Солтүстікқазақстандық Кенес одағының Батырлары

                                                
                                                                     Михаил Малиев

1923 жылы Пермь обылысының Кунгур қаласында туған. Соғыстың алдында туысқандарымен Петропавл қаласына кешіп келген, 1941 жылы Малиевті Петропавпдың ескери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырды. 1942 жылы әскери-инженерлікучилищені бітіреді.
Майданға 1943 жылы кірді.

Шабуыл операциялары кезінде су шептерінен ойдағыдай өту көбінекөп инженерлік әскер жеке құрамаларының іскерлігі батылдығына байланысты. 127- ші жеке понтонды-көлір батальонының (Дала майданының 1-ші понтонды көпір бригадасы) вазвод командирі, лейтенант Малиев ерекше батылдығымен көзге түсті.

1943 жылғы 16 қарашада Переволочна селпосы маңында (қазіргі Полтава облысының Кобелянск ауданының Светлогор селосы) Днепрден ету кезінде қарсыластар еткелді оқ астына алса да, понтонды-көпір бригадасының саперлері ерекшө ұстамдылық пен іскерлік көрсөтіп, судан тоқтаусыз етуді қамтамасыз етті.

Бұршақтай бораған оқтың астында киімдерін шешіп тастап, водолаз костюмінсіз паромоның тартпа тросының болттарын босату үшін ол тереңдігі алты метр суға үш рет сүңгіді, Негізгі жұмысы бітіп, паромның жалпақ табаны су бетіне көрінуге шақ қалған еді.

Бірақ лейтенантқа көмектесіп жүрген саперлер өз командирін су бетінен көре алмады. Алға қойған міндетін орындағанымен, өзі қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 22 ақпанда берілді.


//Солтүстік Қазақстан -2015. -21 ақпан. -4 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий