбира күліп отыра кетті.
— Келсейші, дем алайық жұмыстың шеті-шегі болмай кетті. Шалқардың бергі даласын саржандап шықтым. Аяғым тағып, әбден боллырып қалғаным. Адыра қалғыр бұл соғысы қашан бітеп екен өзі?
Қайыр күлді.
— Сеніңше қалай, өзге жұрт шаршамай жүр дейсін бе? Қарашы, көлік соқалары әлі тоқтаған жоқ. Таң біліне кірісіп еді. Жылдай күнді аяқ суытуға уақыт таппаған адамдардың халі нешік? деді алакеугімде іркес-тіркес дөң асып бара жатқан көліктерді нұсқап.
—Жұрттай сірі жанды емеспін. Көп жүрсем тізелерім талады, — деп Зүбираторғын көйлегінің етегін желпіп тастады. Әтір мен тер сіңген қамшат беркін шешіп, ұзын қоңыр бұрымын желкесіне орағыштады. Қара көлеңкеде кескіні әлгінде ғана батып кеткен күндей дөңгеленіп нұрланып тұрды. Көктем әуеніне мас даланы күңгірт іңір басты. Тракторлар үй гуіліне саздағы құрбақалардың шуы қосылып ың-жың. Жарықтар ақырын жылжып дөңнен әрі асып түсті. Жап-жақыннан бөдене шақырды. Зүбира тым жеңілденіп кеттім бе деп беті дуылдап қоя берді. Киіктің асығындай сүп-сүйкімді жас жігіттің селт етпейтін маубастығына таңданып үнсіз отыр. Зүбира күрсінді. Етженді денесін жігітке қарай бұрып, денсаулық пен балғын жастықтың белгісіндей жұп-жұмыр аппақ саусақтарын қара майлы қолдардың үстіне қойды. Аты жоқ сауса ғында лағыл тас орнатқан алтын жүзігі көз тартады. Жұп-жұмсақ ыл-ыстық алақаңдары жүрегін қытықта-ғандай еді.
— Қайыр деймін, сен өміріңде біреуді сүйіп көрдің бе? — деп жақындаңқырай түсті.
— Жоқ, ешкімді де!..
— Ешкімді де деймісін?


(Жалғасы бар).



Иманбаев З.-Ғ. Дала гүлі: Повесть // Ленин туы.- 1976.- 1 қазан.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий