Қасқа бие
Қырмандағы күзетіне Сейітбек мерзімінен бұрын келді. «Ол — пұлға қараған болсам да соның басында жүрейін, тырңыйып үйде жатңанда не бітірем. Дамыл-тыныс сағалайтын кез бе қазір?» — деп өзіне-өзі үгітші боп қояды.
Бос уақытында қара мойылдан қорап тоқитын кәсібі бар болатын, оған да қайырылған жоқ. «Қорап керек еді» деп қыңқылдаушылар көп болса да, оларға:
— Қазір мазаламай қоя тұрыңдар, мынау егінді соғып, тапсыратын жеріне тапсырып болып, арңа кеңісін. Сосын бәріңе де қорап болады, — деп тоқтатқан.
— Шалдарсыз-аң жететін ғой жұрт, — деп қалжыңдамақ болғандарды шалдарға тән өктемдікпен:
— Не былшылдап тұрсың өзің, — деп қайтарып та тастады.
Оның үстіпе жұрттың жапыр-жұпыр қауырт қимылы да шалды елегзітпей қоймады. Ең аяғы, оқушы балалардан бастап күні-түні кезектесіп келін, кезекпен жұмыс істеуде. Бірі кетсе, бірі орнын басып, қара-құра бір үзілмейді. Осы қимылға бүйірі қызып алған Сейітбек бүгін ору басталғаннан бері үйде дамылдауды қойып алды. Түнгі кезегінен келісімен аз ғана көз шырымын алады да, қайтадан таяды.
— Саған не жоқ осы шоштаңдап! Сенсіз дүнне қараң қалды дейсің бе? — дсп кемпірі бұрқылдап жүргепі.
Оған Сейітбек:
Үйбай-ау, бүкіл ауыл қотарылып барып жатканда сөз емес сөзді айттың-ау өзің, — десе:
— Айтасың-ау бәтшағар, сенің бір бәшайыңа он сенетар жүгіргенде, мұндай науқанда ауыл қонарылмағанда қайтсын, — деп кемпірі мұны қағытады.
Бұған айтар ештеңе таппай қалған Сейітбек құр жымиып күледі. Өйткені ара-тұра өсіре сөйлеу өзінің әдетінде бар. Жуырда ағаш қасқалап жатқанда, балтасы тайып кетіп, үлкен башайын шауып алған. Ауылдағы дәрігер елде жоқ боп қап, машинамен тура ауданға тартқан. Сондағы дәрігерлердің қамқорлығына, ептілігіне риза болған Сейітбек үйіне келген соң:
— Пай-пай, өздерінің өнерлісі-ай деймін. Бір бірісінің қолында саусақтай-саусақтай инесі бар он шақты сенетар жетіп келмесі бар ма. Әлгі уколдерін бәшәйыма сұқты-ай кеп, сұқты-ай кеп, — деп біраз жұртқа әңгіме қылған. Кемпірі соны тартып отыр алдына.
— Жас күнімде талай асауды жамбасқа ала беріп қайырып қалғанда, шыңғырып сұлай кетуші ед, — дегенін айтса мүлде қайтарары болмайтынын біледі де, Сейітбек аса көп үндемейді.
Сейітбек заңды сағатынан бастан күзетшілігін қабылдағанда, күн батып, алаң-елең қараңғылың баса бастаған. Бірер сағат суытуға қойылған электр моторы бықылдап, жарығын қайта жағып, мол қуатын таратып жатты. Тоқтың басы қараңғы бір дүниенің ортасында орналасқан сәулелі бір патшалық сияқты. Адамның үстіндегі қара қоңыр киіміне дейіп бозғылт тартады. Сейітбектің алып денесі зорайып, аң құба бурыл сақалды жүзі нұрланып, сәулеленіп көрінеді.
Кешкі кезекке кеңсе қызметкерлері келмекші де. Олардың алды көріне бастады. Бірінші боп бала жігіт Сайлау келді. Ол:
— Сәлеметсіз бе ата, — деп өте берін еді.
— Әй, мұнда кел! — деп Сейітбек қайырып алды, — сенің сәлемет деп бас изегенің не керек? Қолдас былай дұрыстап. Екі қолыңды ұсын... Е, солай. Ай, едірейме, сірә, ақ қабақ боласың-ау деймін. Болмас, болмас бала...
Ашудан ба, ұялғаннан бас шекесі жылтырап қызара қалғап Сайлау көп сөзге бармай, қырманды аралап кетті. Әлгіндей болмай қасқа биесіне жайдақ мінген Қайырлы көрінді. Биесінен түспей жатып:
— Ассалаумағалейкум, Сейіт аға! — деп даңғазалана нәштеп сәлем берді.
Биесінен түсіп, шарбаққа байлаған соң, елпеңдей басып, жортақтаған күйі қос қолдап сәлемдесті. Бір тал қылтанақ шықпаған көсе иегі майлап қойғандай жылт-жылт етеді. Кішкене қысың көзінің жиегі ғана күлімдеп, түкпірінде басқаша бір құпия қалтарыс жатқандай.
— Иә, шал, тыңбысыз, күйлі-қуаттымысыз? Тұрмыс қалай, көңілді ме? — деп жылтыңдап, қутыңдап, ішіп-жеп барады.
Мұнысына риза болған Сейіт қауқалақтап:
— Ә, жақсы, жақсы. Бәрекелді, — деп жатыр.
Сонсын Қайырлының қорбиған келбетіне таңырқай қарап алды да:
— Япыр-ау, мұнша қалың киіммен қалай жұмыс істемексің? — деп жаны аши сұрады. — Терлеп, барығасың ғой.
— Ә, уақасы жоқ. Терлей қалсам түн салқындау, тер қатады ғой деп киіп алдым.
— Ал енді осы жарты шақырым жерге ат мінгенің не, кәрі буын менен де шаршағыш, шалдыққыш болғаның ба?
— Атпен серуендеген де бір ғанибет емес пе, отағасы, кеңседе қағазға тесіле-тесіле шыдамың жұқарады. Осыидай ара-тұра мүмкіндікті пайдаланып қалмасаң болмайды. Жұмыстан қалжырап, енді қайтарда биеге міне сап, тепеңдей жөнелген де жаман емес-ау.
Осыны айтып, Қайырлы Сайлауды шақырып алды:
— Ал, інішек, екеуміз ыңғайлырақ жан қиналмайтын бір жұмыс тауып алайың. Анау «ВИМ»-ға барып, маңайын тазартып қужалай бер, мен мына биені оңаша бір жерге байлап келе қояйын. Арам қатқыр, әйтпесе, көрінген машинадан үркіп, шошаңдап тұрмайды.
Сайлау сөз қатпастап айтқанды орындауға тартты. Сыпырғышпен астық тазалағыш «ВИМ»-нің алқымына жпналған қалдықты сыпырып анадай жерге ысырып тастады. Етегі қобырап, шашылған бидайды ағаш күрекпен көтерді. Енді жұмысты бастай беруге болады.
Біраң әлгі Қайырлы әлі жоқ. Оны тосуға шыдамай рубильникке барды. Тығылып алқымдап тұрған электр тоғына еркіндік беріп, жұмысқа қосты да, өзі қимылдай бастады.
Қайырлы әлден уақытта оралды.
— Жүгенін үзін кетер ден биенің аяғын шідерлеп тастадым, — деп ақтала келді. Келісімен ол қара будақ шаңы мөл жақты Сайлауға тастады да, өзі жел жаққа шығып алды. Одан не бәрі жеті-сегіз жас үлкен болса да:
— Бізге қарағанда сен баласың ғой. Біздей болғанша не көрмеймін дейсің. Үйрепесің, — деп жұбатып та қойды.
Астық тазалағыштың кедір-бұдыр ұзын оңешіп үйілген астыққа сұлата көміп жібергенде, жоғары ытқып, тынымсыз өрлеген дән бес-алты метр жерге барып шашырап түседі.
Шаң-қауыз желмен жетіп, аулаққа қарай көшуде. Тазартылған бидай дөңіне бос машиналар келіп тұрып жатыр.
Қырманда жұмыс қызған сайын көңілдене түскен Сейітбек тыпым таппай аралап жүр.
— Қимылдаңдар, қарақтарым, қимылдаңдар! Астық көп, кей жерлері
қызып та жатыр. Бүгін түнде тағы да жиырма машина келмекші, — деп қояды.
Сайлауларға қарай келсе, Қайырлы жоқ, Сайлау жалғыз өзі.
— Өй, бала, серігің қайда?
— Ішім ауырды деп ана жаққа кетіп еді...
— Көжені көп ішіп жіберген гөй, — деп қалжыңдап күлді де Сеиітбек, — кәне екеулеп жіберейік ол келгенше.
Бос жатқап күректі алып, тегеурінді күшпен ақырын сырғып темір өңешке құйылып жатқан бидайды лықыта-лықыта есе бастады.
Қайырлы әлі жоқ.
— Бала, сен мына жаққа шық. Ауысып тұрмасаңдар, үнемі шаңның астыпда тұра беруге болмайды, қолқаңды ңауып қалады,—деп Сеиіт Сайлауды жел жаққа шығарды.
Бұлк-бүлк бықылдаған машина бидайды үздіксіз атқылауда.
— Ой, әлгіңді қарап келші барып, шұңқыр-мұңқырға түсіп кеткен шығар, — деді бір кезде Сейітбек.
Көп сөйлеспейтін Сайлау:
— Келер, — деді де жұмысын тоқтатпай қимылдай берді. Әлден уақытта маң-баң басқан Қайырлы көрінді. Сейітбектің:
— Кешіктің ғой, — дегеніне:
— Асығатын не бар. Былтырдан қалған жұмыс жоқ. Бізден соң тағы келеді біреулер. Осылай өзінен-өзі біте бермей ме жұмыс, — деп саса қоймайтын түр көрсетті.
— Ой, бала, қой, о не дегенін? Сені мақтап жүрсем өзі, — ден Сейітбек қиналып қалды.
— Секе-ау, жұрттың бәрі өстеді. Қайбір шын құлқымен келеді дейсіз. Жеті сағат қызметіңді атқарып, оның үстіне түнімен тықырлап жұмыс істеу қайбір жетіскендік дейсің. Жұрттың бәрінің өзінше қулығы бар.
— Тек! Жұртты айтпа! Озіңді айтсаң да, жұртты айтпа, — деп Сейітбек зілсіздеу зекіп тастады.
— Бірдей келген соң, бірдей қимылдау керек қөй, — деп Сайлау да бұрқ ете түсті.
Қайырлы сак-сақ күлді:
— Ой айналайын-ай, жассың ғөй, қайтейін. Ағыңнан жарыласың да тұрасың. Ештеңе етпес, өмір үйретеді әлі... Ал, мен қойдым, кәне жұмыс істейік, тұрмайық, бәрі өйын, бәрі қалжың ғөй.
— Е, бәсе, сөйдеші өзің. Мен шынымен ұрсайын деп тұр едім саған. Осы жұрттың ниетінде бір кемшілік жоқ. Әркім шамасынша қимылдап-ақ жүр. Еншалла, астық үкіметтің қоймасына бүлінбей, бұзылмай түссін де. Содан басқа тілек жоқ қазір.
Осыны айтып Сейітбек әрмап асты. «Адам шіркін қызық-ау, — деп ойланып келеді. — Бір көріс, бір таныс қалнында әжептеуір көрінеді. Ал жұғыса кетсең талай шикісі шыға келеді, бетке шыққан қызыл дақ сияқты... Өзін кішіпейіл жақсы бала ма деп жақын көруші ем, шыны ма бұл, өтірігі мс? Аңғарып байқа, кәне көрейін».
Осы бір ой бір келіп кетті де, лезде басыла қалды. Қырманға кіре бере оң жақта қайта-қайта қыза беретін сулы бар еді. Соған қарай келді Сойітбек. Әр тұстан қаз-қатар шаншулы тал таяқтарды суырып алып, ұстан көріп, басын шайқап қояды.
— Пай-пай-ай, қайнап барады ғой жарықтық. Қырман бастығына айтып ескертпесе болмас, аударыстыратын екен, — деп анадай жердегі есепші бөдкесіие аяңдай бергенде, таяу жерде пысқырынған жылқының даусы білінді.
— Бұл иеге мазасызданып тұр? Әлгі шалағай бала қалбалақтап жүргенде ұзын байлап, шылбырына оралып қалмасын. Көре кетейін, — деп әдейі бұрылды.
Келсе ондай қауіпті ештеңе жоқ, қасқа бие аппақ тазартылған сұлыны күрт-күрт шайнап асап тұр. Сейітбектің маиадан бергі күдігі қайтадан лан етті.
— Аһ, антұрған! Тыпыршып тынши алмай жүргенде, биенің шылбырына өзің оралып, шырмалып жүр екенсің ғой. Артында шұбатылғап арқан көрінбесе де, көзге шалынбас кішкене қылмен көңілің бұл жақта матаулы екен ғой. Мен ол қылды үзейін ендеше!
Ол ауыр деиесін ырғай көтеріп шарбақтан асып түсті де, биенің қасына келді.
Сейітбек енді көп ойланбай биені шешіп, жүгеніп түрді де, жонына таяқпен бір салып қоя берді. Сонсоң екпіндей басып Қайырлыға келді.
— Иә, бала, қалай, терлеген жоқсың ба? Тер қататын емес пе?
— Жұмыстың әдісін білсе, тер шығушы ма еді. Мәселе — әдістенуде ғой, -— деді Қайырлы.
— Солай де. Әдістену де. Биеге білдірмей сұлы салып қою да әдістің бір дәрежесі екен ғой. Бәсе, бәсе.
Бірақ Қайырлы бұған онша ыққан белгі берген жоқ.
— Қайтесің енді, күнкөріс. Жұрттың бәрінің істейтіні сол ғой.
Әйтпесе қайбір...
Сейітбек аяңтатпады:
— Өй, жұртты айтпа дедім ғой мен саған. Жұртты лағаттама, бар, ана қасқа биеңді тауып ал, биеңмен жоғал бірге!
Қайырлы:
— Ой, Секе, Секе, — деп бипаздап, Сейітбектің төсінен сипаламақшы болған адамдай жампаңдап жақындай беріп еді, Сейітбек:
— Тәйт әрі! — деп қалды.
Бұл арада енді тұра бергеннен жақсат болмасын білген. Қайырлы жылыса берді.
Ол кеткен соң Сайлау:
— Бәсе неге бұл сол жакка қайта-қайта жүгіре береді десем, сондай «іңгәсі» бар екен ғой, — деді. — Серікке жарытпай қойды-ау дәл бүгін.
— Жә, ондай серіктен өзіңнің көлеңкең артық. Ал жүргіз мынауыңды, өзіміз бір қимылдап көрейік, — деп Сейітбек Қайырлыдан қалған күректі алды да, қырманның о жақ, бұ жағып жіті шолып өтті.
Қою қараңғылықтың алыстау бір түкпірінен «құрау-құраулап» назаланған Қайырлының даусы талып бір жетті де үзілді.
Жұмыс қайта қызды.
Қонарбаев Е. Қасқа бие // Жұлдыз. – 1965.- № 1. – 73-76 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |