Жылу беріп үйлерге, жарқыратты түнекті

"СЕВКАЗЭНЕРГО" акционерлік қоғамы еліміздегі энергиямен қамтамасыз етудің барлық буынын (жылу мен электр энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу) қамтитын ірі компаниялардың бірі болып саналады. Ол 580 мың солтүстікқазақстандықты электр қуатымен, Петропавл қаласының 206 мың тұрғынын жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның тарихы тереңде жатқанын бүгінде көпшілік қауым біле бермес.  Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ашылған жылу электр орталығының облыс экономикасының дамуында өзіндік орны бар. Биыл облысымыздың құрылғанына 80 жыл толады. Осы уақыт аралығында өңірде көптеген ауқымды іс атқарылды. Кәсіпорындар іске қосылып, зауыттар ашылды. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық нысандар пайдалануға берілді. Бір сөзбен айтқанда, облысымыз дамудың даңғыл жолына түсті.

Жарықсыз өмір қара түнекпен бірдей екені бәрімізге белгілі. Кез келген жұмыс электр қуатын қажет етеді. Онсыз өмір сүру қиын. Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы 1600 кВт бірінші локомобильді электр станциясы 1936 жылы іске қосылды. Алғашқы электр шамы 1925 жылы Қызылжар ауданының Архангелка ауылында жағылғанын да бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Петропавл станциясының локомотив депосында алғашқы электрмен қамтамасыз ететін дизельді электр станциясы 1987 жылы пайдалануға берілді. Электр станциясы локомотив және вагон депосын, Петропавл вокзалын, ет-консерві комбинатын, Жұмысшы кентінің үйлерін және әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс аумағына көшірілген қорғаныс зауыттарын энергиямен қамту үшін №1 жылу-электр орталығы іске қосылды. Алайда, өркендеп келе жатқан өңірді электрмен жабдықтауға №1 жылу-электр орталығының қуаттылығы жетпейтін болды.

1954 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тың игеру және кеңшарлар мен ұжымшарларды салуға байланысты 600-ден астам кішігірім дизельді электр станциялары пайдалануға беріліп, олар 1969 жылға дейін жұмыс істеді. 1958 жылы 110 кВт электр тарататын "Омбы-Петропавл-Қорған" желісінің бірінші кезегі іске қосылды. Оған "Булаев-Нефть" тірек қосалқы станциясы қосылған болатын. Ол әлі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі электр желісі болып табылады. 1960 жылдан Петропавл теміржол бөлімін энергиямен қамтамасыз ететін Петропавл дистанциясы жұмыс істеді. Ол "Есілкөл-Петропавл-Макушино" теміржолы бойындағы ауыл шаруашылығы тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтады. Электр қуатымен қамту  дистанциясының бірінші директоры Александр  Липовой болды.

  Электр станциясы үшін 1961 жыл ерекше болды. Сол уақытта Петропавл теміржол бөлімінде электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып жатқан еді. Пойыздардың қозғалысы электр тоғының күшіне ауыстырылып, тепловоздардың орнын электровоздар басты.

Дәл сол жылы Петропавл №2 жылу-электр орталығы іске қосылды. Ол Солтүстік Қазақстан облысын жаппай электр қуатымен жабдықтаудың алғашқы кезеңінің аяқталуымен айшықталды. Ірі жылу-электр орталығының бірінші директоры қызметіне Василий Кукушкин тағайындалды. 1965 жылы №2 жылу-электр орталығы жылу жүйелері цехының негізінде "Целинэнерго" Петропавл жылу жүйелері басқармасы құрылды. "Целинэнерго" АБ өкімі бойынша №1 ЖЭО кәсіпорнының негізінде Петропавл электр жүйелері кәсіпорны ұйымдастырылды. Аудандық электр қуатымен жабдықтау бөлімшелерін құру жұмыстарыбасталды. Осы кезеңнен бастап аймақты электр қуатымен жабдықтаудың 90-жылдарға дейін созылған ең негізгі кезеңі басталды. Ал 1998 жылы облыстың энергетика саласы "Ак-сесс Индастриз" компаниясының басқаруына кешті. Қазір кәсіпорын "Орталық-Азия электро-энергетикалық корпорациясы" АҚ-ның компаниялартобына кіреді.

Бүгінде "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ құрамында Петропавл №2 жылу-электр орталығы, "Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" АҚ, "Петропавл жылу  желілері" ЖШС, "Севказэнергосбыт" ЖШС бар. Облыс тұрғындарын жылу және қуатпен қамтамасыз етумен қатар, өңірдің 5 600 өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына да қызмет көрсетеді. Петропавл №2 жылу-электр орталығының белгіленген жиынтық электр қуаты  -  434 МВт, белгіленген жылу қуаты — 791,65 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланатын негізгі отын -Екібастұз бассейнінің тас көмірі. "СЕВКАЗ-ЭНЕРГО" АҚ-да өндірілетін электр қуаты біздің облысымызбен қатар, еліміздің орталық, шығыс, оңтүстікаймақтарына, сондай-ақ, республикадан тыс жерлерге тасымалданады. Компанияның электр қуатын тасымалдау желілерінің ұзындығы — 13 566,40 километрге жуық. Жылу желілерінің ұзындығы — 233, 347 км. Компания корпоративті басқару қағидаларын белсенді енгізіп, бизнес-процестерді оңтайландырып, өндіріс, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе бойынша жұмыс жүргізуді жетілдіруде.

 Біздің кәсіпорында қуат көзі мен ресурс үнемдейтін іс-шараларға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Заңының талаптарымен орындалады. Энергетикалық компаниямың әрбір кәсіпорпында жыл сайын энергия үнемдеудің мемлекеттік бағдарламасы, негізгі жабдықты қайта құру, жаңғырту және ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Энергия үнемдейтін іс-шараларға энергетикалық кешеннің әрбір кәсіпорнында алдыңғы қатарлы автоматтандырылған жүйені енгізуді, сондай-ақ, жоғары технологиялық энергия үнемдеу материалдарын пайдалану және энергия үнемдеудің ұзақмерзімді бағдарламаларын әзірлеуді жатқызуға болады. Осылайша өзінің өндірістік көрсеткіштерін арттыра отырып, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ алынған энергияны тиімді әрі ұқыпты пайдалануға барынша жауапкершілікпен қарайды.

Компанияда 2014 жылы өткізілген энерго-аудиттің қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес Петропавл №2 ЖЭО-да энергия тиімділігін арттырудың арнайы бесжылдық бағдарламасы жүзеге асырылуда: Бұл бағдарламаны орындау барысында былтыр 50,7 мың тонна көмір үнемделді.

2015 жылдың қыркүйек айында №1 турбоагрегаттың іске қосылуы жылу электр орталығы үшін маңызды оқиға болды. Жаңа турбина станция жұмысын тиімді ұйымдастыруға, үнемділікті арттыруға, сондай-ақ, белгіленген қуаттылықты 21 МВт-қа көтеруге және жылына өндірілетін электр қуатын 223,6 млн. кВт/с. ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, былтыр №7 турбоагрегат жаңғыртылды.

Қазіргі уақытта №2 ЖЭО-да №5 турбо-агрегатты салу жұмыстары жалғасуда. Жаңа турбинаны желіге қосу 2016 жылғы қараша айына жоспарланған, ол станцияның белгіленген қуаттылығын электр энергиясы бойынша 62 МВт-қа және жылу энергиясын 35 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2015 жылғы ақпан айында жылу-электр орталығында №12 қазандық агрегатын қайта құру бойынша жұмыстар басталды, оны пайдалануға беру биылғы жылға жоспарланған.: Энергия үнемдеу бойынша өткізілген шаралардың арқасында Петропавл №2 ЖЭО-да отынның үлесті шығындарын азайтудан көмір үнемділігі 32,1 мың тоннаны құрады. Былтыр Петропавл №2 ЖЭО 2 809 138 мың кВт/с. электр қуатын өндірді. Үстіміздегі жылы станцияда 3 232 960 мың кВт/с. Электр қуатын өндіру жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15 пайызға артық.

 "Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" АҚ-да энергия үнемдеу бағдарламасының аясында желіні сырты қапталған сымға ауыстыру, көтерме және бөлшек сауда нарықтарының электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жүргізілуде. 2015 жылы компания 25,3 шақырымға осындай сапалы сым тартты.

Бұл технология көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға бағытталған."Петропавл жылу жүйелері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуат көзі мен ресурс үнемдейтін іс-шараларға көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның басты мақсаты жылу қуатының шығындарын азайту мен жабдықтың тозу көрсеткіштерін төмендету болып табылады. Осылайша кәсіпорында "2016-2020 жылдар аралығында "Петропавл жылу жүйелері" ЖШС-ін дамыту, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық бағдарлама әзірленген. Бұл бағдарлама "Петропавл жылу жүйелері" ЖШС-нің өз қаржысы, сондай-ақ, "Еуропалық қайта құру және даму банкінің" инвестициялық заемы мен "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. 

 Былтыр аталмыш банк заемына "Петропавл жылу жүйелері" ЖШС жылу желісінің 5 шақырымы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, "КАЗНИПИЭнергопром" институты" АҚ-мен жалпы ұзындығы 31 шақырым болатын Петропавл қаласының жылу желілерін қайта жабдықтаудан өткізуге 11 жоба бойынша келісімшарт жасалды. Жылу желілері кәсіпіорындарында қолданыстағы инвестициялық  бағдарламадан басқа да жөндеу жұмыстары көзделген. Өткен жылы желінің 13,6 шақырымы ауыстырылып, ашық құбыр желілерінің 5,2 шақырымы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 3 жылу бекеті мен 12 жылу камерасы жөнделді.  Биыл да серіктестікте бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 

Леонид Ларичев. "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ-ның бас директоры.

Ларичев.Л. Жылу беріп үйлерге, жарқыратты түнекті //Солтүстік Қазақстан. – 31 мамыр. – 2016 .- 3 б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий