Семен Голопятов

                                         
                                              Семен Голопятов

 1913 жылы қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Раисовка ауылында  туған.1941 жылдың тамызында әскер қатарына шақырылды. Ленинград майданы  54-ші армия 310-шы атқыштар дивизиясы 860-шы артиллериялық полктың  көздеушісі, расчет командирінің орынбасары,  ефрейтор С.Голопятов 1944 жылғы    31 наурызда жауынгерлік ерлік жасады.

 Псков түбінде жаудың төрт пулемётің екі блиндажын және бірнеше фашисті жойды.  Сол жылғы 8 сәуірде үшінші дәрежелі Даңқ орденімен  марапатталды.
 Сержант С. Голопятов Карелия майданында тағы бір ерлік жасады.

 1944 жылдың 4 шілдесінде Пряжин ауданында және ертеңіне Кондопож  ауданында жау батареясының үнін өшіріп, танкіге қарсы қару-жарақ расчетін, сондай-ақ, жаудың он жауынгерін жер жастандырды.

 28 тамызда 2-ші дәрежелі Даңқ орденін омырауына тақты.Екінші Белоруссия майданында Польшаның Гдыня қаласын азат ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін үшінші марапатқа ие болды.
Ол танкіге қарсы екі қаруды, пулемётті, он шақты фашисті жойды. Бірінші дәрежелі Даңқ ордені сол үшін берілді.

Елге оралған старшина Голопятов Рузаевка ауылында механизатор болып еңбек етті. Ұлы Отан соғысында бірінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болған ол 1987 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болды.

("Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" кітабынан алынды).


 // Cолтүстік Қазақстан. – 2015. — 23 сәуір .- 4 бет.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий