Сындарлы шақта шыңдалған ғұмыр

                                                                                       Сындарлы шақта шыңдалған ғұмыр

Мичеслав Левкович 1932 жылы 4 мамырда туған. Сол отызыншы жылдары Украинаның Житомир облысының Ярум ауданындағы Корытощи селосы гүлдеген алма ағашындай жайқалатын еді. Мұнда украиндер, поляктар, еврейлер туратын. Осы шағын селоның тұрғындары өте тату болды, үй шаруашылықтарын устайтын, балаларын өсіріп, жарқын болашақты арман етті. Кенеттен бәрі күйреп сала берді.

1936 жылдың қыркүйек айы ішінде жұрт дереу жолға жиналуға бүйрық алды. Өздерімен бірге бағалы заттары мен киім түйіншектерін ғана алуға рұқсат етті. Шіркің санадан
өшпейтін естеліктер-ай десеңші!.. Жарты ғасыр еткенімен, әлі де маза бермейді... Атпен таяудағы станцияға жеткізді. "Мен онда 4 жасқа да толмаппын Ештеңені түсінбеймің бірақ бір қорқыныш сезімі әлі үмытылмайды. Анамның жылаған жүзі, әкемнің бірден қарайып кеткені есімде. Не үшін? Неге туған үйімізді тастап, көшуіміз керек?".

Станцияда бұларды мал сияқты тауарлық вагондарға қамап, пойыз жүріп кетті. Өксік пен қарғыс сөзі араласып, кездің жасы көл боп ақты. "Құдайым-ай, не жаздық сошама?" - деп жылайды жұрт. "Әлде поляк болып туғанымыз үшін кінәлі болдықпа?".
Сөйтіп, не керек, жолда бір ай жүрді. Вагондар адамға лық толы болатын Оның іші қапырық, ауру мен өлім де бар. Вагондардың тор-ы терезесінен ақшаңқан әдемі үйлері қол бүлғап қоштасқандай артта қалыпжатты.Бұл адамдар Қазақстанға өз ықтиярларымен келген жоқ. Оларды Солтүстік Қазақстанның алыс-тағы аудандарына жіберді. Ақыры пойыз тоқтап, вагондар ашылды,

түсулеріне бұйрық берді. Вагондардан қотарыла түскен жұрт: "Қазақстан", "Қазақстан" деп шула-сып жатты. Бірақ оларды әй-шайға қаратпастан тосып түрған көліктерге мінгізіп, станцияға қарай бет алды. Тоқтаған жерлерінің Ново-Сухотино кенті екенін кейін білді. Ер-азаматтардың: "Қандай кең жер, Украинада осындай жеріміз болса ғой", - деген сездері естіліп жатты.
Тайынша станциясында маши-налар күтіп тұр екен, соларға отырып, жаңа қоныстарына жетті. Ол ағаш арасындағы бір өзекше жер екен Кезге түсерліктей бірде-бір үй көзге шапынған жоқ, тек алыстан екі ферма ғана керінді.

Кейін білгендеріндей, оларда "Ассакаровшылар" деп аталатын орыс қоныс аударушылары тұрады екен. Жер ауып келгендердің үлкендері үлкен шатырлар тігуге кіріседі, ал көпшілік үйлі-баранды ер-азаматтарға жер үй қазып алуларына кеңес береді.
Өйткені мұнда жаз қысқа, ал қыс Украина-дағыдай емес, қатты екен 1939 жылы әкесі қайғылы қазаға ұшырады. Мичеслав Карловичтің сегізге толмай жатып, үй шаруасын ез мойнына алып, жүмыс істейтін анасының қолын босатып, інісін езі бағып-қағуына тура келді. Жер ау-ғандар біртіндеп жергілікті мате-риалға үйреніп, одан үй түрғызатын болды. Сөйтіп, жаңа жерге енді-енді ғана үйреніп, тұрмыстары түзеле бастағанда соғыс басталып кетті. Он жастағы бала Мичеслав анасы мен інісіне көмектесуге бар жанын сапды. Бүгінде осы егде жастағы қарапайым жан "Егер жергілікті қа-зақтар кемектеспегенде тірі қалар-қалмасымыз да белгісіз еді", - деп ескеалады.

Шешесі осы ауыртпалықтың бәрін көтере алмай, көптен күткен Жеңіс жылы ауыр науқастан жатып қалды. Сегіз жыл тесекке таңылып, оны бағып-қағу жұмысы әлі бұға-насы қатпаған баланың иығына түсті, сөйтіп ерте есейді.
Соғыс жылдары жұмысты бақта-шыдан бастаған Мичеслав Карлович жылқышы да болды. Сосын атшы болып Тайышіа станциясына астық тасыған да кезі бар. Одан кейінгі жылдары тек механизатор болып еңбек етті. Талай мәрте социалистік жарыс озаты атанып, Еңбек Қызыл орденімен марапатталды. Соғыс жылдарындағы еңбегі де елеусіз қалған жоқ, оның мерекелік медальдарын алды.

Мичеслав Карлович соғыс жыл-дары да және одан кейінде де мал бағып, бақташы болды. 1952 жылы Озерное ауылында малшы болып жүрген кезінде Цезария есімді ақжарқын сауыншы қызды жолық-тырып, шаңырақ құрды. Бұлар тұрған Летовочное ауылының тари-хындағы басты оқиға - тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954 жылы наурызда МТС-қа Ленинград, Воронеж қалалары мен Украина-ның өкілдері келе бастады. МТС жанында қысқа мерзімдік курстар ұйымдастырылып, 60 тракгоршы дайындалды. Солардың арасында Мичеслав Карлович те бар. Сол жылғы наурыз айында бәрі тың далаға бет түзеді.

Астық орасан шығып, мемлекеттік тапсырыс жоспары асыра орындалды. 1973 жылы ауданның үздік комбайкиы-сы атағын жеңіп алды. Облыстық партия комитетінің алғыс хатымен марапатталды, 1968 жылы Букіл-одақтық халық шаруашылығы жетістіктері кермесіне қатысты.
Мичеслав Карлович 1955 жыл-дан бері Тайыша ауданындағы Летовочное ауылында түрады. Бес бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде оның 12 немересі, 19 шөбересі бар.

Өткен жылы зайыбы Цезария Владиславовна екеуі бақытты шаңырақ қүрғандарының 60 жыл-дық торқалы тойын атап өтті. Әдетте, Мичеслав ақсақал өмір жайынан сыр шерткенді үната қоймайды. "Жүрт сияқты өмір сүрдім, бәрімізге де оңай болған жоқ",- деп қысқағана қайырады

("Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).



//Солтүстік Қазақстан.-2015.15қаңтар.-3бет.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий