«Кіреуке мерген» Кітап әлемінде
Жерлес жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев балаларға тағы бір базарлық ұсынып, жас оқырмандарын қуантып отыр. Жақында «Жазушы» баспасы оның «Кіреуке мерген» атты жаңа жинағын жарыққа шағарды. Бұл — жазушының балаларға арналған әңгімелерінің топтамасы.
Бала көқілі романтикалық хикаяларға қашаннан құштар-ақ. Әсіресе, ну орман құшағының тылсым сырлары, аңшылық сонарының шырғалаңдары, таусылмас шырдай тамсандырады оларды. 3. Иманбаев жас оқыр манның осы ынтызар ықыла сын дөп басып, жаңа жинағында негізінең табиғат тамашаларын, аңшылық әңгімелерін көркемсөз өрнегіне өреді. Кітаптың бас арқауы іспетті көлемді дүниелік «Кіреуке мерген» әңгімесі.
Орман күзетшісі Кіреуке мерген жұбайы Жамалмен жалғыз үй қалыңіну ортасында тұрып жатады. Оның аңшьшық өмірінің хикаялары қандай қызық десеңізші. Жазушы сол мол әңгіменің біреуін ғана домбыраның төменгі шегінде шертілген қоңыр күйдей күмбірлетіп әсем сазбен сұхбаттап береді. Кіреуке мерген қасқырдың бөлтірігін күшік күнінен асырап арлан етіп өсіген еді. Оның атын Құйын қойды. Кұйын мен Құтжолы шынайы жеткізеді. Кіреуке мерген Құйынды қаншама мәпелеп өсіріп, оны аңға қосып, тіпті қасқыр алдырып, әбден ұятәл етіп үйреткенімен бөлтірік орманға қарап ұлуын ұмытпайды. Құйынның бүкіл жүріс-тұрысы, қылық-мінезі жаттығынан жаңылмаған. Ақыры күндердің күнінде қанына сіңген тағылық қасиетінен танбай Құйын өзінің түздегі тобырын табады.
Кіреуке мерген қыстың қақаған күнінде орман арасында баяғы өзінің Құйыны бастап, құтырына соқтыққан ұялы қасқырға кезігеді. Ажал аранына тап болған аңшы өзінің ескі жұртына— ормандағы үйіне қарай тартып, осында жан сақтайды. Әйтеуір аңшылық айламен топ қасқырды үйге қамап, қырып салады. Тек ең соңында ғана толқып тұрып мылтық кезеген Құйын өзін қапы түсіріп, аңшының алқымынан алады. Кіреуке мерген қасқырды қанжармен жайратып, бұл қысталаңнан да аман құтылады.
3. Имаңбаев әңгіме желісін қызғылықты етіп құра білген. Оқырман көңілі еле гізіп, соңғы сөйлемдерді оқы ғанша асығып отыратыны жақсы-ақ. Жазушы тілі де көркем де нәрлі. Табиғаттың келісті суреттері көңілге қонып, орман өмірінің тылсым лебің әкелгендей болады. Қаламгер аңшылық қаракетін жақсы білетіні сезіліп тұр. Мұндай әңгімелер балаларды табиғатты сүюге, баулып, орман қызықтарына, аңшылық шырғалаңдарына жетелейтіні анық.
Жинақтағы басқа әңгімелер де аңшылыққа, табиғатты қастерлеуге арналған. «Аққудың ажалы», «Аңшы келе жатыр», «Үміт пен құмарлық» сияқты әңгімелерде табиғаттың түрлі тамашалары қалам қуатымен көркем бейнесін тапқан. Бұларда жазушы жас, оқырмандарын аңғарымпаздыққа, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
«Кіреуке мерген» жинағындағы әңгімелердің осындай жылы сезімді әсерлерімен бірге кейбір әттеген-айларын атаған да орынды. 3. Иманбаев жекелеген шағын әңгімелерде оқиғаның композициялық желісін босаңсытып, солғындыққа бой алдырып алады. Тақырыптың тым ұсақтап кететін тұстары да бар. Әрине, мұндай бірлі-жарым ағаттықтар жазушының балаларға ұсынғаң базарлығы «Кіреуке мерген» жинағының бағасын төмендетпек емес.
Мұстафин Б. «Кіреуке мерген» Кітап әлемінде // Ленин туы.- 1973.- 11 желтоқсан.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |