Солтустікқазақстандық Кеңес Одагының Батырлары Павел СВЕЧНИКОВ

                                                
                                                      Солтустікқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

                                                      Павел СВЕЧНИКОВ

1926 жылғы қаңтарда қазіргі Шал ақын ауданындағы Коноваловка ауылында туған.

1932 жылы оның отбасы Фрунзе қаласына көшіп барады.

Сонда ержетіп, Қызыл Армияға шақырылған.

Әскерге шақырылып, ерлікпен қаза тапқан әкесінің кегін алу үшін Павел жасына бір жас қосып, 1943 жылы мектеп партасынан соғысқа аттанды.

317-ші гвардиялық истребитель-танкіге қарсы артиллерия полкінің (Воронеж майданы, 47-ші армия) көздеушісі гвардия сержанты Свечников 1943 жылдың қыркүйегінде расчет құрамында Студенец тұсында (Черкасс облысы, Канев ауданы) Днепрден өтіп, дұшпанныңбірнеше атыс ошағын құртты.

Сөйтіп, ол плацдармды басып алуға мүмкіндік жасап, өзге бөлімшелердің өзеннен өтуін қамтамасыз етті.

1943 жылғы 17 қазанда неміс танкілері мен тіркеусіз жүретін ату құралдарына қарсы шайқаста ежеттілік, табандылық пен батырлық көрсетті.

Жау танкісі 30-40 метр жерге келіп қалды. Свечников жекпе-жекке шықты. Ол өз қаруынан оқ жаудырып, танкіні жайратып салды.

Командир қатардан шығып қалғанда, басшылықты өзіне алған Свечников анталаған танкілермен атыса берді.

Ол бейбіт өмірдің куәсі бола алмады. Әкесі сынды майданда көзжұмды.

Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . – 16 сәуір . - 6 бет .

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий