Тимофей ПОЗОЛОТИН
1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка ауылында туған Әкеден жастай айырлғанан ол 5-ші сыныптан соң оқуын узуге мәжбур болады. Еңбек жолын хат тасушылықтан бастап, кейін киноме-ханиктікке ауысты. 1930 жылы қазанда Тимофей Позолотин әскер қатарына шақырылып, Солтүстік Кавказ округіне қарасты 12-ші атты әскер дивизиясына жіберілді.
Соғыстың алдында ол 29-шы мотоатқыштар дивизиясының 47-ші танк полкінде қызмет етті.
Жаумен алғаш бетпе-бет жолығысуы -1941 жылдың 22 маусымы. 4 шілде күні плацдармдағы жалпы басшылықты қолға алған қатты ұрыста Т.Позолотин жаралан-ғанына қарамастан, жауынгерлік бүйрықты орындай берді. Қанды шайқас екі күн бойы апма-кезекжалғасып, екі жақ итжығыс түсіп жатты. Екінші ретжараланғаннан кейінғана госпитальға баруға келісті.
Госпитальдан жазылып шыққан оны алда ауыр шайқастар күтіп тұрған еді. Батыс майдан округінде танкистер батальо-нын басқарды. Мәскеу тубінде жауяы талқандаған шайқаста шебер басшылығы мен ерлігі, ежеттілігі үшін Қызыл Жүлдыз ор-денімен марапатталды.
Оның полкі Донда румын және неміс жаяу әскерлері дивизияларының тылына шығып, күйрете соққы беріп, қарсылас жаудың екі қүрамасының 10 мың солдатын жойып, қалғандарын түтқынға алды.
Осы операция үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 1942 жылғы 26 желтоқсанда Тимофей Семенович Позолотинге Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
Ол неміс басқыншыларының үрейін үшырды. 1943 жылғы мамыр айынан бастап Тимофей Позолотин Белгород - Харьков операциясына қатысқан 19-шы гвардиялық танкбригадасына басшылықжасады.
Неміс командованиесі қоршауда қалу қаупінен
сақтанып, Харьков маңында СС-тің танк дивизиясының күшіне сүйене қарсы шабуылға шықты.
19-шы гвардиялық танк бригадысы барлық шабушылардын тойтарып немістердің жоспарын іске асырмады
немістердің жоспарын іске асырмады. Олар шілде-тамыз айларында Курск иіні түбіндегі қанды шайқастарға қатысты.
1943 жылғы 21 тамызда жараланған жерлес жауынгер ұрыс даласын тастап кетпей, шайқасты басқара берді. 1943 жылғы 19 қыркүйекте Бабанск аймағындағы бір қатты шайқаста Тимофей Позолотин жау оғының жарықшағынан ерлікпен қаза тауып, Мәскеудің Новодевичье зиратына жерленді
Ержүрек солтүстікқазақстандықтың есімі Петропавл қаласындағы көшеге беріліп, Явленка ауылында мүсіні орнатылды
("Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).
//Солтүстік Қазақстан.-2015-20қантар.-5бет
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |