Гүлдену мен даму жолында
Тәуелсіздік Бұл сөз бақытты тағдырымыздың жаңа тарихымыздың шыңының Қазақстан халқының жеңістерімен жетістіктерінің, қазақ жерінің жаңаруының символы іспеттес.
1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ленин және Москва аудандарының бірігуі нәтижесінде Есіл өзенінің бойында орналасқан көркем өлкеге Есіл ауданы атауы берілді. Бұл жоспарлы даму мүмкіндігін қамтамасыз ету және аймақтық бірліктердің бүтіндігін сақтау мақсатындағы маңызды стратегиялық қадам болып табылды. Тәуелсіздіктің 25 жылы тарих үшін — қас қағым сәт қана, алайда, біз үшін бүл елдің басқа аймақтары арасында өзіндік лайықты орын алуға мүмкіндік берген өсім мен қалыптасу уақыты.
Экономикалық жағдайлардың қиындығына қарамастан, ауданымыз серпінді даму жолында. Мемлекеттің жан-жақты қолдауы нәтижесінде біздің өлке инфрақұрылымы дамыған заманауи ауданға айналды. Су құбырлары, авто-көлік жолдары жөнделіп, жаңалары салынды, өндіріс нысандары тұрғызылды, халыққа қызмет көрсету орындары мен дүкендер желісі кеңейді.
390,5 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабында 261 агроқұрылым жұмыс істеуде. 90-жылдары негізін қалаған "Ильинское", "Заградовское", "Прометей-Агро", "Агрохимснаб", "Пушкинское", "Московский" серіктестіктері және тағы да басқа шаруашылықтар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосты және бүгінде жетекші кәсіпорындар болып саналады.
Елбасымыздың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" Жолдауында және Бес институттық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам — Ұлт жоспарында қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін аудан экономикасының жетекші саласы ретінде ауыл шаруашылығына басымдық берілген.
Жайылымдар мен шабындық алқаптарға көпжылдық шөптер себілуде. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылатын ата кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Ауданның шаруашылықтарында 80 мал фермасы бар, оның ішінде 15-і асылтұқымды ірі қара өсіру мәртебесіне ие. "Достық" шаруа қожалығы асылтұқымды қой өсірумен айналысады.
Осы жылы Жарғайың ауылында "Данияр-Агро" ЖШС қымыз өндіретін және сүт сатып алу мен қайта өңдейтін цех ашуды жоспарлады. 12 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Шағын және орта бизнес — әр елдің экономикасының негізі. Тәуелсіздіктің алғашқы кездерінде Қазақстанда шағын және орта бизнес экономиканың маңызды секторы болып белгіленді және оны жан-жақты қолдау әрдайым мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді. Осының арқасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тұрақты өсуде. Мысалы, 2007 жылы ауданда 221 сауда кәсіпкерлігі қызмет етсе, 2016 жылы олардың саны 242-ге өсті, қоғамдық тамақтандыру орындары 39 болса, қазіргі уақытта 47-ге жетті, шаштараз саны 14-тен 20-ға көбейді, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша орындар саны 40 пайызға өсті. Биылғы жылдың өзінде "Пекарушка" наубайханасы, "Смак" азық-түлік дүкені, "Алтын Есіл" сауда үйі пайдалануға берілді, бұл 30 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Осы жылдың шілде айында Астана күнін мерекелеу қарсаңында Корнеевка ауылында құны 7 млн. теңге ағаш өңдеу цехының ашылуы жоспарлануда.
Ауданда дене шынықтыру және спортқа бұқара халықты жұмылдыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарында да елеулі жұмыстар атқарылуда. Ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ауылдық округтерде оқушылар, олардың ата-аналары, жастар өкілдері және ересек тұрғындар қатысатын спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушылары болып табылатын нұсқаушы-әдіскерлер жұмыс істейді. Былтыр 4 футбол және 10 шағын футбол алаңы, сондай-ақ, 7 хоккей қорабы салынды. Корттарды салу жұмыстарына ауданның кәсіпкерлері белсене қатысты, бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрнекті үлгісі.
Мәдениет желісін кеңейту мен халық шығармашылығын жандандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық жерлердегі халық үшін бос уақытты өткізу орталықтарын ашу бойынша жұмыс жалғасуда. Егер өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қарағай ауылында орталық ашылса дәл осындай орын Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бесқұдық ауылында пайдалануға берілді.
Есіл жері өзінің бейнелі және қолданбалы өнер шеберлерімен әйгілі. Аудандық Мәдениет үйінде жергілікті суретші В. Смирновтың сурет галереясы орналастырылған, оның шығармашылығында туған өлкенің қайталанбас сұлулығы көрініс тапқан. Ал халық шебері Ю. Иванов аудандық және облыстық көрмелердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Юрий Борисовичтің қолынан шыққан ағаштан жасалған тамаша заттар ауданда ғана емес, сонымен қатар облыста да үлкен сұранысқа ие.
Ауданымыз табиғат қорықтарымен де белгілі, олардың бірі -"Красный бор" қорығы. Есілдіктер табиғат байлығына да жанашырлық танытуда.
Өмір бір орында тұрмайды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан, онымен бірге біздің Есіл ауданы да нығайып, дамып келеді. Біздің басты мақсатымыз — барлық сала бойынша тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
Мұратбек Әбішев, Есіл ауданының әкімі.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |