Нық сенім, қарышты қадам
Санаулы күндерден кейін қазақстандықтар ата-бабаларымыз аңсап, асқақ армандарына айналдырып, ұрпақтарына аманаттаған тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесін ұлан-асыр тойлайды.
Осы торқалы тойдың алдында өңір жұртшылығы тағылымды әрі қатпарлы тарихы бар облысымыздың 80 жылдық мерейлі белесін атап өтті.
Бұл айтулы оқиғалар баршамыздың еңсемізді көтеріп, абыройымызды еселеген егемендіктің өлшеусіз нығметтері іспеттес.
Еліміздің егемендігі баршамыз үшін басты құндылық болуы керек. Өйткені, ол - ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.
Тәуелсіздіктің әр сәтімен баянды болашаққа құлаш ұрған еліміздің өркендеуіне ерке Есілдің жағасында қанат жайған, үш ғасырға жуық уақыттың сырын бауырына басқан касиетті Қызылжар қаласы да өз үлесін қосып келеді.
Облысымыздың орталығы Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың ерекше назар аударуымен қомақты жұмыстар атқарылуда.
Әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыстың қиындығына қарамастан Петропавл қаласы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамып келеді.
Мәселен, жыл басынан бері тауар өндірісінің көлемі 47 миллиард теңгеге жетті. Бұл сала бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция біршама артып, 14,1 миллиард теңгені құрап отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту - кез келген елдің экономикасының негізі. Өркениетті елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды.
Бүгінде қаламыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы көңіл қуантады. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жылдан-жылға өсе түсуде.
Тәуелсіздіктің 25 жылында мемлекетіміз халықаралық деңгейде аталып өткен маңызды табыстарға қол жеткізді, петролавлдықтар да елдің дамуына өз үлестерін қоса білді.
Алысқа бармай-ақ, үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысын назарға алсақ, қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 58,1 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 61 пайыз немесе 35,5 млрд. теңге болды.
Жалпы көлемдегі ең үлкен үлес салмағы азық-түлік өндірісіне және машина жасау салаларына тиесілі. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін өндіру 90 пайызға артып, 21,9 млрд. теңгеге бағаланды.
Негізгі капиталға 20,2 млрд. теңге инвестиция тарту қамтамасыз етілді. Бұл ретте салым көздері бойынша 4,7 млрд теңге сомаға қаржыландыруды қамтамасыз еткен заем қаражаттары мен банк кредиттері үлестерінің 2 есе өскені байқалады.
Ауыл шаруашылығының физикалық көлем индексі 101,7 пайызды құрады, жалпы өнім шығару және қызмет көлемі 0,7 млрд. теңгеге кем болды.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қалада 1164 жаңа жұмыс орнын құрумен 13,7 млрд. теңге сомаға 22 жоба, соның ішінде 2015 жылы - 7 жоба, 2016 жылы - 9 жоба, 2017 жылы 6 жоба іске асырылуда.
Үстіміздегі жылы 2,6 млрд. теңге сомаға 6 жоба іске қосылды. Олар "ВАRТЕС Каzакhstan", "Торговый дом Богатырский продукт Север", "Soltustik Rubbter Recycling", "Бурчак", "САПРОНАТ", "Петропавл трактор зауыты" БК жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жобалары болып табылады.
Алдағы уақытта 2,9 млрд. теңге сомаға тағы да 3 жобаны іске қосу жоспарланған, олардың ішінде "СПМК-4", "РимҚазАгро", "Грибной мир" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.
Туристік саланы дамыту облыс орталығының экономикалық әлеуетіне үлесін қосуда. Инфрақұрылымды қалыптастыру жаңа нысандар салуды қамтамасыз етеді.
Жайлылығы жоғары "Gгееп Wһісһ Нotel" мейманхана кешені пайдалануға берілді. Бүгінде бұл мейманхана өңір тұрғындарының ғана емес, қалаға ат басын тіреген қадірменді қонақтардың жиі бас сұғып, келелі мәселелерді талқылайтын орнына айналып үлгерген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары аясында бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту, шағын және орта бизнесті дамыту ушін экономикалық ынталандыру жасаудың "Бизнестің жол картасы - 2020" бірыңғай бағдарламасы арқылы кредиттеу жолымен мемлекеттік қолдау көрсетілуде.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыруға үстіміздегі жылы 465,6 млн теңге бюджет қаражаты бөлінді. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы ауданы 77,1 мың шаршы метр 11 тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарлануда. "Жас отбасы" бағдарламасы бойынша 75 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етері сөзсіз. Қаланың орталығынан шеткерілеу орналасқан "Береке" шағынауданы мен "Солнечный" кенттерінде бой көтерген зәулім де сәнді үйлер құрылыс жұмыстарының қарқынын, тұрғындар өмірінің жақсарғанын білдіреді.
Бүгінде "Береке" шағынауданы жас отбасылардың, сәбилердің қуанышы мен күлкісіне толды. Мұның бәрі еліміздің егемендігінің, жас мемлекетімізді биікке бастап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі.
Мұнан өзге, Жуков көшесінде екі 79 пәтерлік және "Жас Өркен" шағынауданында 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге, жеке тұрғын үй салу үшін "Солнечный" кентінің оң жағынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және "Береке-2" шағынауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, бұл жұмыстар да кезек күттірмей атқарылмақ.
Үстіміздегі жылы қаламызда 759 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл басынан бері 1366 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне арналған "Өрлеу" қанатқақты жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жобаның бірқатар ережелері әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың өтініш-тілектерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызуда. Аталмыш жобаның негізгі бағыттарының бірі отбасының табысын молайту болып саналады. Биылғы жылы бағдарлама шеңберінде 1,8 млрд. теңгенің З1 жобасы мақұлданды.
Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының денінің тозығы жеткендігі қаладағы өзекті мәселелердің бірі болатын. Облыс орталығындағы бұл мәселені шешу үшін үстіміздегі жылы 1,5 миллиард теңге белінді.
Бүгінде ұзындығы 20 шақырымды құрайтын он көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Жол - экономиканың күретамыры" деп Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыстар да алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. Дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз мемлекетіміздің қарышты қадамына "елдің шетінде, желдің өтінде" орналасқан Петропавл қаласының қосатын үлесі әрдайым зор болатынына сеніміміз мол.
Марат Тасмағанбетов. Петропавл қаласының әкімі.
Тасмағанбетов М. Нық сенім,қарышты қадам. //Қызылжар нұры. – 25 қараша. – 2016 . – 2б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |