Құс – қаламгер

30 января 2024 - Administrator

  Шіркін, ақын-жазушылар көздің сұғын алатын кенен сұлу өңірінде өмірге келеді ғой. Биылғы тойы — 60 түгіл, 50-ін де көре алмай, өмірден ертерек өткен жазуиш Ермек Қонарбаевтың атамекені — Көктерек ауылы да осындай: оның кестелі жерін сурет дерсің! Мұндай табиғат дарынын дарытпай қоймайды, әрине.
Ол оқыған Ленин орта мектебіне де теңдес оқу орны ол кезде болған жоқ шығар. Одан кейін Алматыдағы ол кезде Абайдың есімімен аталатын педагогикалық институттың тарих-филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай тәмамдап шығады. Жас маманға мұғалімдік орын тие қоймады ма екен, ол бір жылдай сол кездегі кеңшар орталығы - Новопокровка селосында комсомол хатшысы қызметін атқарады.
Негізгі мамандығы бойынша өзі түлеп ұшқан Ленин орта мектебіне орналасып, мұғалімдікке кіріскені — 1961 жыл. Сонда 23 жаста ғана екен-ау. Ал маған — сол мектепте 8 сыныпта оқып жүрген оқушыға — ол үлкен кісі болып көрінетін. (Ол кезде мұғалім мен оқушының арасы жер мен көктей болатын).
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ берген оның жаратылысы жұмбақтау еді. Басы артық, бір сөзін естіген емеспіз. Ілуде бір мұғалімге ғана бітетін сүйкімді дауыс. Ал кескін-келбеті сурет сияқты: көзі де, мұрны да — бір мүшесінде бір мін жоқ! Оның үстіне киімді де келістіріп киетін. Велюр костюмінің немесе нарт қызыл көйлегінің маталары өз алдында, алдымен бояулары қанық-ты. Міне, осындай киім киісінен, бір тал шашы қозғалмайтын байсалды жүріс-тұрысынан айнымаған адам. Ішкі сезімін сыртқа шғармайтын оның бетәлпетінен де бірдеңені ағару қиын-ды.
Ленин орта мектебінде әдебиетке, оның ішінде, әсіресе, өлеңге деген қошаметті қалыптастырған ұстаздардың бірі, әрине, Ерекең еді. Мәселен, әдебиет үйірмесінің мушелері болып табылатын біздің төбелеріміз көрінгенде-ақ, мектептің дәлізінде тұрған ығы-жығы оқушылар ақ жарылып жол беретін. Біздің тырнақалды туындыларымызды сол жылы «Ленин туы» газетіне жариялатып, тұсауымызды кескеніне іштей болмаса, ауызба-ауыз алғысымызды да айта алжадық, әттең...
Әдебиет әлеміне өлеңнен басталатын сапар оған да етене-тән болыпты. Әсіресе, студент кезінде жазған өлеңдері көп-ақ, «Тартады бір күш» деген бір өлеңін ғана мысалға келтіре кетейін: «Сағынбайын десем де
Көңіл шіркін қоймайды.
Жүрек былай тыпыршып,
Тынымсыз елді ойлайды.

Тағы бір күн, бір-ақ күн
Болсам деймін ауылда.
Келсе екен деп тезірек
Қайтатын кез ауылға.

Тартады бір күш сол жақтан
Әлде қыздың көзі ме?
Қымсына күліп, қол созып,
«Кош бол!» деген сөзі ме?»
Қарапайым сюжетке құрылған құлатәбел өлең. Есесіне осы өлеңде Европа поэзиясының сарыны бар.
Енді оның студент кезінде жазған прозалық шығармаларына көз салып, салыстырып көрейік. Мәселен, «Шылым» деген әңгімесінің қолжазбасы, міне, менің алдымда жатыр. Мына кереметті қараңыз: міне, осы қолжазба 1957 жылы емес, 1977 жылы жазылған деуге болғандай. Неге десеңіз, оның өмірінің соңғы 16 жылында талай-талайы менің де қолымнан өткен қолжазбаларынан титтей де айырмашылығы жоқ. Ширек ғасыр бойы қалай жазса, салған беттен солай жазғаны қайран қалдырмай қоймайды. Төркез дәптердің парақтары мен жасыл сия сол кездің өзінде қалағаны екен. Ғажап! Колтаңбасы да сол қалпында. Стилінің де бірден қалыптасқанына көзіңіз жетеді. Мен өзім мынадай тұжырымға келдім: болашақ щаламгердің өзі де, сөзі де ерте бастан және де бірден қалыптасады екен ғой.
Поэзия мен прозаның екі тізгінін тең ұстау мүмкін емес. Ерекеңнің оң жамбасына келгені — проза. Алғашқы прозалық шығармасы студент кезінің өзінде «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарияланды. Болашақ жазушының стилін жақтырмау мүмкін емес еді. Жасандылықтан ала әзіл, желі болып тартылған диалогтар....Әрісі — Чехов, берісі — Бейімбет Майлин аузына түкіргендей.
Нақ осы стилінен ол өле-өлгенше жаңылған жоқ. Ал ол сияқты жазатын басқа жазушы, меніңше, жоқ. «Жоқ» дейтінім, біріншіден, туа бітті әзілі бар жазушылар жоқтың қасы. Екіншіден, диаологқа бара бермейтініміз және рас. Қазақ әдебиетіндегі, міне, осы екі олқылықтың орнын толтыра бастаған Ерекеңнің орны толмай тұрғаны да содан.
Ол, әсіресе, «юмореска» деп аталған шағын жанрдың орнығуына мол үлес қосты. Осы салада әдебиетімізге салған олжасы да бар. Ол — Далбай деп аталатын кейіпкер. Бейімбеттің Мырқымбайын білсеңіз, дәл соның сыңары. Әттең, оны Мырқымбайдың деңгейіне жеткізуге ғұмыр шіркін жетпей қалды қой.
Басқа мектепке ауысқан, одан кейін институтта оқыған мен араға жеті жыл салып, Ерекеңмен қайтадан қауыштым. Ол — автор, мен — «Ленин туы» газетінің қызметкері ретінде. Ұстазым өзгермепті. Аршылған жұмыртқадай баяғы Ерекең. Амандық сұрасқаннан басқа, «Кұтты болсыннан» басқа артық сөзге бармады. Сөзге сараң екеуміз бір-бірімізге деген ілтипатымызды іштей білдірдік, әрине.
Ақындар әр өлеңін сәбиіне балаушы елі, ал Ерекең өлеңін көкала үйрекке теңеген Кемпірбайға ұқсап, әр кітабын жүрегінен ұшырған құстардай көріпгі. Сөйткен оның «Түнгі от» деп аталатын алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. Көңілдің нәзік қылын шертетін лирикалық және табиғи әзілмен тұздықталған қағытпасы бар әңгімелерден құралған кітабына менің жазған рецензиям осы газетте басылды. 1977 жылы екінші кітабы — «Жол басы» қолға тиді.
«Кәкімбек ағаға ұсындым
Жүректен ұшырған құсымды»,
— деп «Жезкиіктің» авторына берген оның қолтаңбасының мәтіні де маған мәлім. «Тиек» деп аталатын үшінші кітабын да «Жалын» баспасы 1980 жылы шығарды-ау, әйтеуір. Сөйтіп, ол көзі тірісінде үш құсын жүрегінен ұшырды. Төртіншісін — «Қас қағым сәт» кітабын — көре алмады: қайтыс болған соң шыкты.
Онын кейіпкерлері мен сияқты адамдарға тіптен ыстық әрі қымбат. Өйткені олардын дені тап басып, танитындай дәрежеде кескінделген. Ленин ауылының адамдары: мектеп директоры, марқұм Шияп Садыков та, фельдшер Карл Бельгер де, Көктеректің адамдары: «Туған жердегі» сақау жігіт те, басқалары да — бәрі де қымбат бейнелер. Әсіресе, Ленин ауылының небір тұрғынының кескіндері мен мінездері көз алдыңа келеді. Пушкиннің шалдуар кейіпкерлерінен кем емес, олардың жиынтық образдары әлі талай оқырманға езу тартқыза беруге тиіс.
Кез келген жазушы өз өмірін жазбай отыра алмаған. Бұл кісі де солай. Мәселен, «Сәулең сөнбесін» әңгімесін алыңыз немесе «Қайрақ» хикаятына қараңыз. Онда оның өмірбаянын оқып шыққандай әсер аласыз. Жазушыны білгіңіз келсе, жазғандарын оқып шығыңыз. (Бұл, бәлкім, менің сөзім емес те шығар, бірақ қисыны келіп тұрғаны осы).
Ерекең 1984 жылы қайтыс болды. Мен оны 16 жыл ішінде ай сайын болмағанмен, тоқсан сайын көріп, көңілге тоқ санап жүрдім. Тіршілігінің нуктесі қойылған 46 жасында ол маған 8 сыныпта сабақ берген 23 жасындағы кезінің сәл-пәл ғана үлкейтілген көшірмесі еді. Шашына — ақ, бетіне — әжім түсірмеді. Опалап қойғандай аппақ беті шүберектей оңған жоқ. Киімнің сәнін де сақтай білді. Сырбаздығын және жоғалтқан жоқ.
Иә, ол көзі тірісінде үш құсын қанат қақтырды. Енді ойлап отырсам: оның өзі де ақиык бүркітке ұқсайтын еді-ау...

Болат ҚОЖАХМЕТОВ.
СУРШТЕ: Е. Қонарбаев пен зайыбы Мәйкен (1967 жыл).


Қожахметов Б. Құс – қаламгер // Солтүстік Қазақстан.-1998.-24.- маусым.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий