Әке аманаты: Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев – 80
«Әке — асқар тау» демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше.
Мен де әкем есіме түскен кезде қатты тебіреніп кетемін
Әке дегенде нұрлы жанарымен мейірлене қарап, «айналайын» деп елжіреп тұратын аяулы тұлға көз алдыма келеді...
Біз ата-анамыздың отбасында он бала тәлім-тәрбие алдық. Әкеміз жазумен айналысып жатқанда, аса сыйластықпен бөгет болмауға тырысатынбыз. Ол кісі кейде күбірлеп, сөз құрастырып отыратын немесе жазғандарын үстмен жөндеп үнемі ой еңбегімен айналысатын.
Ондайда айналадағы тіршілік бір сәт тоқтап қалғандай, бар ықыласы ақ қағазда, өз ойымен болатын. Бұл мен ес бігелі көз алдымнан кетпейтін көрініс. Жасынан өлең-жырға құмартып, ұлы жазушылардың шығармаларын өздігінен оқи отырып, ой елегінен өткізген де біздің әкеміз. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай атамыз айтқандай, соғас кезінде жазған біраз шығармалары поэзия жанрында екен.
Кейін он жыл төсек тартып жатқанда үнемі ізденістің арқасында алғашқы кітабын жазып бітіріп, сын көзбен қарап, жанып жатқан отқа тастағанын да апам айтып отыратын.
Көп жылғы тер төгудің арқасында 1959 жылы әкем Зейнел-Ғабидың «Бастама» атты кітабы жарық көреді.
Әрине, шығармашылықпен айналысқан адамға қанаттану керек, талантын ашатын қамқор адамның болуы да қажет деп ойлаймын. Әкемнің бірден-бір қолдаушысы сол кездеп Солтүстік Қазақстан облысының обком хатшысы Ілияс Омаров ағамыз еді. Ол кісі жаңадан қалам тартып, облыстық, республикалық газетке мақала, қысқа әңгіме жазып жүрген талантты жастың барын естіп, әдейі іздеп келеді. Әкеме көп қамқорлық жасайды. Жылма-жыл кітабының шығуына атсалысады.
Жазушы ағамыз Асқар Лекеров те жас қаламгерге қамқоршы болған үлкен адамгеришілік иесі еді. Әкемнің кітабына редактор болумен қатар Алматыға келгенде үйіне түсіріп, жағдайын жасаған да Асқар ағамыз болатын.
Әкем Зейнел-Ғаби Иманбаев өзінің қойын дәптерінде: «Ұлы Абайдың ұлағатты сөздері мені жас кезімнен өз әсерімен шексіз рухтандырды. Ақынның, жалынды сөздері бойыма ерекше күш берді. Бұл күш менің қалам алыл, ой тербеуіме себепші болды. Менің әдебиетке деген құштарлығым осыдан басталған», — дейді.
Абай жырлары мен қара сөздерінен тәлім-тәрбие алыл, Антон Чехов пен Бейімбет Майлиннің шығармаларынан ойын қысқа да түсінікті жеткізуді үйренген. Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» шығармасынан өмірмен күресуді үйренген әкем өзін-өзі шыңдап, өздігінен оқудың арқасында артына сөз қалдырған жазушы.
Небары жеті кластық білімімен он жеті кітап жазып, республика жұртшылығына танымал болу екінің бірінің қолынан келер ме екен?.
Өмір бойы туған елінен, киелі топырақты Қызылжар өңірінен алыс кетпей, алтынқазық бола біген жазушынын қаламынан шыққан «Бастама», «Арлан», «Сырымбет», «Дала көктемі», «Кіреуке мерген», «Нажағайлы түнде», «Кішкене малшы», «Қаздар қайтқанда», «Ауыл түтіні», «Қыран түлеп». «Айналайын адамдар», «Солмайтын гүл», «Жас шыбықтар» және т.б. кітаптары келер ұрпаққа жетер асыл қазына.
Өмірінің көп уақытын балалар әдебиетіне арнап, мерзімді баспасөзде үнемі жариялап отыратын қажырлы жан көзі жұмылғанша қолынан қаламы түспей, үнемі ізденіс үстінде еңбек етті. Әкемнің жазған шығармаларының тақырыбы—өз ауылымыздың тыныс-тіршілігінен құралады.
Ауылдағы еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін жазушы шығармасының арқауы десе де болғандай.
Өзі дүниеден өткеннен кейін «Жалын» баспасынан «Солмайтын гүл» атты жинағы жарық көрді Кітаптың эпилогында «Айнымас серігім, балаларымның анасы — Кәмеш Байқасқызына» деген арнаудан-ақ повестің өз өмірі жайлы сыр шертетіні оңай байқалады. Өз қаламдастарынан жырақ тұрған ауыл жазушысы пікір таластырып, ойын ортаға сала алмайтындықтан үнемі анам Кәмешпен ақылдасып, жазған дүниелерін оқып беретін.
Шындығында да өз ісін жалғастыратын балалары, әдеби мұрасы бар әке өмірі солмайтын гүл тәрізді.
Әкеміз өмірінде дүниеге қызықпаған адам еді. Бәрімізді өнер-білімге құштар етіп тәрбиелей білді. Әкемнің жиі айтатыны Абай атамыздын «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсан, арқалан» деген жыр жолдары болатын.
Біз өнер-білімге құштар болып өстік Менің әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болуыма да бірден-бір себепші болған аяулы әкем еді.
Ол кісі Ақан сері, Мәди, Естай және Біржан сал әндерін домбыраға қосып, қоңыр дауыспен толғана орындайтын. Әсіресе, шертпе күйден Тәтімбет, Тоқа, Сүгір және Төлеген Момбековтың күйлерін ерекше ықыласпен тыңдайтын. Тыңдай отырып шабыттанатын.
Қазақ әдебиетіне теңіздің тамшысындай болсын үлес қосқан әкем Зейнел-Габи Иманбаев пайғамбар жасында дүниеден өтті. Тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді. Біз тағдыр ісіне араша түсе алмадық.
Мен әке аманатын арқалап жүрген бір перзентімін Әкем көзі тірісінде «екі томдық таңдамалы кітабым шықса» деп армандайтын. Егер көмектесем деген адам болса, осы жинағын жарыққа шығарсам деймін.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді»—деп дана халқымыз айтқандай, әкем әдебиет әлемінде халқымен бірге жасайды, әке арманы орындалады деген сенімдемін.
Иманбаева А. Әке аманаты: Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев – 80 // Қазақ әдебиеті.- 2004.- 8 қазан.- 11 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |