Яков БАТЫРЕВ

                                                                             Яков БАТЫРЕВ

 1910 жылы қазіргі Жамбыл ауданындағы Новомихайловка ауылында туған.

 1941 жылы шілдеде Преснов аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армияға шақырып, Петропавл қаласында жасақталған 314-ші  атқыштар дивизиясына алынды.

 Осы дивизияның құрамында Ленинград түбіндегі ұрыстарға қатысты.

 Жерлес жауынгер 1943 жылғы ақпанда Ленинград қоршауын бұзған күндерде жараланды.

 Жарасы жазылған соң 218-ші атқыштар дивизиясына жіберілді.

 1943 жылғы маусымда екінші рет жараланды. 1944 жылғы қаңтарда 78-ші атқыштар дивизиясының құрамында соғысып жүрген кезде үшінші рет жарақат алды.

Госпитальда емделген соң 1944 жылғы мамырда старшина Батырев 46-шы атқыштар дивизиясындағы 40-шы жеке сапер батальоны взвод командирінің көмекшісі болып тағайындалды.

Осы батальонның құрамында Я.Батырев гитлерлік Германиямен соғыстың соңына дейін шайқасып, ауыр шабуылдар кезінде кезге түсті.

1944 жылдың 22 қарашасында да мина қойылған алқапты тазартып, шабуылдап келе жатқан Кеңес әскеріне жол ашқаны үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденін алды.

1945 жылдың 3 ақпанында танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын 318 минаны жеке өзі алғаны үшін екінші дәрежелі Даңқ орденін омырауына қадады.

1945 жылдың 29 маусымында неміс қалаларын алғандағы ерлігі үшін бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылдың қазан айында Даңқ орденінің толық иегері Пресновкаға оралып, тракторшы, комбайншы, бригадирдің көмекшісі, бригадир болып істеді.


 

// Cолтүстік Қазақстан. -2015. – 18 сәуір. – 4 бет .

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий