Ұлт шежіресін жазған ғалым
Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
Тарих - ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
Онда былай делінгек "Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу "мынауың қара екен" десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, "мұның қате деме", өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек". Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында "мынауың қара екен" деген секілді сындарды да естіді.
Бірақ ол "мұның қате" деп шу көтерген жоқ. Өз жұмысын жалғастыра берді. Сонда олардың "мынауың қара екен" деп жүргендері Манаш Қабашұлының "КОКП тарихын жазушылардың" бірі болғандығы. Иә, бұл құпия емес.
'Манаш Қабашұлы мамандығы тарихшы болғандықтан да, өзі өмір сүрген қоғамның идеологиялық екшеулері шеңберінде тарих жазды.
Ол өзі өмір сүрген қоғамның шежіресін жасады. Бар болғаны сол Бұл үшін тарихшы ғалымды кінәлауға болар ма екен?! Меніңше, Мәкеңе "КОКП тарихын жаздың" деп айып тағудың жөні жоқ. Ол өзі азаматы болған мемлекеттің тарихшысы болды, сол қоғамның ұстанымы бойынша шежіре жасады. Егер ол сол кезде компартияға сын айтатын болса, ол мүлде жарияланбас та еді. Демек, Манаш Қабашұлы тарихшы, ғалым қызметін атқармас та еді. Шынына келгенде ; сол кездегі тарихшы, филолог, философ ғалымдардың барлығы да өз қоғамына қызмет етті. Бұл , үшін оларды кінәлаудың жөні жоқ. Бұл - бір.
Екіншіден, кім қалай десе де, тұтастай жетпіс жылды қазақ ұлты ; өмірінен де, тарихынан да сызып тастай алмаймыз. Егер бұл жетпіс жыл КОКП билеген кеңес өкіметі тұсында болса, сол тұста не болғанын білудің өзі біздің бүгінгі және болашақ ұрпағымыз үшін қажеттіліктердің бірі.
Кеңес өкіметі мен КОКП секілді саяси іргелі ұйымды тек қара жағынан көруге де қарсымын.Өйткені, жетпіс жыл ішінде бұл ұйым жетекшілік еткен кеңестер одағы біздің Қазақстанды бұрын-соңды армандай да алмаған биікке шығарды.
К0КП тарихын жазушыларға кінә тақпас бұрын, бүгінгі биіктен өткенге сын айтуға әуес ғалымсымақтар осы жағын мықтап ойласып алса екен.
Манаш Қабашұлы КОКП тарихын жазғанда оның біздің халыққа берген осындай сыйы болғанын қағаз бетіне түсірді.
Бұл - оның кемістігі емес, бүгінгі және келер ұрпаққа ақиқатты айта алған кешенді мұрасы. Уақыт өте келе біз Манаш Қабашұлының та сол мұрасына да қайта оралатын боламыз.
Өз басым Манаш Қабашұлы жазған "Қазақстан Компартиясы на Ұлы Отан соғысы жылдарында", "Қазақстан - майдан арсеналы", "Ұлы ерлік" секілді монографиялары қазіргі кейбіреулер айтып жүргеніндей жалаң идеологиялық ұран орі емес, біздің ұлт бастан кешкен заманның шежіресі деп бағалаймын.
Ол - КСРО Ғылым академиясы жанындағы КСРО тарих ғылымдары институтының ғалымдарымен бірігіп, "Ұлы Отан соғысындағы кеңестік тыл", "Кеңестік Отанды қорғаудың қайнар көзі", "КСРО жұмысшы табының тарихы, Ұлы Отан соғысының жылнамасы" атты кешеңді еңбектерді мұраға қалдырған адам.
Бұлардың қай қайсысы да біздің халық бастан өткізген қилы замандар жайлы шежіре екені даусыз.
Сондықтан да оларға талай ұрпақ, талай тарихшы қайта-қайта үңіліп, өз заманында Манаш Қабашұлы секілді ғұлама ғалым қалдырған мұраға әділ бағасын ризашылықпен береді деп ойлаймын Манаш Қабашұлы Қазақстан егемендігін алғаннан соң қазақ тарихын жазуға кіріскенде де толып
жатқан қарсыластар алдынан шықты. Біреулер оған "Абылай үш жүздің басын біріктірген хан болған жоқ" деген сын айтты. Енді біреулер Абылай ханның оңтүстіктегі керші елдерге жорығы агрессиялық ниет-те болған әрекеттер дегенді айтты.
Хан Абылайды қазақ тарихындағы жағымсыз кейіпкерлер қатарына жатқызуға тырысты. Десек те, Манаш Қабашұлының зерделеген тарихы дұрыс деген тоқтамға келдік. Мінеки, осыдан-ақ барлық тарих ғылымның міндеті де, жауапкершілігі де ауыр деген тоқтамға келесің. Сол ауыртпалықты нардай көтерген шынайы ғалым академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев болғаны даусыз.
Біздің тарихты қазір жазып жүргендер бұрынғыларға "күйе жағуға" дайын тұрады да, өмірдің ащы да болса шындығына екшеу жасауға келгенде әлсіздік танытып жатады. Айталық, Алаш арыстары қазір түгелдей дерлік ақталмақ түгіл мақталып жатыр.
Мен бұған қарсы емеспін. Десек те, сол Алаш арыстарының екі топта болғаны да ақиқат қой. Мәселең Мұстафа Шоқай бастаған бір топ Ресейден іргені мүлде аулақ алып кетуге үндеді.
Ал Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған келесі топ Ресей Федерациясының құрамындағы автономия үшін күресті. Енді келіп үшіші топ большевиктер партиясының жағына шығып, елде социализм орна туға қызмет етті.
Бұл тарихи ақиқат. Қазіргі биіктен қарасақ, Алаштың осы бір-бірімен ымырасыз болған үш тобының да арман-мүддесі орындалған секілді. Большевиктер жағында болып, елде социализм жүйесін орнатуға қызмет өткендерді қалайша даттауға тиіспіз?! Жоқ, олар датталмай мақталуы керек. Өйткені, бізде сол кезде большевиктер партиясының соңына еріп, елімізде социализм орнатып алмасақ, жоғарыда аталған игіліктердің бірде-бірі болмас еді.
Егер Ресей Федерациясы құрамындағы автономияны жақтаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов тобындағылардың саяси ұстанымына келсек, бұл да көрегендік болды.
Әріні былай қойып, күні кешегіні еске алсақ, егемендігін жариялаған Қазақстан Республикасы, ең алдымен, өмірге әкелген халықаралық құжаттың бірі - Ресей Федерациясымен мәңгілік достық туралы декларация екенін ұмытпаған жөн. Алып та қарулы көршімен майданға шығып жеңе алмайсың.
Онымен тіл табысып, өмір сүрген әлдеқайда пайдапы.
Ал Мұстафа Шоқай ұстанған саяси бағытты да кезінде жүзеге аспағанымен сол замандағы болмысқа, жағдайға мүлде қайшы болғанымен, толығымен қателік деу көрсоқырлық болар еді. Өйткені, ата-бабамыздың ежелден ұмтылғаны - толық тәуелсіздік. Иә, бұл арман да орындалды.
Біз 1991 жылдың желтоқсанынан бері бүкіл әлем таныған және мойындаған толық тәуелсіз Қазақстан Республикасын құрып алдық.
Демек, КОКП тарихы мен Алаш тарихын бір кеңістікте қарастырсақ, бұлар бірін-бірі толықтырушы, бірін-бірі жетілдіруші деген дұрыс тұжырымға келе аламыз.
Тек негізгі идеялар кезең-кезеңмен уақыты келген кезде, әбден пісіп жетілген кезде болмысымыздан көрініс тапты. Одан біз ұтпасақ, ұтылған жоқпыз.
Әрі берідесін Сталин, Голощекин тұсындағы қуғын-сүргін туралы да КОКП, социализм секілді шартты ұғымдарды кінәлауға болмайды ғой.
Олай дейтін себебім, сол кезде қуғын-сүргіннің құрбаны болғандар біз айтып жүрген санаулы, сауатты арыстар тобы ғана емес, қарапайым адал шаруалар да атылып кеткені, итжеккенге айдалғаны баршаға белгілі.
Ал оларды Сталин түгіл Голощекин де көрмегең танып-білмеген еді ғой. Демек, Қазақстандағы қуғын-сүргіннің соншалықты мол көлемдегі қанды қырғынға ұласуына тікелей өзіміз кінәліміз. Мұны неге мойындамаймыз?!
Егер келер ұрпақ аман болсын, тәуелсіздік пен бейбіт өмір баянды болсын десек, қазақ ең әуелі бірін-бірі көреалмаушылық, жікке белінушілік секілді жаман әдеттерден арылуы үшін де біздің тарихымызда болған сондай ақиқаттарды бұрмаламай ашық айтайық. Қазіргі қазақтың басым бөлігі ұлт ұстаз
Абайдың "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деген өсиетін жаттап өсті десем қателес-песпін Солай бола турса да, өткен ғасырдың отызыншы жылдары түгід қазірдің өзінде улт устазының осынау өсиетін қаншалықты орын-дап жүрміз деп өзімізге-өзіміз сұрақ қойып, өмір сүре алсақ, сонда ғана ұлт мерейі үстем болады.
Біздің кейбір тарихшы сымақтар осы жағын айтуға келгенде үні шықпайды да, өткенді қаралауға келгенде жағы талмайды. Мұндайда шіркіндер-ай деуден басқа амал жоқ.
Иә, біздер - екі қоғамда, екі Қазақстанға қызмет еткен ұрпақ өкіліміз. КОКП билеген Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан Республикасының тарихын жазғанда мұндағы компартия істеген әрекет-і тердің бірде-бірін "қате" деу ешкімнің қолынан келмейтін. 1930 жылдардағы аштықтың өзін "компартияның қатесі" деуге болмайтын.
Ол түгіл патшалы Ресейге қарсы шыққан Кенесары Қасымовтың өзін "ұлт-азаттық көтерілістің басшысы" деген Ермұхан Бекмаханов айдалған болатын Мұндайда тікелей КОКП нұсқауымен болған оқиғалардың нәтижелерін "қателік еді" деу мумкін еместігін санасы бар адам түсінетін шығар. Осыны біле тұрып ғалымдарымызды айыптау "битке өкпелеп тонды отқа өртеу" болып шықпай ма?
Кезінде шу көтергендер басылған секілді. Шамасы өмірдің осынау ащы шындығын түсінгендіктері болар. Қай кезеңдегі қай сыншысы болса да Манаш Қабашұлына "ғалым емессің"дей алған жоқ. Себебі. олардың қай қайсысы да Мәкеңнің сұңғыла білімді жүйрік ғалым екенін білетін, мойындаған болатын.
Қазақстан тарихын жазуға ұлттық ғалымдардың бәрі дерлік қатысты. Бірақ солардың ішінде Манаш Қабашұлы зерттеген тақырыптар өзінің күрделілігімен, ауа қымдылығымен, маңыздылығымен ерекшеленетін.
Тәуелсіздікке қолжетпей тұрып-ақ, Манаш Қабашұлы әлі ақталып үлгірмеген арыстарымыз жайлы келелі ойлар айтқан мақалаларын жариялады. Сөйтіп, қазақтың ұлттық рухын оятуға қозғаушы күштей әсер етті.
Академик-тарихшы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың тындырып кеткен еңбегіне үңілсек, оның білімі мен күш-жігеріне қайран қаласың.
Ол - тарихшы-ғалым ретінде ұлтына, мемлекетіне адал қызмет ете алған ұлдардың бірі. Мен Манаш Қабашұлымен жақсы араласқан адаммын.
Әңгімеміз де жарасушы еді. Сондай кездердің бірінде: "Санап отырсам
780-дей ғылыми еңбек жазған екенмін.
Бұл аз ба, көп пе?'. Мәкеңнің еңбегі де, ол өзек болған мына сұрақ та мені ерекше таңғалдырды. Ерінбей еңбек ету жағына келгенде мен де ешкімнен кем емес едім.
Бірақ тарихшығалымның осындай мол дүние жасауы шын мәнінде оның ұлт шежіресі жайында сұңғыла білімді, ал еңбек етуге келгенде зор күш-қайратқа ие адам екенін көрсетіп тұрған жоқ па?
Өмірден озарының алдында Манаш Қабашұлы "Қазақстан тарихын" жазу жұмысына жетекшілік етті. Орайы келгенде айта кетейің дәл осы кешенді еңбектің экономикаға қатысты бөлімінде Манаш Қабашұлының тапсырмасымен менің де мақалаларым жазылып, басылған болатын.
Бес том болуға тиісті сол кешенді еңбектің үшеуінің Мәкеңнің көзі тірісінде жариялануы оның тәуелсіз еліне қызмет етуге келгенде нардың жүгін арқалайтын нағыз алып тұлға екенін көрсетсе керек.
2000 жылы Мәкеңнің "Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски" деп аталатын екі томдық монографиясы жарық көрді. Бұған қоса 9-сынып оқушылары үшін орысша-қазақша "Қазақстан тарихын" жазып, баспадан шығарды.
Сондай-ақ, Манаш Қабашұлы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан тарихындағы "Ақтаңдақтар" деген таңбамен енген кезеңдерге қайта үңіліп, кезінде бүкіл оқырманның ыстық ықыласына бөленген тамаша ғылыми-зерттеу мақалаларын жариялады.
Олардың қатарында: "Голощекин. Саяси портрет", "Сталин және Қазақстан", "Хрущев және Қазақстан", "Брежнев және Қазақстан" атты кешенді еңбектер болды.
Отанымыздың тарихына, өміріне, болмыс-бітіміне ерекше әсер еткен сол бір кезең, сол.бір ірі саяси тұлғаларға Мәкең сөйтіп қайтадан оралып, XXI ғасыр биігінен сол кездердің болмыс-бітіміне өз бағасын беріп шықты.
Оның Абылай хан, кенесары, вұқар жырау, Абай, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұпаң Мәлік Ғабдуллин, Ілияс Есенберлин, Салық Зиманов секілді ұлтымыздың біртуар таланттарына берген әділ бағасы да оқырман көкейінен шыққан тамаша дүниелер екені даусыз.
Манаш Қабашұлының артында қалған мол мұрасына келетін болсақ, ол талай ұрпақтың игілігі болатын дүниелер деп ойлаймын. Өйткені, адамзаттың саналы тобы әрқашанда "мен осы қайдан шықтым, ата-бабам кім еді, ұлтым қалай пайда болды?" деген сұрақтарға жауап іздейді. Сол кезде олардың қай қайсысы да тарих ғылымындағы Манаш Қабашұлы Қозыбаев деген алыппен жолығады.
Ол дүние салғанда отандық бұқаралық ақпарат құралдары "Қазақстанның тарих ғылымы орын толмас қазаға душар болды", - деп жазды. Иә, оның өмірден озуы бізді осылайша ойсыратып кетті.
Десек те, Манаш Қабашұлы Абай айтқандай: "Өлді деуге бола ма
айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған" деген ғақлия арналатындар тобына жататын тұлға.
Біз және бізден кейінгі талай ұрпақ онымен тарих беттерінде кездесіп, ұлт шежіресін шын түсінуде ғұлама ғалымды өзінің ақылшы абызына айналдырары сөзсіз. Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың тарихы - тұтастай ұлт шежіресі.
Сағындық Сатыбалдин, экономика ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңген қайраткері.
Суретте: Ұлттық ғылым академиясының академиктері: (солдан оңға қарай) Сағындық Сатыбалдиң Кенжеғали Сағадиев, Манаш Қозыбаев және Өмірзақ Сұлтанғазин.
Сатыбалдин.С.Ұлт шежіресін жазған ғалым. // Солтүстік Қазақстан. – 2016 . – 1 қараша. – 3 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |