Солтустіқазаңстандық Кеңес Одағының Батыры Иван Бережной

 

                                                                   Солтустіқазаңстандық Кеңес Одағының Батыры

Иван Бережной

1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайышна ауданының Кременчуг ауылында туған 1942 жылғы тамыз айында әскерге алынды. 1943 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, майданға жол тартты.

4-ші Украина майданында 87-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 261-ші ақыштар полкінің пулемет взводының командирі. 1944 жылғы сәуірде Қырымдағы Перекоп мойнағында жаудың қорғанысын бұзыпжарып өткен ұрыста ерекше көзге түсті.

Оның взводы шабуылдаған батальонды қолдады. Ал жаудың танктерге ерген жаяу әскері қарсы шабуылға шықты. Ұрыс қызған кезде И.Бережной біздің бір пулеметшінің мерт болғанын байқап қалады. Ашық алаңды жүгіріп өткен ол пулеметті қолына алып, жақындап қалған фашистерді оқтың астына алады.

Бірақ снарядтың жарықшағы тиіп, киімі жана бастайды, өзі қансырап қайтыс болады.
Бұл 1944 жылғы 10 сәуір еді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен И.Бережнойға (қаза тапқаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

"Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталды. Қырым облысындағы Суворов қаласында жерленді.
Херсон қаласындағы №1 қалалық кәсіптік-техникалық училищенің аумағында оған ескерткіш тақта орнатылды. Тайынша ауданындағы Кременчуг орта мектебінің ауласында батырдың мүсінітұр.

("Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).


//Солтүстік Қазақстан. -2015. -12ақпан.-5бет.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий