Солтустіқазаңстандық Кеңес Одағының Батыры Николай Кологойда

1922 жылы Солтүстік бұрынғы Булаев ауданындағы Воскресенка ауылында туған Орта мектепті соғыс басталардан бір жыл бұрын Свердлов облысындағы Полевский қаласында бітірген. Сондағы криолин зауытында бақылау-өлшеу аспаптарының шебері болып еңбек етті.

1941 жылдың маусымында Полевский аудандық әскери комиссариаты оны әскерге алды.
Николай Васильевич Кологойда әскери-жаяу әскер училищесін лейтенант дәрежесінде тамамдап, алғашқы ұрысқа Москва қорғаныс аймағында кірісті. Содан соң  Солтүстік батыс майданы, Воронеж түбін-дегі, Днепрдегі ұрыстар, Варшава маңындағы екпінді шабуылдар мен Прага көшелеріндегі соңғы шайқастар. Оның тобы Крещатик селосында 270 фашисті қуртты.

1944 жылдың ақпанында Николай Васильевич қолма-қол ұрыста 17 фашисті туйреп өлтіріп, Кеңес Одағының Батыры атанды.
Соғыс біткен соң Н.Кологоида партин жіберіледі. Оны бітірген соң Свердлов облысы Артин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып екі жыл қызмет атқарады. Содан кейін тағы да В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академияда оқиды.

Академия түлегі майор Кологойда 1956 жылдың жа-зында әскери бөлім команди-рінің орынбасары қызметіне тағайындалады. Николай Васильевич өзінің жауынгерлік тағылымын білімін жас жауынгерлерге дарытады. 1963 жыл-ғы 8 мамырда полковник Кологойда әскери делегация құрамында Берлинде кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштің ашылу салтанатында болды.

Бір жылдан соң ауыр сырқатқа шалдыққан Николай Васильевич төсек тартып жатып қалды. 1964 жылғы 18 қыркүйекте ол дүниеден етті. Полевский қаласында оның атында кеше де, мектеп те бар.


//Солтүстік Қазақстан.-2015. -12 ақпан. -5бет.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий