Елмен бірге есейдік
Тәуелсіздік таңы шуақ шашқан егеменді елдің бүгінгі тыныс- тіршілігі туралы сөз қозғай қалғанда, әуелі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ойға оралады. Бүгінде көш бастаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тәуелсіз Қазақстан экономикалық дамудың жаңа белесіне аяқ басты.
Ата-бабамыздың мәңгілік мұратына айналған Тәуелсіздік тұғыры орнағанына, міне, 25 жыл Осынау ширек ғасыр несімен ерекшеленбек? Жиырма бес жыл ішінде не тындыра алдық?” — деген сауал әркімге ой салады.
Өткен өмір белесіне көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын болсақ, бірталай іс еңсеілді.
Әлі де қолға алынбай жатқан шаруа аз емес. Нарықтық экономика қазақстандықтарды өз ырқына көндіріп, уақыт талабына сай өмір сүруге үйретті.
Бүгінде біз нарықтық экономикаға бейімделген, бәсекеге қабілетті елдің біріне айналдық.
Білім, ғылым, денсаллық, ауыл шаруашылығы сияқты салалар ерекше қарқынмен дамуда. Ал менің жемісті өткен жылдарым ауыл шаруашылығы саласыментығыз байланысты.
Бәріміз де мол ырыстың кіндігі — Жер-анадан нәр алып, өсіп, өркен- дедік. Әлі де ел ырысын еселеуге өз үлесімізді қосудамыз.
Агроөнер- кәсіптік кешен негізгі саланың біріне айналған өңір тынысында Тими¬рязев ауданының да алар орны ерекше.
Қазіргі күні ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағтында атқарылып жатқан іс аз емес.
Ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген шаруаларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық ерекше екенін баса айтып өткім келеді.
Москворецкое” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1998 жылы құрылды. Содан бері біраз қиыншылықтарды басымыздан кештік. Жаңа ғасыр бастауында шаруашылықтың серпіліспен іске кіріссе де, күрмеуі қиын мәселе жетіп арты- латын еді.
Техникалар ескі әрі жетіспеді, жұмыс қолы да аз болды. Жүмысты уйымдастыруда қаражат тапшылығы қол байлады. Не керек, мұның бәрі қазір артта қалған қиындықтар.
Мен бұл серіктестіктің басшылық тізгінін 2003 жылы қолға алдым. Осы уақыт ішінде бел-белеске көтерілу үшін жанымызды сала жұмыс істедік.
Елмен бірге есейіп, өрісімізді кеңейттік. Шаруашылықта бүгінде 167 адам еңбекетеді. Орташа айлық еңбекақы — 85 мың теңге. Көктемгі егіс, күзгі орақ науқаны кезінде қосымша жұмыс күші тартылады. Серіктестікте 20 мың гектар алқап бар.
Оның 14 мың гектарына дәнді дақылдар егілсе, 1600 гектарында майлы дақылдар өсіріледі.
Сонымен қатар, жайылымдық жер де жеткілікті. Өткена жылы егіннің орташа гектар берер келігі 14,7 центнерден айналды.
Биыл да мол өнімнен үміт зор.Ол үшін барлық жағдай жасалуда. Минералды тыңайтқыштар сіңіріліп, арамшөптерге гербицид қолданылыды.
Шаруашылықта техника санда жеткілікті. Петропавлда жасалыған “Сампо-Азия” және өзге де ше 16, телдік комбайндар бар.
Заманауи техникалардың ішінде бірнеше егіс кешені, тракторлар мен үлкен жүк көліктерін атап өту керек. Жалпы, техника паркін жаңартуға баса мән береміз.
Уақытты үнемдеп, жұмысан қуатын арттыруда жаңа техника¬лардың көмегі зор. Бидай сақтайтын 10 мың тонналық қойма бар.
Осыдан сегіз жыл бұрын біз мал өсірген шаруашылығымен айналысуды зла жөн көрдік. Етті қара мал өсіруге айрықша ден қойдық.
Өйткені, етті ірі қараның өз ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Олар жоғары өнімділігімен және сапалылығымен, тез жетілгіштігімен ерекшеленеді. Қорамызда 1265 қара мал 20 бар. Негізінен, қазақтың ақбас сиыры мен Әулиекөл тұқымы өсіріледі. Сонымен қатар мыңға жуық дар Еділбай қойы мен үш жүз жылқы бағылады. Мал шаруашылығын дамытуға демеуқаржы бөлінді.
Сондықтан шаруаларға қолдау білдірген мемлекетке біздің ризашылығымыз шексіз.
Шаруашылықты басқару өз алдына, мұндағы жұмысты атқару оңай шаруа емес. Бұл ретте жұмыскерлердің еңбегін ерекше бағалаймын. Таңның атысы, күннің батысы белдері бүгілмей жұмыс істейтін еңбеккерлер әрқашан құрметке лайық. Әр шаруаны тындырымды атқаратын сенімді серіктетерім мен биік белестерді бағындырудамыз.
Қазір өздеріңізге белгілі қырда қызу еңбек басталды. Шаруалар жаппай шөп шабу науқанына кірісті.
Ауа райының оңтайлы сәтін пайдаланып, 460 гектар жердің шөбі шабылды. Жылдық қор үш мың ге тонна. Тамыздың екінші онкүндігіне дейін қор жинап, күзгі ораққа науқанына кірісуді жоспарлаудамыз.
Бүгінде ораққа сақадай саймыз Тек ауа райы сәтін салса екен.Жалпы, Москворецкое ауылында жеті жүзден астам тұрғын бар. Қарттар мен балалардаң мүмкіндігі шектеулі жандардан басқасының дені біздің шаруашылықта жұмыс істейді. Еңбек етіп, ақша табамын деген адамға қолымыздан келгенше жағдай жасаймыз.
Ауылымыздың өркен жайып, гүлденуіне барынша атсалысудамыз. Өйткені, ауыл — елдің алтын бесігі. Сондықтан ауылды көркейтуге бәріміз де өз үлесімізді қосуымыз керек. Ауыл турғындарына көптеп көмек көрсетіледі. Серіктестікте жұмыс істейтін азаматтар жемшөппен, отынмен толық қамтамасыз етіледі' Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылар мен қарттарға қолдау ерекше. Біздің басты мақсатымыз — бір-бірімізге жанашырлық танытып, қамқор болу. Бірлікте, ынтымақта, сыйластықта өмір сүргенге не жетсін?! Кез келген қиындықта бірге болып, қол ұшын созуға дайынбыз.
Өзіміздің асханамыз үшін серіктестік жанынан наубайхана, макарон цехы ашылды. Наубайханада нан пісіріліп, ауыл тұрғындарына 50 і теңгеден сатылады. Ал цехта макаронның үш түрі шығарылады. Құдайға шүкір, бидай жеткілікті. Тек оны іске асырып, ел игілігіне жарату қажет.
Көктемде бір мың қаз, бір жарым мың үйрек балапанын бағуға алдық. Күзде дайын өнімді тұрғындар сатып алады. Жеке шаруашылықтарда да құс көптеп өсіріледі. Өзміздің асханамызда жұмыскерлер, а тамақпен қамтамасыз етіледі.
Ерінбеген адамға жұмыс көп. Бау-бақша да өсіріп, күзде мол өнімге қарық боламыз. Сөйтіп, серіктестік жұмыскерлері еңбекпен біте қайнауда. Шаршап-шалдығуды білмейтін азаматтардың ерен еңбегнің арқасында осындай ауыз толтырып айтарлық жетістігіміз бар. Ал із егемен елді көркейтуге, ауылдың гүлденуіне үлесімізді қоссақ, бұдан асқан қандай арман болуы мүмкін?! р Аспанымызда қалықтаған көк туымызды мәңгі желбіретіп, азат елдің абыройын асқақтату жолында аянып қалмаймыз.
Болат Дүйсенбаев,“Москворецкое” ЖШС-нің Директоры. Тимирязев ауданы.
Дүйсенбаев.Б. Елмен бірге есейдік.//Солтүстік Қазақстан. – 2016 .- 20 тамыз. – 3 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |