Ғұлама тарихшы
Қазактың ғұлама ғалымы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.
Мәкеңнің қандай адам болғанын әйгілі ақын Кәкімбек Салықов өзінің "Қазақтың Манашы" атты эссесінде: "Манаш Қабашұлы Қозыбаев кім? дегенде менің ойыма оның бір сырлы мінезі мен мың қырлы қасиеттері түседі.
Алдымен оны сергек сезіммен ақыл-парасаты үйлескен ел алдындағы парызын әділ де адал ақтап өткен халқымыздың ең сүйікті перзенттерінің бірі, нар тұлға деп танимың ізденімпаз, терең ойлы, зерлі оқымысты, теңізден маржан тергендей тапқырлықтың иесі, дарынды жаң өресі биік энциклопедист, әмбебап білімдар, әдебиет пен мәдениет, өнер мен бүкіл өмірімізді жіті білетін ғалым.
Ерекше еңбекқорлығына адамсүйгіш мейірбан мінезі сәйкес, тамаша тәлімгер, тарих ғылымының өз мектебін құрған ұлы ұстаз. Қазақ халқының тарихының егжейі мен тегжейін әлімсақтан білетін ұлттық дәстүр, тіліміз бен діліміздің салт-санамызды жіті зерттеген және соның бәрінің айбынды қорғаны болғаң көпшіл де сепшіл, сөзі мен ісі үйлескең мемлекет және қоғам қайраткері.
Кішіпейіл, қарапайым, ақкөңіл анадан асып туған, текті әулеттің ары болған ақынжанды абзал азаматтығына не жетсін?! Еліміз Тәуелсіздік алған дәуірдегі тарихшыларымыздың көш басындағы қолбасшысы, ата тарихымыздың ақтаңдақтарын ашып берген ғүла-ма екендігі дүйім жұртқа мәлім. Ірі суреткер, жазушы, қаламы ушқыр ақың сөйлер сөзге келгенде ал-дына жан салмайтың қиыннан қиыстыратын шешең аузы дуалы кесемдігі тағы бар. Міне, мен біле-тін қазақтың Манашы осындай", -деп суреттепті.
Манаш Қабашұлы 1931 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысының Меңдіқара ауылындағы Тазкөл ауылында туған. 1947 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесің 1953 жылыС.М. Киров (қазіргі Әл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген Болашақ ғалым еңбек жолын Қостанай педагогикалық институтында ұстаздық етуден бастайды.Сонда қызмет еткен бес жылда ол ұстаздық қызметімен қатар ғылыми-зерттеу ісімен айналысады. Қостанай өңіріне қара шекпенділердің қоныстануы, "Ақпан", "Қазан" төңкерісі, "Колчак" билігі сияқты басқа да тарихи мәселелер теңірегінде үлкен ізденістер жасады. Қазақтың қайраткер ұлы Әліби Жангелдин туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарияланды.
Жас тарихшы 1958 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтына қызметке шақырылады. Осында қызмет атқарып жүріп, Манаш Қозыбаевтың 1962 жылы Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті Сақтаған Бәйішевтің жетекшілігімен Ұлы Отан соғысы тақырыбында қорғаған кандидаттық диссертациясы жоғары бағаланып, оған осы тақырыпты кеңейту арқылы докторлық диссертация жазу ұсынылады.
Осы ұсыныстан кейін арада екі жыл өткенде жас ғалым докторлық диссертациясын тамамдап, соның негізінде көлемі 20 баспа табақтық монография шығарды. Бұл еңбек белгілі кеңес тарихшысы Ю.В. Арутюняннің пікірінше, осы мәселеге арналған еңбектің ең көрнектілерінің бірі деп бағаланды.
Ғалым монографиясына соғыс кезіндегі тыл проблемасын өзек етті. Онда тарихи әдебиетте ең бірінші рет МТС және кеңшарларда уйым-дастырылған саяси бөлімдерде орын алған әскери әкімшілік, өктемшілік әрекеттер ашық жазылды.
Бірақ жас ғалымның тым батыл көзқарастары "кейбіреулерге" ұнамағандықтаң докторлық диссертацияны қорғау кейінге қалдырылды. Мұны байқаған академик С. Бәйішев жас ғалымға ақылын айтып, монографиядағы партияның әкімшілдік-әміршілдік қызметін сынаудан гөрі халықтың майданға қосқан үлесіне баса назар аударуды ұсынды.
Ұстаз кеңесі бойынша "жуасытылған" диссер-тация кейін 1969 жылы ойдағыдай қорғалды. Келесі жылы тарих ғы-лымдарының докторы Манаш Қозыбаевтың "Қазақстан — майдан арсеналы" атты монографиясы жарық көрді. Онда автор қазақ даласының байлығы да, малы да, жаны да майдан жолына бағытталғанын жан-жақты көрсетті. Өзінің ғылыми жаңалығымең деректік негізімен. ғалымдық батылдығымен жазылған бұл еңбек сол кездегі тарихнамаға елеулі үлес қосты. Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеу-де ерекше орын алған еңбегі үшін автор Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атында-ғы сыйлығының лауреаты атанды, Бүкілодақтық конкурста монография сол жылғы шыққан еңбектердің ең үздігі деп танылды.
Профессор Манаш Қозыбаев сонау жетпісінші жылдардың басында-ақ республикадағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін ғалымдардың алдыңғы қатарына шықты. 1974-1979 жылдары ол Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында, Қазақзақ мемлекеттік университеті жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. Оның ғылым жолындағы өмірінің белесті кезеңдерінің бірі қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакторы болған жылдар (1979-1986) еді. Сол кезде оның басшылығымен қазақ және орыс тілдерінде төрт томдық "Қазақ КСР-нің қысқаша энциклопедиясы" жарық көрді. Ол әлемнің 38 еліне тарады.
Бұдан кейін Манаш Қабашұлы Қазақстан Ғылым академиясының тарих, археология және этнология институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін (2002 ж.) осы институт директоры қызметін атқарды.
Жауапты қызметтерді белсенді атқарып жүріп академик Манаш Қозыбаев ел тарихын зерделеп, көптеген ғылыми еңбектер жазды. Ол әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұған дейін жазуға тыйым салынған проблемаларды зерттеуге көп күш жұмсады, әр тұстағы мұрағаттарды ақтарып, ақтаңдақтарды ашуға кірісті. Осы кезде Мәкең Тәуелсіздік берген еркіндікті пайдаланып, Отантану ғылымының жаңа тұжырымдамасын жасады.
Оның зерттеулері негізінде Қазақстанның Ресейдің отарына айналу удерісі қазақ халқының ұлттық муддесінің тұрғысынан қайта қаралды. Кеңес Одағы кезіндегі саяси қуғын-сүргін тарихы зерттелді, оның құрбандары ақталды. Ауыл шаруашылығын күштеп уйымдастыру және қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру тарихы мен оның қасіретті салдары ашықайтылды.
Ол республика ғалымдарының ішінде бірінші болып 1932-1933 жылдардағы отаршылықтың жантүршігерлік трагедиясын ашып көрсетіп "Шындық тағылымы", қазақ жерін отар-лауды, елін аздырып, жерін тоздырғаң халқын қанға бөктірген патшаның баскесер жендеті Ермактың жауыздығын әшкерелеген "Ермак: аңыз бен ақиқат" атты еңбегін жариялады. Соңғы еңбекке қарсы пікір айтып, қанішер Ермакты қорғаушылар да болды сол кезде.
Ғалым еліміздің тарихының өзекті проблемаларын жіктеп-жіліктеп көрсеткен "Ақтаңдақтар ақиқаты" атты сүбелі ғылыми еңбегі арқылы қазақ халқының құрметіне, оқырман ықыласына бөленді. Оның "Голощекиа Саяси портрет", "Сталин және Қазақстан", "Хрущев және Қазақстан", "Брежнев және Қазақстан", "Абылай хан" сияқты мақалалары республика әдебиетінде портреттер галереясын жасаудағы алғашқы қадам болды. Ал оның Абылай, Кенесары, Бұқар жырау, Қожаберген жырау, Абай, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев,
Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллиң I. Есенберлиң С. Зиманов туралы мақала, эсселері ақынжанды ака-демиктің қаламгерлік қабілетін танытқан туындылар еді.
Академик Манаш Қозыбаевтың ғылымдағы ерлігі мен жетістіктері туралы көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед: "Отызға жетпей орда бузып ғылым кандидаты, қырыққа толмай жатып қамал бұзып ғылым докторы, профессор атанды, елуге жетпей Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі болды", - деп жазды.
Академик Манаш Қозыбаев өзі-нің 40 жылғы ғылыми өмірінде 800-ден астам еңбек жазып, тарихы-мыздың белгісіз қатпар-қатпар қойнауын ашып, ел назарына ұсынды. Оның ішінде 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбегі бар, оқулықтар мен оқу құралдары біртөбе.
М. Қозыбаевтың еңбектері Ресей, АҚШ, Қытай, Туркия, Ирақ Корея, Украина, Беларусь, Өзбекстаң Қырғызстаң Армения сияқты елдерде басылып шықты. Ұстаз-ғалымның жетекшілігімен тоқсанға жуық ізденуші кандидаттық және докторлық диссертация қорғады.
Манаш Қозыбаев ірі тарихшы ғалым ғана емес, сонымен қатар, ол ғылыми жумыстардың шебер ұйымдастырушысы болды. Академиктің бұл қыры оның Ұлттық Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтын басқару барысында, әсіресе, Ғылым академиясы мен еліміздің белгілі қоғамтанушыларын Қазақстанның жаңа 5 томдық академиялық тарихын жазу ісіне жумылдыра білуінен ай-қын көрінді. Ол тарих ғылымының маманданған бірнеше буынын тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ғалым осы салада өзінің тұтас бір мектебін қалыптастырды.
Академик Манаш Қозыбаев қазақтың әйгілі батыры, "Елім-ай" дастанының авторы Қожаберген жыраудың қазақ ұлтына сіңірген зор патриоттық еңбегін ерекше бағалап, оны тарихтағы өз орнына қойды. Солтүстік Қазақстан мем-лекеттік университетінде ұлы жырауға арналған конференцияда жасаған баяндамасында Манаш Қабашұлы: "Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны. Қожаберген тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз заманының ұлы мемлекет қайраткері...
Қожаберген бабамыз сонымен қатар, атақты ақын, жырау еді. Ол өзінің туындысы "Елім-айда" ғана бір ғасырдың сырың мұңын ашты. "Елім-ай" - ұлтымыздың "Илиада" мен "Одиссея" сынды эпикалық өміршең туындысы, - деп бағалай келе, - "Ендеше Қожаберген бабамызды қол бастаған батырдан өтіп, ғасырлар қойнауына мұра етіп алып келе жатқан асылымыздың авторын - Дауылпаз жырау деп атау орынды...
Қожаберген есімі Әз-Тәуке хаң Абылай хаң Әбілхайыр хаң Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында Отан тарихында қатталады, - деп, ұлы бабамыздың тарихтағы орнын айқындап берді. Мәкең еліміздің Тәуелсіздігін зор қуанышпен қарсы алды. "Еліміз Тәуелсіздік алды. Шүкіршілік. Ендігі түбегейлі мәселе тәуелсіздікті шыңдауға, оны жан-жақты баянды ету үшін еңбек етуге тіреледі, шын мәнінде бұл оңай шаруа емес, өйткені, біздің бұгінгі таңда қолымыз жеткені саяси тәуелсіздікті жария еткеніміз ғана.
Енді сол бостандықты экономикалық, рухани, ақпараттық, экологиялық, ғылыми тәуелсіздіктермен жан-жағынан сүйеуіміз керек. Иә, біздің ұрпақтың еншісіне тиген үлес - ұлт өмірінде бір-ақ рет кездесетін осы сәтті іске асыру міндеті. Ол міндетті орындау тарих алдындағы парыз деу орынды шығар", - деген болатын ғалым.
Манаш Қозыбаев ақынжанды ғалым еді. Көрнекті ғалым, білікті устаз Зейнолла Қабдолов ол тура-лы: "Манаш тарихшылар ішіндегі нағыз ақын еді. Оның сөйлегендегі шешендігі де, ойлағандағы көсем-дігі де осынау ақпа-төкпе, ағыл-тегіл ақындығында жататын", -дегенеді.
Манаш Қозыбаевтың тарих саласындағы зор еңбегі көзі тірісінде зиялы қауымның да, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан да жоғары баға алды.
Ол Ұлттық Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лау-реаты атанды, "Парасат" орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акаде-миясының академигі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болды.
Манаш Қозыбаев Қостанай қаласының құрметті азаматы. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің, Шәкәрім атындағы Семей университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қарағанды медицина академиясының құрметті профессоры.
Дүниеден өтсе де, елім деп еңірегең халқына жан-тәнімен аянбай еңбек еткен Манаштың есімі ел жадында қалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни-верситетіне Манаш Қозыбаевтың есімі берілді.
Университет ғимаратының алдына ғалымның мүсіні орнатылды. Университетте оның мұражайы ашылды жане оның атында аудитория жабдықталды. Алматы қаласының бір көшесі "Академик Манаш Қозыбаев атындағы көше" деп аталды. Ғұлама тарихшы ғалымның есімі халық жадында мәңгі сақталады.
Қайролла Мұқанов. педагогикалық еңбек ардагері, өлкетанушы.
Мұқанов.Қ.Ғұлама тарихшы. //Қызылжар нұры. 18 қараша. – 2016. -3 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |