Әкем жайлы естелік
"Әке - асқар тау" демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше. Әке дегенде нұрлы жанарымен мейірлене қарап, "айналайын" деп елжіреп тұратын аяулы тұлға көз алдыма келеді.
Біз ата-анамыздың отбасысында он бала тәлім-тәрбие алдық. Ес білгелі әкеміз жазуға отырғанда бөгет болмай, аса сыйластықпен тыныштық сақтайтынбыз. Ол кісі кейде күбірлеп, сөз құрастырып отыратын немесе жазғандарын үстінен жөндеп, үнемі ой еңбегімен айналысатын. Ондайда айналадағы тіршілік бір сәт тоқтап қалғандай, өз ойымен өзі әлек болатын еді. Бұл - менің бала кезімнен көз алдымнан кетпейтін көрініс.
Әкем газет-журналдарды, балалар кітаптарын пошта арқылы көп алғызатын. Әріп білмейтініміз сурет қарап, мектепте оқитындарымыз кішілерге ертегілер мен тақпақтар оқып беруші едік. "Ұяда не көрсең, ұшқанда оны ілесің" демекші, біз қағаз бен қаламға қызығып өстік. Мен кішкене кезімде: "Әке, қалай жазушы болуға болады?"-деп жиі мазалаушы едім.
Мен ақыры әке жолын қуып, көп жыл бойы журналистика саласында қызмет етіп келемін.
Бала кезден есімде ерекше сақталып қалғаны -жылма-жыл әкемнің кітаптары шығып тұратын. Ол кітаптың алғашқы данасы келгенде әкем жас баладай қуанып, ерекше күйге тусетік "Бұл да менің жаңа туған перзентім секілді ғой", - деп мұқабасын сипап, жадырап отыратын еді, жарық тық...
"Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" деп ұлы Абай айтқандай, әкем ең алғаш жерлестеріне өлең жазып "ақын бала" ретінде танылған қаламгер еді. Кейін "төрт ауыз өлең жолына көңілдегі көрікті ойды сыйғызу қиынырақ" деп, қарасөзге ауысқан көрінеді.
Әкем тағдыр талқысына түсіп, он жыл төсек тартып жатқанда өздігінен талпынудың арқасында көркем сөздің қыр-сырын танып, тұнып тұрған тұңғиық ойды қағаз бетіне түсіре беріпті.
Сейтіп, әкем көп бейнетінің зейнетін де көрді. 1959 жылы алғашқы "Бастама" деген кітабы жарық көрген кезде қарға адым жер мұң болған ауыр дертінен құлан-таза айығып қатарға қосылды. Оның алдындағы он жыл еңбектеніп жазған алғашқы кітабына көңілі толмай, қап-қалың жинағын жанып тұрған пешке жағып жібергенде анамның іші удай ашыса керек...
Әкемнің осындай жеңіске жеткеніне аяулы анам Кәмеш Байқасқызының да еңбегі өлшеусіз дегім келеді. Науқас адамды күту, үйдегі тірлік, колхоз жұмысы, өмірге келген перзенттің күтімі, келімді-кетімді қонақтарды күту - міне, осының бәрін жалғыз өзі атқарып, әкеме қамқоршы болған менің асыл анам еді-ау...
Жылт еткен дарынға жанашырлық керек. Әкем Зейнел-Ғабиға сол кездегі Солтүсгік Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы Ілияс Омаровтың көрсеткен қамқорлығында шек жоқ. Қолына қалам ұстаған жас талапкерге жол көрсетіп, кітабының жылма-жыл шығуына ағалық көмегін аямапты. "Тіптен, жас қаламгер шығыпты, танысайын", деп ауылға іздеп келіп, "Жазушының ас бөлмесі, кісі күтетің жазу жазатын, балалары тынығатын бөлмелері болуы керек" деп ағаштан қиғызып, кең сарайдай үй салғызып бергенінің өзі керемет кісілік емес пе?! Ал жазушы Асқар Лекеровтің де әкеме жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Алматыға келген сайын үйіне түсіріп, жинағына редактор болып, жазусызудың қыр-сырын үйреткен де сол кісі. Ал жерлес жазушы ағаларымыз Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және Сафуан Шаймерденовтің әкеме жасаған қамқорлықтары ауыз толтырып айтарлықтай екені сөзсіз.
Әкем өзінің қойындәптеріне: "Ұлы Абайдың ұлағатты сөздері бойыма ерекше күш берді. Бұл күш менің қалам алып, ой тербеуіме себепші болды. Менің әдебиетке деген құштарлығым осыдан басталған", - деп жазған екек. Небары жеті сыныптық біліммен он жеті кітап жазып, республика жұртшылығына танымал болу екінің бірінің қолынан келер ме екен?!
Әкем өмірінің көп уақытын балалар әдебиетіне арнап, мерзімді баспасөзде үнемі жариялап отырды. Көзі жұмылғанша қаламы қолынан түспей, үнемі ізденіс үстінде қажырлы еңбек етті.
Әкемнің жазған шығармаларының тақырыбы өз ауылымыздың тыныс-тіршілігінен құралады. Ауылдағы еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін жазушы шығармасының арқауы десе де болғандай.
Өзі дүниеден өткеннен кейін "Жалын" баспасынан "Солмайтын гүл" атты жинағы жарық көрді. Кітаптың эпилогындағы "Айнымас серігім, балаларымның анасы Кәмеш Байқасқызына" деген арнаудан-ақ повестің өз өмірі жайлы сыр шертетіні оңай байқалады. Өз қаламдастарынан жырақ тұрған ауыл жазушысы пікір тапастырып, ойын алқалы ортаға сала алмайтындықтаң үнемі анаммен ақылдасып, жазған дүниелерін оқып беретін.
Әкөміз өз өмірінде дүниеге қызықпаған жан еді. Абай атамыздың "Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан" деген өлең жолдарын қағида етіп айтып отыратын. 1974 жылы оның 50 жасқа толған мерейтойы болып, аудан басшылары совхоз орталығынан үй берді. Ортақкөл ауылынан сонда көштік. Ал жаңа қоныстағы көршілеріміздің арасында: "Зейнел-Ғабидың бар жинағаны - бір машина кітап қана ма?" -деп күліскендер де болыпты. Кітаптың рухани құндылығын қайдан білсің пәтшағарлар?!.
Ата-анамыз бізді өнер-білімге тәрбиеледі. Менің әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті атануыма бірден-бір себепші болған аяулы әкем еді.
Әкем Ақан сері, Біржан сал, Мәди мен Естай әндерін домбырамен сүйемелдеп, қоңыр дауыспен нақышына келтіріп орындайтын. Анам да Әсеттің "Інжу-маржаны" мен Ақан серінің "Қараторғайын" салғанда тыңдаушысын дән риза ететік
Әкем жазуға отырарда шертпе күйді тыңдағанды ұнататык Әсіресе, Тәттімбет, Әшімтай, Тоқа, Сүгір және Төлеген Момбековтың күйлерін тебірене тыңдап, шабыт шақыратын.
Мен тұрмысқа шығып, домбырамды қолға алмай кеткен кезімде әкемнен хат келіпті. "Алтынжаң өнерің қап түбінде қалып қоймасың ол сенің өнерге жасаған қиянатың болады. Өзің талаптанып, талпынбасаң болмайды, алмас қылыш қын түбінде жатпайды, көрін, өнеріңді дамыт!" -деген екен Әке сөзі қамшы болып, мен сол кезде Қазақ радиосына біраз әнімді жаздырып едім. Әкем өмірден өтерден бір ай бұрын Қазақ телерадиосынан менің концертім берілді. Оны ауылдағы әкем көріп отырып, көз жасына ерік беріпті. Қуанғаны ғой деп ойладым кейін Әкем соңғы хатында: "Сенің концертіңді көріп, төбем көкке жетті ғой. Осылай көрініп жүрсейші, әуелі ел-жұртың қуанады ғой", - дөгені әлі есімде.
Әкемнің ақыл-кеңесі телегей-теңіз еді. Әсіресе, Жүсекеңе шәкірт болып, кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқығанымда маған көп үміт артты. Өз ісінің жалғасы бар деп қуанды. Балаларының бойында қандай қабілет барын кішкентай көзінен тани білген әкеміз бізді сан-салалы мамандыққа баулыды.
Мен әкемнің таңдамалы жинағын ол кісі қайтыс болғаннан кейін, 1987 жылы дайындап, "Жазушы" баспасына ұсынғанмын. Әкемнің еңбектеріне қамқорлық жасау мақсатында ұйымдастырылған алқаның төрағасы жерлес жазушы Сафуан Шаймерденов болып, осы кітаптың шығуына атсалысқан. Сафуан аға тіпті баспаға менімен бірге барып, директорына жолығып, кітаптың жоспарға енуіне мұрындық болған. Әйтсе де сегіз жыл баспада жата берген соң жоғалып кетер деген қорқынышпен қолжазбаны үйге әкеліп қойғанмын.
2010 жылы Байланыс және ақпарат министрлігі арқылы, онда да жерлес жазушы Ербол Шаймерденовтің қамқорлығымен кезектен тыс әкем Зейнел-Ғаби Иманбаевтың "Қос қайың" атты 40 баспатабақтан тұратын әңгімелер мен повестерін "Қазақпарат" баспасынан шығардық. Енді Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен "Дала хикаялары" атты екітомдық жинағын оқырманға ұсынып отырмыз.
Бұл жинақтың бірінші бөлімі балалар тақырыбына арналған. Бала тілімен қызықтыра, мөлдірете жазуға машықтанған жазушы бүлдіршіндер өмірін жаза отырып, жас ұрпақты көркем сөзбен жақсылыққа, еңбекке, шыншылдыққа тәрбиелей білген жан еді. Балаларға арналған мысал әңгімелері мен табиғат аясындағы аңшылық жайлы жазған дүниелері өте әсерлі. Аңшылық кәсіптің қыр-сыры, ормандағы аң-құстың сырын бір кісідей ұғып, ақ қағазға түсіре білген шебер суреткердің қолынан шыққан туындылар тартымдылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл бөлімде ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі, ерен еңбегі жайлы көлемді әңгімелер топтасқан.
Жинақтың бірінші бөлімінде жеңіл юмормен жазылған, ауыр сарказмге бармайтын бірнеше сатиралық туындылары да бар. Езу тартқызатын татымды дүниелерін оқи отырып, жазушының қай тақырыпты болсың, терең зерттеп жазған білімдар адам екенін байқау қиын емес.
Жинақтың екінші бөліуннде ауыл тынысын суреттейтің еңбек адамдарының жетістіктері жайлы толғайтын деректі әңгімелері мен төрт повесі жинақталған.
Әкемнің көзі тірісінде жарық көрген он жеті кітабындағы ең мықты дүниелері осы жинаққа топтастырылып, оның туғанына 90 жыл толуына орай мемлекеттік тапсырыспен шығаруға дайындалды.
Қазақ сатирасының тарланы Қажытай Ілиясов кезінде әкемнің шығармаларына мынадай баға берген: "Зекең стилист жазушы болатын. Сөйлем құрауда қысқа да нұсқа жазуды кәсіп еткен жан еді. "Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты" дегендей, бәз біреулердей көркем сөзді біледі екем деп, орынсыз бояй бермейтін. Өз жазғанына сақ қарайтын жазушы еді. Ол кісі маңайына сыйлы, абыройлы болған екен. Әдемі сырбаз, жай жазушыларға қарағанда түсінігі терең, нәзік дүниенің сырын білетін жан екені жазған шығармаларында айқын аңғарылатык Зейнел-Ғаби Иманбаев қай тақырыпқа барса да біліп жазатындығынан оның интеллектуалды адам екендігі анық байқалатын".
Ал қазіргі балалар әдөбиетінің кенжелеп тұрған кезінде әкемнің жазған өр әңгімесі мен мысалы бала тәрбиесіне таптырмайтын құрал екені сөзсіз. Осы орайда "Жыл он екі ай" журналының бас редакторы Талғат Айтбайдың да әкемнің шығармашылығы жайлы: "Зейнел-Ғаби ағаның қаншама әңгімелері мектеп оқулықтарына енген. Оқулыққа ену үшін әдістемелік немесе ой салатың академиялық өлшемге келетін шығармалар жазу шеберлікті қажет етеді. Міне, жазушы осы жағдайды ерекше ескеріп, тұщымды дүниелер жаза білген. Оның сыры - ұрпақты мысал әңгімелермен, көркем дүниемен жақсылыққа, еңбекке, шыншылдыққа тәрбиелеу білу мақсатында көп ізденген жан.
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев шығармашылықты өз деңгейінде зерттеген. Сосын өзінің жазуына ұқыпты, жауапкершілікпен қараған.
Оқырманның жас ерекшелігін ескеріп, соны зерттеп, сезініп, оқырманның өресін екшеп, сенімді түрде жаза білген", - деп ағынан жарылған еді.
"Ажалды жеңген адам алтын аяқтан су ішеді" демекші, әйгілі Корчагинше өмір үшін күресіп, қиындықты көп бейнетпен, талмай ізденумен жеңген әкемнің қайраттылығы мен өмірсүйгіштігі - біз үшін үлгі-өнеге.
Өз ауылыннн алысқа ұзамай, туған жерге алтын қазық болып қадалған, туған табиғатының аясында табиғаттың тылсымын зерттеп, ауыл адамдарының тыныс-тіршілігін таспаға түсірген әкем Ортақкел мен Баян ауылдарының шежіресін жазған тарихшы десе де болғандай. Мен әкемді осындай мәрттігі үшін құрметтеймін, елін сүйген отансүйгіш жан ретінде танимын.
Егер Алматыдағы шығармашылық ортада жүрген болса, әкемнің үлкен романдар жазуға да күш-қайраты жетер еді. Алайда, ауыл өмірінің сырын жазу әкемдей қаламгерге парыз болғанын шығармаларын оқып отырғанда түсінемін. Әкем осылай өмір сүруі керек еді, бәрінің осылай болуын Алла тағала нәсіп еткен екен. "Жазмыштан озмыш жоқ" деген рас-ау...
Қызылжар өңіріндегі орыс аралас елді мекенде тұруына байланысты әкеміз: "Кітаптарым орыс тілінде шықса, жерлестерім менің не жазғаныммен таныс болар еді", - деп те армандаушы еді. Соған орай алдағы уақытта оның асыл мұрасын орыс тіліне аударып шығарсақ деген жоспарымыз да бар.
Иманбаева А. Әкем жайлы естелік // Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 1 қантар. - 5 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |