Бұлақ. Әңгіме

17 января 2024 - Administrator

  ТҮНГІ мәжіліс кеш тарқап, аз ұйықтаса да Мырзабек сергек оянды. Қаумалаған ағайынның ықыласы ма, қайта бір еске алынып, бірнеше рет шырқалған жастық шақтың сезімтал әндері ме, құрдастарының қалжыңды естеліктері ме— әйтеуір, арқасы кеңіп, көңілі сергіп кеткендей. «Мырзаш» дейтін құрбы қыздар ауылда қалмапты, әркім өз жөнімен өмір соқпақтарына қадам басқан. Оның есесіне «Мырзажан» деп еркелететін жеңгелері мұны әлі де балаша қолпаштайтын қалыптарынан танбаған екен. Сол себепті де болар. «Жеңеше-ау; мінезің сенің өзгеше-ай», —деп жүрек төрбер өлеңді соларға арнап тебірене отырып айтып беріп еді.
Кеше кешірек келіп, туған ауылды шолып үлгірмеген соң, бүгінгі уақытты бала күннің соқпақтарына жұмсап, сол жерлерді біраз кезбек. Ұйкыдағы жұртқа мазасыздың білдірмейін деп баяу басып, шеткі үйлерді қаусырып тұрған қайыңды орман ішіне қарай жүріп кетті.
Мырзабек осыдан бес жүз шақырымдай жердегі бір үлкен қалада қызметте. Елге келмегелі он бес жылдай болған. Бір кездерде оқу іздеп Алматы кеткен балаң жігіт бүгіндері қырыққа жетіп, басы қырауланған. Диплом қалтада, қызмегі ұнамды, семья берік. Ілгері озып ұшыртпаса да, кейіндеп те қалмай, бел ортада жортақтап келеді. Елден кеткенде оқу бітіргенде «биік мансапқа қолым ілеккенде бір-ақ соғармын-ау, дүрдиіп бір келермін-ау елге» деген ішкі есебі де жоқ еместі. Алайда мұның реті болған жоқ, жылдар болса жылжып өте берді. Жастық арын басылған сайын туған жерге деген сағыныш көңіл түкпірінен анда-санда қылаң беретінді шығарды. Меңдей түскен осы бір сезім ақыры осы жаздың кешегі күні Мырзабек «Жигулиің» осы ауылға жеткізіп тыныстатты.
Мұнда келістің тағы бір себебі — оның денсаулығы. Соңғы жылдары дәрігерлер Мырзабектің жүйкесінен болмашылау қылау тауып, емделу қажеттігін ескертіп жүретін. Биыл курортқа бару мүмкіндігін айтысқанда, бұл кенет шұғыл шешімге келіп, ойын былайша түйіндеп:
— Мен ауылға барамын,— деген.
— Ал курорт ше? — деп таңқалысқандарға:
— Май айының сары майын жеп, қымызын жұтсам таза ауасымен тыныстасам дертіме шипа болар деймін, —деп өз дәлелін ұсынды..
Сонымен Мырзабек туған жердің топырағын басып, бала кезде жалаңаяқ жүгіріп, даланың шөгірі табанына талай қадалған ағаш қойнауына да келіп тұр. Жеткіншек қиялдан өрбіптарап жататын ойынның сан талайын қыздырған түкпір-түкпірлер, қуыс-қойнаулар көңілде сайрап тұрды.
Міне, сан түрлі қимылмен, бір топ қайың алдынан шыға келді. Бір шоғыр боп қатарласа тұра қалғандай. «О, биші қайыңдар!» деп Мырзабек езу тартып жымиды. Тіпті әлдебір би әуені құлағына жетіп тұрғандай.
Үйіне келе ол машинасына от алдырды. Мұңың қауырт қимылын көрген жеңгесі:
— Мырзажан, шәй дайын болды ғой, — деді.
— Жеңеше, қазір... бұлаққа барып жуыньш келейін.
Жеңгесі таңырқаған кейіппен туріне сұстана қарап біраз тұрды:
— Бұлағы несі? Қайдағы бұлақ?!
— Басын қырдағы тастақтан алатын жалғыз қайың түбіндегі ше?
Жеңгесі тағы дүдәмал:
— Сол бұлақ бар-ау деп кім ойлаған. Бар болса, бар шығар, —деді де сиырды алқаға шығарып салмаққа шыбығын қолына алды.
Мырзабек болса ойына алған арманды бұлаққа машинасын бұра берді. Бүгін ол қайрылмасқа кетіп қалған балалық шаққа саяхат жасап жүргендей бір халде еді.
Бұлақ. Шапағатты көңілдің сәулесіндей мөлтілдеп аққан бал суы мұның алғашқы әдемі сезімдерінің куәгері еді-ау.
...Бір топ бала өгіз жегіп, колхоз егінінің арамшөбін жұлуға баратын. Ауылдан шыға бергенде қиыр төсінде жалғыз өскен қайың бірден көзге; түседі. Неге екені белгісіз, бір балалар оны «жаман жалғыз қайың» деп атайтын да, үрейлене қарайтын. Мұның себебін сұрағанда:
— Ол жайсыз мекен. Оның жанынан да жүруге болмайды, түнеуге де болмайды. Түнде ібілістар ағаш тың түбіне от жағып, ойына келгенін істейді десетін. Тозығы жеткен бірішкеде Мырзабекпен қатарласып Райхан отырады. Ол дегенде Мырзабектің көңілі бөлек. Бірақ өзіне де түсікіксіз сол сезімді өрнектеп жеткізер сөзі жоқ. Ондай сөздер әлі оның тілдік қорына енбеген кезі ғой. Оның есесіне Мырзабектің ойына көре-тұра бір жойқын іс келді. Бригада басынан көштете оралып келе жатқанда ол кенеттен:
— Мен шайтаннан қорықпаймын! — деп Райханның құлағына сыбыр ете түсті. Состиып қарап қалған қызға.
—Нанбасаң түнде маған ерігі шық,—деді
Уәделескен уақытта екеуі түн жамылып ауыл шетіне шықты. Райхан да бір үйдің еркесі еді. Мынадай оқыс әрекет оны қызықтырып, желпіндіре түссе керек. «Жаман жалғыз қайыңға» қарай бет алып, Мырзабекке еріп келеді. Дегенмен тым жаңындап баруға жүрексінсе керек, кенет тартыншақтап тұра қалды:
— Осы да жетер, —деді.
Мана деуін деп қалғанмен, сөзден таю қиын, Қобалжып келе жатса да, қыз алдында қоқиланған Мырзабек:
—Тура өзіне барамыз, — деп қояды.
Райхан көнбеді.
— Ал, ендеше, — деді Мырзабек, —анау бұлдырап тұрған жалғыз қайың. От көріне ме, кәне?
— Жоқ...
— Шайтан салған дауыс біліне ме?
— Білмеймін...
— Жарайды, ендеше. Бүгін осымен доғарайық. Кейін тағы бірдеңе ойлап табармыз, — деді Мырзабек.
Ол өз ойындағы бір күдіктің үні өшкенін сезіп тұр: ағаш түбінде шайтан жаққан от та жоқ, көңілді демдеген күдіктің де ұшқыны қалмапты.
Келесі күні сол бірешкеде қатар сығылысқан балалар үрейлі қайыңның тұсынан өте бергенде, Мырзабек секіріп түсіп, әлгі ағашқа қарай жүгіре жөнелді.
— Маған қарап отыр, — деп Райханға сыбырлап үлгерген.
— «Ажалды бала молаға қарай жүгіреді», деуші еді атам. Мырзабекті шайтан азғырды, —деп қалды бір «білгіш».
Қалай десе, олай десін Мырзабек бұл уақытта «Жаман жалғыз қайыңға» жүгірген бойда жетіп түбіне отыра кетті, Сонсоң қайта атып тұрып, тастаққа шыкты да, балаларға қарай қолын бұлғады.
— Райха-ан, қорықпа... кел! —дейді.
— Ой Мырзаш, қаңдайсың өзіңі —деп көзія жарқ еткізгенде, бұдан бақытты жан болмас-ты.
— Міне, бұлақты көрсейші, бұлақты! — деп Райханның қолына уыстап су тосты.
Бір лап етіп, кейін тұтана алмай қалған балалық махаббаттың куәсі болған бұлақтың орны осы бір нәзік сырды еске салды.
Иә... Бұлақтың орны бар — өзі жоқ, тартылып қалыпты. Тастақ үгіліп, құм болған жалғыз қайың жекеліктен қалжырап, қартайған ба, әлде жай оты түскен бе екен морт сынып, бұлақтың қайнарын бітеген құмдақ тастарды баса құлапты.
Бірнеше сағат уақыт өтті. Білекті түріп жіберіп, Мырзабек терге малшынып қимылдауда. Ағаш сынықтарын шетке лақтырып, бөлшектенген тастарды жанжаққа ытқытып, құмдақ араласқан балшыққа үшкір күрегін кірш-кірш қадайды. Балалық арманының шоғын қайта үрлейін дегендей, асығыс қимылдайды. Бұлақтың тынып қалған бастауына жетпей тоқтамақ емес. «Суы құрып тартылуы мүмкін емес» деген бір сенім бойын меңдеп алған. Баяғыда өшкен махаббат оты қайта маздап, бұлақ көзі ашылса, жастық шағы қайта оралардай. Қазып жатыр, ұнғып, кеулеп бала кездегі шамаға өрлеп келеді. Әбден қалжырап, үміт оты сөне бастағанда күрек жүзі тиген бір жерден бірдеңе бүлк ете қалғандай, болды да, басыла қалды. Қайталай қадалғанда тағы бір бүлк етіп, күрек жүзі дымқылданды. Әлден уақыт та шым-шым етіп, су тамшылары білінгендей болды. Мырзабек бұлақ көзіне дейін әлі де әжептәуір бар екенін сезді. Соның өзінен қуаныш жүрегін кернеп, тынысы кеңіп сала берді. «Қой, елді көтеріп, орталықтан эксковатор алдырып, кеңірек қимыл жасау керек деген түйінге келді де, күректі бұлақ белгісі білінген жерге қалдырып, өзі ауылға зымырады. Ол кешке жетпей бұлақ суының ойнақтап ағатынына сеніп келеді қуанып келеді.

Ермек ҚОНАРБАЕВ.



Қонарбаев Е. Бұлақ. Әңгіме // Ленин туы.- 1976.- 16 қазан.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий