Ширек ғасырда еңсерілген істер
Халқымызда "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең" деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол кездер алынбайтын қамал секілді көрінген ауқымды жоспарларды еңсеріп, елімізбен құрдас мемлекеттердің көшін бастап тұрмыз.
Ширек ғасырда қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық салалары алға басты. Еліміздің басты байлығы — оның тұрғындары, сондықтан тәуелсіздік жылдарында халықтың денсаулығын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді. Еліміздің "2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Кешендік сипатқа ие бұл бағдарлама аясындағы жоспарлы шаралар саланың дамуына қарқын беріп, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында таңдап алынған бағыттың нәтижелігін және дұрыстығын дәлелдеді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін денсаулық сақтау нысандарының тыныс-тіршілігі қаншалықты ауыр жағдайда болғанын сол жылдарды көзі көргендер ұмытқан жоқ шығар. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашар, жаңа емхана-ауруханалар, дәрігерлер тапшы еді.
Бірақ ширек ғасыр ішінде осы аталған проблемалар еңсерілді. 2004 жылдан бастап облыста 27 емдеу мекемесі бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Ауыл тұрғындары шапағатын сезінген "100 аурухана, 100 мектеп" бағдарламасы аясында біздің өңірімізде заманауи 6 нысанның құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, "Денсаулық сақтау саласындағы 350 нысанның құрылысы" бағдарламасы бойынша 2 ғимарат бой көтерді және 6 медицина ұйымына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын денсаулық, сақтауды дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бұл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті. Облыс орталығындағы №2 қалалық ауруханада ашылған кардиология орталығының да бүгінгі күні өңір тұрғындары үшін пайдасы зор екенін мақтанышпен айтуға болады.
Алғашқы жылы онда 51 ота жасалған еді. Қазіргі таңда мұнда жұмыс істеп жатқан білікті дәрігерлердің көмегімен бір жылдың ішінде 900-ден астам ота жасалса, соның 250-ден артығы ашық жүрекке жүргізіледі. 2009 жылы ел қазынасынан бөлінген қаржыға орнатылған телемедициналық жүйе облыстық және 12 орталық аудандық аурухананы, денсаулық сақтау басқармасын қамтыды. Елімізде әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын сақтауды, ауруды ерте анықтауды, диспансерлік бақылауды және оларды сауықтыруды жақсарту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі шараларды жүзеге асырудамыз. Халықаралық талаптарға сай емдеу және диагностикалау хаттамалары жасалып, перинаталды технологиялар, медициналық-генетикалық зерттеулер тәжірибеге енгізілуде. Цитогенетикалық зертханада тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларды анықтау мақсатында скрининттер жүргізіледі.
№3 қалалық ауруханада 2011 жылы босану және 2015 жылы ЭКО бөлімшелері ашылды. Емдеу мекемесінің техникалық жарақтандыру жұмыстарына жұмсалған 139, 9 миллион теңге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінгенін де айтып өткен жөн. Хирургия қызметінің де белсенді дамуының нәтижесінде жаңа туған сәбидің даму ақауларын анықтау жақсарып, табысты жасалған оталардың саны артты. Жыл сайын тұрғындардың 40 пайыздан астамы скринингтік тексерулерден өтеді.Әсіресе, ауыл тұрғындарының медициналық көмекке зәру екені жасырын емес. Осы мақсатта көліктік медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Бүгінгі күні консультативті-диагностикалық көмек беру және скринингтік зерттеулер жүргізу үшін Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда осызаманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадасымен жасақталған жылжымалы медициналық кешен бар.
Бұл заманауи көліктерге қаржы жыл сайын мақсатты ағымдағы трансферттер түрінде ел қазынасынан беріледі. Былтыр бұл мақсатқа 40 миллион теңге бөлінді.
Үкімет қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде ғаламдық бюджет қағидаты бойынша қаржыландыру моделі енгізілді. Осылайша, барлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қоса есептегенде, сырқат үшін төлем қарастырылған. Жалпы бюджет 2015 жылы 2012 жылғы жағдайдан 1,1 есеге, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде 1,3 есеге артты.
Туберкулезбен ауыратындар үшін жаңа инновациялық зертханалық технологиялардың енгізілуі бірінші және екінші қатардағы препараттарды антибактериалды терапияда тиімді қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Облыстың бес емдеу мекемесінде тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек түріндегі қызметтер көрсетіледі. Былтыр осы қызмет түріне жұмсалған 800 миллион теңгенің көмегіне 1100-ден астам адам қол жеткізді.
Әрине, облыс орталығынан шалғайдағы ауыл тұрғындары білікті дәрігерлерге зәру. Сондықтан, оларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында облыста санитарлық авиация қызметі дамып келеді. Өткен жылы авиация дәрігерлері 642 мәрте ауылдық жерлерге шақырылып, 327 науқасқа көмек берді, 43 сырқатқа ота жасалды.
Денсаулық сақтау саласындағы заманауи әкімшілендіру әдісіне орай еңбекақы төлеудің жаңа қағидаты бойынша емделушінің қанағаттануына және бағдарланған сапалы емдеуге мән беріліп, дәрігерлерге дифференциалды жалақы төлеу енгізілді. Бүгінгі таңда еңбекақы қоры 2010 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.
Жыл сайын денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бүл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті.
Біздің елімізде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандарға көмек беру жалғасын тауып келеді. Оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамту 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Ал препараттарды беру көтерме саудамен айналысатын жеткізуші қызмет, қала емханалары жанындағы дәріхана пункттері және аудандық орталық ауруханалар нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі бағдарламасы енгізілді. Ақысыз препараттарды беру толық көлемде электронды рецепт бойынша жүргізіледі.
Облыс тұрғындарына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 1423 дәрігер және 4930 орта арнаулы білімді медицина мамандары қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда дәрігер мамандармен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 24,9-ды құрайды.
Медицина академиясының түлектерін облысымызға жұмысқа шақыру үшін бос орын жәрмеңкесіне қатысамыз. Өңірімізге қызмет істеуге келген мамандарға республикалық бюджеттен 70 АЕК көлемінде міндетті әлеуметтік пакет және жергілікті қазынадан 200 мың теңге, сондай-ақ, тұрғын үй алу үшін 630 АЕК әлеуметтік көмек төленеді. Ал баспанаға мұқтаж мамандардың барлығына ведомстволық пәтер немесе жалдамалы тұрғын үйге төлем беріледі.
Денсаулық сақтау саласының ілгері басуы үшін алдымен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы осы заманға сай жарақтанғаны жөн. Бүгінгі күні облыс орталығында ғана емес, аудандардың өзінде денсаулық сақтау ғимараттарына заманауи жабдықтар орнатылған. Атап айтар болсам, онкологиялық диспансерде, кардиологиялық орталықта, ересектер мен балалар және №3 қалалық ауруханаларда осызаманғы компьютерлік томография, эксперткласты ультрадыбыстық жабдық, ангиографтар, шала туған нәрестелерді күтуге арналған қондырғылар, тағы басқалар бар.
Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бюджетке жүктемені азайтуды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздеп отырмыз. Сондықтан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және енгізу үшін салалық стратегия дайындалды.
Стратегия аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің халықаралық мойындалған кестесін қолдану қарастырылған. Мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарына тең дәрежеде жағдай жасалғандықтан, мемлекеттік емес медициналық қызмет түрлерін көрсетушілердің саны 41 пайызға артты. Өңіріміздегі 126 амбулаториялық-емханалық мекеменің 52-сі жекеменшікте. Жыл санап мемлекеттік тапсырыс көлемін орындайтын жекеменшік денсаулық ұйымдарының саны ұлғайып жатқаны қуантады.Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейге көтеру үшін 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасы дайындалды. Мұнда экономикалық ынтымақтастық стандарттарына деңгейлеп жақындау және денсаулық сақтау мен жекеменшік медицинаны дамыту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, корпоративті басқаруды енгізу қарастырылған.
Жыл сайын денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бұл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті.
Қабдрахман Сақтағанов,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |