Бірлік пен еңбек егіз
Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформапарды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті.
Бұл жылдарда барлық еліміздегідей, біздің аудан тұрғындарына да оңай болған жоқ. "Елмен көрген ұлы той" дегендей, тоқырау жылдарының салқынын айыртаулықтар да жұртпен бірге көтеріп, суығына тоңып, ыстығына күйді. Артта қалған осы кезеңге көз жүгіртсек, еркіндік алған жылдары елмен бірге Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық өмірінде де түбегейлі өзгерістер болды. 1997 жылы ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы жаңартылды. Бұрынғы Володар және Арықбалық аудандары біріктіріліп, Айыртау ауданы деп аталды.
90-шы жылдардағы дағдарыс тарих қойнауына біртіндеп сіңіп, өткеннің еншісінде кетті. Өткен жылы Айыртау ауданында өндіріс көлемі 4 млрд. 360 млн. теңгеге жетіп, Тәуелсіздік алған кездегі көрсеткішпен салыстырғанда 36 есе артты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көрсеткіші 28 млрд. 980 млн теңгені құрады, ол 1992 жылмен салыстырғанда алты есе көп. 1992-2015 жылдар аралығында еңбекақы көлемі он екі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы төлемінің орташа көлемі сегіз есеге өсті.
Жыл сайынғы мемлекет қолдауының арқасында ауыл шаруашылығының ескі техникалары агро-техникалық шараларды белгіленген уақытта және барынша жоғары деңгейде атқаруға қол жеткізетін шетелдік өндірушілердің жаңа жоғары өнімді агрегаттарымен алмастырылып, дәнді, майлы дақылдар мен жем-шөп алқабы кеңейді. Өткен жылдың ішінде 2035 ірі қара сатып алынса, олардың төрт жүзден астамына "Сыбаға" бағдарламасының аясында қол жеткізілді. "Ырыс" бағдарламасының негізінде асылтұқымды 100 сиырға арналған сүт фермасы құрылды. "Құлан" бағдарламасы бойынша екі жүзге жуық жылқы, "Алтын асықтың" аясында алты жүзден астам қой әкелінді.
Соңғы бес жылда "Айыртау Астық", "Баянтай АҚП", "Игилик Продукт" ЖШС-лерінде шағын элеваторлар, ауыл шаруашылығы қожалықтарында ірі астық сақтау қоймалары салынып, қолданысқа берілді.
Қазіргі таңда азық-түлік өнімін шығарумен елуге тарта кәсіпорын айналысады. Соның ішінде сегіз диірмен, үш макарон, бір кондитер, алты жартылай дайын ет өнімдерін өндіретін цех бар. Сондай-ақ, сүт өнімдерін қайта өңдейтін үш кәсіпорын және жиырмадан астам наубайхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауданымызда өз кәсіпкерлеріміз шығарған жоғары сапалы және экологиялық таза: нан, ұн, жарма, макарон, сүт, кондитерлік және жартылай дайын ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Бұл ретте, әсіресе, "Ғасыр Айыртау" ЖШС, "Қаракөз" ШҚ цехы, "Дзауров" ШҚ және басқа кәсіпорындардың жұмысын ерекше атап өтуге болады.2015 жылы ағашты тереңдете өндеу бойынша "Компания Углежог" ЖШС цехы іске қосылды. Соңғы жылдары құрылыс материалдарын, асфальт, пеноблок, қиыршықтас өндіретін кәсіпорындар да пайда болуда. 2007 жылдан бастап "Сырымбет" АҚ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму картасына енген қалайы кен орнының жобалау жұмысын жүргізуде. Бүгінде 1,7 млрд. теңгеге электр тасымалдау желісі салынуда. Кен байыту комбинаты мен көлік және темір жол құрылысы жоспарлануда. Азаттық жылдары тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемінің өсуі арқасында аудан орталығы — Саумалкөпде 4 коммуналдық және 50 жер үй пайдалануға берілді. "Ауызсу" және "Ақ бұлақ" бағдарламалары бойынша төрт су құбыры мен бес локальды сумен қамту пункті салынды. Жыл сайын аудан жолдарын жөндеуді қаржыландыру ұлғайып келеді. Оған соңғы үш жылда облыс әкімінің қолдауымен 3 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді.
Айыртау ауданының сұлу табиғаты мен тарихи-мәдени мұраларының арқасында туризмді дамытуға жол ашылып отыр. Соңғы жылдары инфрақұрылымның дамуы және туристерге сервистік қызмет көрсету жақсарды.
Туристік демалыс орындарының саны қазіргі уақытта 34-ке жетті. Тек өткен жыл ішінде ауданымыздың көрікті жерлерінде 30 мыңнан астам адам демалды. Елуден астам мәдениет ұйымының отызға жуығы еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары ашылған. Айғаным қонысы (1993 ж.), Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалды кешені (1999 ж.) республикалық маңызды нысандар ретінде туристердің қызыға тамашалайтын бірден-бір орнына айналды. "Заря", "Сокол" және "Чайка" балаларды сауықтыру орталықтары республиканың барлық жерлерінен өрендерді қабылдайды.
Экономиканың серпінді дамуы ауданның денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет, әлеуметтік салаларындағы мәселелерді табысты шешуге, тұрғындардың әл-ауқатын тұрақты жақсартуға мол мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесі қарсаңында Шүкірлік, Қарасай батыр және Кирилловка елді мекендерінде жаңа мектелтер ашылды. Аудан бойынша мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен бүлдіршіндер толық қамтамасыз етілген "Балауса", "Балапан", "Қарлығаш", "Балдырған" балабақшалары және 40-тан астам шағын орталық бүлдіршіндер игілігіне жұмыс істеп тұр.
Тұрғындар денсаулығы орталық ауруханада бақыланады. Аудандық орталық ауруханада, Арықбалық, Казанка дәрігерлік амбулаторияларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айыртау ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Ауданның денсаулық сақтау саласы жетілдірілген медициналық жабдықтар және санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілуде. Спорт нысандарының материалдық-техникалық базалары нығайтылыл, 22 хоккей корты мен 8 стадион салынды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудан орталығында көше тренажерлері орнатылды.
"Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз", — деп Елбасы Нұрсүлтан Назарбаев атап көрсеткендей, айыртаулықтар да Тәуелсіздік тұғырының берік болып, еліміздің озық отыздыққа енуі, азат елдің арманы Мәңгілік Ел атануы үшін аянбай еңбек етуде.
Ағзам Тастеміров, Айыртау ауданының әкімі.
Тастеміров А.Бірлік пен еңбек егіз //Солтүстік Қазақстан. – 2 маусым.- 2016. -4 бет.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |