Ауыл – елдің ажары
Бодандық қамытын шешіп, Тәуелсіздікке қол жеткізген кез менің есімде. Ол тұста жасым 27-де болатын. Оқу бітіріп, Ақсуат ауылы мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Еңбек әліппесін енді ғана ашқан маған сол уақыт ерекше есте қалатын оқиғалармен айшықталады.
Кеңес өкіметі құлап, елде тұрақсыздық орнады. Жалақы берілмей, ел экономикасы да тұралап қалды. Шынын айтқанда, халық әбігерге түсті. Ертеңгі күнге деген сенім сәулесін қою қараңғылық тұмшалады. Болашағымыз үшін алаңдадық. Көп кешікпей жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанғандай болды. Бастысы адамдарда өмір сүруге деген құлшыныс оянды. Әрине, пенде болған соң бір күндік тіршілікпен өмір сүрмейтініміз анық қой. Сондықтан түн артында күн барына сендік. Сол сенім бізге тура жол сілтеген екен.
Менмектептемұғалімболғаназуақыттыңішіндекөпнәрсенітүсіндім. Елде болып жатқан өзгерістерді ой таразысынасалып, мұғалімдікпенбіржолақошайтысуыма тура келді. Сөйтіп, кеңшарға жұмысқа орналастым. Қара жұмысқа жегіліп, еңбек майданында шынықтым. Сол жылдар менің бүгінде табысты кәсіпкер болып қалыптасуыма ықпал етті. Кеңшарлар таратыла бастаған тұста жеке шаруашылық құруға бел байладым. "Нар тәуекел" деп 1994 жылы ең алғаш "Анар" шаруа қожалығы құрылды.
"Шешінген судан тайынбас" дегендей, бұл істі қолға алуын алсам да, оны сәтті жүзеге асыру оңайға түспеді. Ер-азамат болған соң намысқа тырысып, кейін шегіне алмадым. Қолда сенімді техника да болған жоқ, небәрі 3-4 адам ғана жұмыс істеді. Бар-жоғы 90 гектар жеріміз болды.
Күн-түн демей жанымызды салып шаруашылықты, әйтеуір, аяғынан нық тұрғыздық. 2005 жылы өрісіміз кеңейіп, "Қуаныш" фермерлік шаруашылығы жұмысын бастады. Сол жылы қуаттылығы елу тонна болатын диірмен салдық.
Ал өткен жылы шаруашылықтар жанынан "Қуанышбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Қазіргі таңда үш шаруашылықты қоса алғанда 9,5 мың гектар жеріміз бар. Биыл 8 мың гектарға дәнді дақылдар сіңіріліп, 1,5 мың гектары парға жыртылды.
Осы күнімізге қазір тәубе деймін. Сонау 1994 жылды еске алғанда біраз қиындықтарды бастан өткерген екенбіз. Жастық жігер, күш-қайратпен іске кіріспегенімде бүгінде кәсіпкерлікпен айналыспаседім. Сол уақытта маған қолдау білдірген жора-жолдастарға, ағайын-туысқа айтар алғысым шексіз. Өйткені, бір адамның қолынан не келер дейсің? Көптеп көмектескенде ғана істің алға жүретіні белгілі. Қазіргі уақытта мал шаруашылығының өркен жаюына барынша назар аударудамыз. 200 жылқы,сонша қой бар. Бүгінде бізде елу адам еңбек етуде. Өзімнің туған жерім — Шал ақын ауданының Жаңаталап ауылы. Бірақ барлық жастық шағым, жігіттік дәуренім осы Ақсуат ауылында өткендіктен, маған бұл жер сондай ыстық, жаныма жақын.
Сондықтан ақсуаттықтарды жұмыспен қамтып, ауылдастарымның ризашылығын алсам, бұдан басқа қандай бақыт болуы мүмкін. Ал елімнің дамуына өзімнің титтей бір үлесімді қосуым бірінші — Алланың, екінші Тәңірден берілген тәтті сый — Тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.
Өткен жылы орташа гектар берекелігі он сегіз центнерден айналды. Биыл да мол шығымнан үміт зор. Барлық органикалық тыңайтқыштар сіңірілді. Ауа райы көктемгі егіс науқанын уақытында аяқтауға қолбайлау болған жоқ. Осы ретте шаруаларға Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау ерекше екенін, жұмыс істеймін деген адамға ешқандай кедергі жоғын баса айтып өткім келеді.
Мәселен, былтыр он бір миллион теңге субсидияға қол жеткіздік. Бұл Қазақстан экономикасының оң қарқынмен дамып келе жатқанын аңғартады. Егер ауыл шаруашылығы құрылымдарына мұндай жақсы мүмкіндіктер жасалмаса, елдің де алға қарышты қадам басуы екіталай. Ауыл шаруашылығы — ел экономикасының күретамыры. Ауылдағы ағайынға қолдау білдіріп, барлық жағдайды жасап отырған Үкіметке біздің алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Шаруашылықты бастаған уақытта техникаларымыздың болмағаны туралы жоғарыда айтып өттім. Ал қазір біздің меншігімізде 30-дан астам жаңа техника бар. Соның ішінде заманауи егіс кешендері, комбайндар мен тракторлар аз емес. Жыл сайын техника паркінжаңартудамыз. 2011 жылы 10 мың тонналық бидай сақтау қоймасын салдық. Алдағы уақытта оның сыйымдылығын 20 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаудамыз. Ал диірмен кешені жыл бойы жүмыс істейді. Тимирязев, Шал ақын аудандарының тұрғындарын ұнмен қамтамасыз етудеміз.
Заман талабы — аз уақытта көп жұмыс істеу. Қазір білікті мамандарға сұраныс жоғары. Бізде де өз ісінің тәжірибелі мамандары жетіп артылады. Аға буын өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істеп жатқан жастар да аз емес. Тек оларды заман талабына бейімдеп, дұрыс жол көрсетсек, бойында күш-қуаты мол жастардан жақсы маман шығады. Бертін жұмысқа орналасқандарын жұмысшы мамандықтарына оқытып, біліктіліктерін арттыру үшін қолымыздан келгенше жағдай жасаудамыз.
Ал менімен бірге қиын-қыстау кезеңдерде бірге болып, барлық ауыртпалықты бір адамдай көтерген Жанат Бектенов, Руслан Дробыш, Қапез Акуров, Виталий Некрасов, Сергей Иванов сияқты майталмандардың есімін атап өткенім жөн болар. Қандай қиыншылық болса да өмірдің бұралаң бұлтарысына шыдап, өз ісінің шын шеберлері екендерін дәлелдеді. Олар адал жұмыскер ғана емес, нағыз сырлас досқа айналды. Менің қасымда осындай адал жандардың барына қуанамын.
Бізде ешқашан жалақы кешіктіріліп берілмейді. Әсіресе, қазіргідей экономикалық дағдарыс кезеңінде жұмыскерлерге уақтылы жалақы беру кейбір құрылымдар үшін мұңға айналуда. Алшаруашылықты жүргізіп-тұрғызу оңай шаруа емес. "Еңбек ерлікке жеткізеді" деген қағида — менің өмірлік ұстанымым. Біз әрқашан еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстаймыз. Сондықтан маңдай терін төгіп, еңбектің қара қазанында қайнап жатқан жұмыскерлер әрқашан құрметке лайық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз бәсекелестікпен өмір сүруіміз керек. Бәсеке бар жерде жұмыс ерекше қарқын алады. АлТәуелсіз Қазақстанның қуатты елге айналуы өзімізге байланысты. Сондықтан кез келген қазақстандық бәсекеге қабілетті болып, еліміздің көркеюі мен дамуына сүбелі үлес қосуы керек деп ойлаймын.
Қайырбек Хамзин,
"Анар" шаруа қожалығының басшысы.
Тимирязев ауданы.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |