Ұстаздық – ұлы мамандық.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
"Тарихты тұлғалар жасайды" дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.
- Әлия Ғалымқызы, сіз 80 жылдық тарихы бар облысымызбен бірдей жасасып келе жатқаң кеңестік кезеңде қазақ тілінде білім берген Қызылжардағы жалғыз мекеме - №2 облыстық қазақ мектеп-интернатында (қазіргі Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат) қызметіңізді бастадыңыз. Содан бері бір білім мекемесінде еңбек етуіңіздің сыры неде?
- Адам баласы жүрдек уақыттың жетегінде жүріп, өмірдің қалай өтіп жатқанын да білмей қалады. Мен де солай, қызығы мол жастар қаласы Алматыдан жоғары оқу орнын бітіріп, №2 облыстық қазақ
мектеп-интернатына қызметке орналасқаным кеше ғана еді. Өмір - дария, ағып жатқан су сияқты. Өмір-мұхит, уақыт толқын сияқты. Сол уақыт толқынына жармасып, отырған жерлері ақыл-кеңес, әзіл-әңгімелері тартымды, күш-жігері, парасаты мод үлкен ағалар мен тәтелердің қамқорлығында болдым.
Адам баласының уақыты еңбек ортасында көбірек өтеді. Балалармен бірге күліп, бірге қуанып жүргенде, өмір жылжып өте беріпті. Бастан өткерген кейбір жылдарды кейде керемет сағынамын, аяқты уұшынан басып,
асығып-аптығып жүрген, қызық та қиналған күндер... Содан бері 40 жылдан астам уақыт ұстаздық тағдырым осы қарашаңырақта еңбек етіп келемін.
- Еліміз Тәуелсіздік апғанға дейін өңірімізде қазақ тілі пәнінің тереңдетіліп оқытылуы жайлы мәселені сол кезде облыстық білім басқармасы басшысының орын-басары қызметін атқарып жүрген белгілі өлкетанушы, педагог Қайролла Мұқанов қозғаған екен.
- Иә. 1988 жылдың мамыр айы болатын. Өңірімізде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері тапшы кез. Осы қиындықтан шығу үшін облыстық білім басқармасы басшысының тапсырмасымен №2 облыстық, қазақ
мектеп-интернатында қазақ, тілін терендетт оқытатын сынып ашылып, оған мен мұғалім болдым. Не министрпіктен хат, не оқулық, не бағдарлама жоқ. Ә.Болғанбаев, СКеңесбаев, Ғ.Мұсабаевсынды ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, бағдарлама жасадым. Жаңа оқу жылында 22 оқушы 9-сыныпқа қабылданды.
Осы сыныптың алғашқы оқушыларының 19-ы - өз өңірімізде еңбек етіп жүрген тәжірибелі ұстаздар. Зуһра Ауғанбаева, Алмагүл Құлымова, Самал Құсайынова, Венера Зейнина, Аягүл Тұрғынова, Жәмила Әубәкірова, Азамат Төлебаев колледждерде сабақ береді.
Озат тәжірибесімен танылып қалған Жадыра Қаржауова, Индира Қазиева, Айымхан Қасымова, Жанар Қалиева, Дана Шаукерова сынды ұстаздардың оқушылары бүгінгі күні білімдерімен көзге ілегіп жүр.
Ол кездерде басқа пәндерден облыстық, республикалық олимпиадалар болып жатса да, қазақ тілі және әдебиеті пәндері ескерілмейтін. Облыстан қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ең алғаш республикалық олимпиадаға қатысып, бірінші орын алған шәкіртім Фарида Тұяқова еді. Бүгінгі күні ол облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада тіл аясын ке-ңейтуге еңбек сіңіріп келеді.
- Елбасының тіл саясатын қолдау мақсатында мектептеріңізде ашылған "Қазақ тілі мен әдебиеті" зертханасы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы еңбегіңіз туралы айта кетсеңіз.
- "Қазақ тілі мен әдебиеті" зертханасы дарынды оқытушылардың
іс-тәжірибесін таныту, тарату, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында құрылды. Оның құрамында 12 мұғалім еңбек етті.
Солардың ішінде Аралағаш орта мектебінің мұғалімі Айман Әлімтаеваның, Сергеевка мектебінің мұғалімі, марқұм Зәуреш Бөскееваның, классикалық гимназияның мұғалімі Гүлбаршын Есмұқанованың, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп мұғалімі Айымхан Қасымованың сабақтарынан жас ұстаздар көп нәрсе үйренді. Кейін зертхана жұмысы бойынша жинақ пен дискілер шығарылды.
Зертхана жұмысының алғашқы күнінен бастап тіл тағдыры үшін бізбен бірлесе қызмет істеген Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанар Таласпаеваның және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспановтың еңбектерін ерекше атар едім.
Түрлі педагогикалық оқуларда елімізге танымал, тіл мен әдебиеттің майталмандары Құсайын Айтқалиев, Қанипа Бітібаевамен таныстым. Олардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстым. Сондағы жинақтаған тәжірибемнің зертхана жұмысына пайдасы мол болды.
Облыстық, республикалық газет-журналдарда төрт жүзге жуық мақалам, әдістемелік-ғылыми кеңестерім, Астанадағы "Дарын" ғылыми-практикалық орталығынан үш әдістемелік құралым жарық көріп, таратылды.
- "Қыран тулегіне қайыспас қанат, үстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, оқушыларыңыздың жетістіктері қандай?
- Өз пәнімді сүйіп оқып, еліміздің елеулісіне айналып, ұстаздық жолда еңбектерін сіңіріп жүрген шәкірттерім аз емес. Олардың ішінде Лев Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің доценті Жанар Ахметова,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Жанар Құлыбекова, М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің мұғалімі Зуһра Ауғанбаева ("Үздік педагог - 2015" байқауының жеңімпазы), Жадыра Қаржауова ("Үздік педагог - 2016" байқауының жеңімпазы) сынды ұстаздар бар.
"Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Жас Алаш" газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзат Смагулова және Жақсыбай Самрат, Қанат Атаманов, Орал Жақыпов, Самат Сапаралы, Жадыра Какекова, Фариза Жазитова сияқты журналист мамандығын таңдаған оқушыларым да - Тәуелсіздік жылдарының жемісі. Бәрі еліне абыройлы еңбекетіп жүр.
- Бүгінгі өмір - ертеңгі тарих. Сіздің өміріңізде елеулі, есте қалар ұмытылмас сәттер мен оқиғалар болды ма?
- Ұстаздық өмірімде қуанышқа толы, белесті жылдарым аз емес. Республикалық мұғалімдер конференциясының бірінде Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловпен кездескенімді ұмытпаймын .
Бұл кісі - Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" (Қайрош Сарталиев) романының прототипі. Ұзын бойлы, арық кісі, сөзге шешең тура сөйлейтін, ақжарқын адам екен. Ол ана тіліміздің туын жықпай, оған ерекше көңіл бөлуге шақырып, республикалық дәрежеде "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналын шығаруға ұсы-ныс білдірген болатын. Осылайша, "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы дүниеге келіп еді.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екі рет жүздесуім ұмытылмайтың ұмытуға болмайтын сәттер деп есептеймін 1995 жылдың сәуір айында Алматыда Президентіміз республика ұстаздарының үлкен форумына қатысты. Оған біздің өңірден де бірнеше адам бардық. Келесі күні Президент резиденциясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 9 мұғалімді қабылдады.
Соның ішінде мен де Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталып, ескерткішке "Чайка" қолсағатын тақтым. Екінші рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы іссапармен Петропавлға келгенде кездестім. Онда ұстаздарға жасап жатқан қамқорлығы үшін облыс мұғалімдерінің атынан алғыс айтып, алдында сөз сөйледім. Бұл - мен үшін елеулі оқиға.
- Ұстаз жолы қиын да абыройлы. Сіз осы мамандықты таңдап, шәкірттің бапкері болып жүрсіз. Еліміз Тәуелсіздігін алған ширек ғасыр ішінде елең еткізер елеулі өзгерістер көбейіп, жас мемлекетіміз қарқынды дамып, өркениетке бет бұрған шақтағы мақсатыңыз қандай?
- Ұстаз ұлағаты әр оқушының жүрегінде сақталып, шәкірт көңілінде қалса, ол - кемел бақыт. Көңілі қалаған кәсібін тыңғылықты меңгеріп, соған жан-тәнімен берілгендер ғана өмірде толағай табысқа жетіп, биік белестерді бағындырады.
Мен осыған жеттім деп ойлаймын. Өз мамандығымды жан-тәніммен сүйдім. Халқымның киелі тілін болашақ ұрпақтың бойына дарыту ұстаздық парызым деп білдім. Материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қойдым. Жинағаным газет-журнад кітап болды.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. "Білім сапасы - елдің ертеңін айқындайтың оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала", - деген болатын Мемлекет басшысы. Алдымызда Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына косылу міндеті тұрған шақта мұғалімдерге де талап күшейіп келеді. Бір кезде оқушыларды білім мен іскерлікке үйретсек, бүгінгі күні баланың дүниетанымына баса назар аударамыз. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту - басты назарда. Мақсатым -Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесінің берік болуы үшін әр жеткіншекті қоғамға, ез Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Әңгімелескен Ләйла Жанысова, "Солтүстік Қазақстан".
Ә.Ғалымқызы .Ұстаздық – ұлы мамандық.
Әңгімелескен Жанысова Л.
// Солтүстік Қазақстан. - 17 қараша.- 2016 ж.-10 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |