Рақымжан Қошқарбаевтың командирі

                         Рақымжан Қошқарбаевтың командирі
Көп ұзамай Беларусь майданының 2-ші гвардиялық армиясының 2-ші батальонына барлаушылар взводының командирі болып тағы да алғы шепке аттанады.
Бұл кезде соғыстың нағыз қызған жері Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласының шебіне келген еді.

Осында болған сұрапыл ұрыстардың бірінде әкем ауыр жараланады.
Немістің снайпері дәл кездеген екен, әкем басын кетеріп қалғанда оқ қолына тиіп, иығын быт-шыт қылады. Жанындағы жолдастары плащ-палаткаға жатқызып, әскери бөлім орналасқан жерге көтеріп алып келеді. Ауыр жарақаттан есі бір кіріп, бір шығып жатқанда жанындағы жауынгер гимнастеркасының қалтасынан анам сыйлған ақ жібек орамалын алып, жараны танып байпайын дегенде:

"Жоқ, ол орамалға тиіспе", - деп байлатпапты. Осы жарасымен Мәскеу қаласындағы госпитальда алты ай жатады. 1945 жылы қазан айында рота командирі, майор шеніндегі, екінші топтағы мүгедек соғыстағы ерлігі үшін алған бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Ерлігі ушін", Германияны жеңгені үшін" медальдарымен елге оралады.

Ол 1949 жылдан 35 жыл бойы Аралағаш орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Ұстаздықтың қиын да қызық жолын анам-мен бірге кешті, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, біліммен қаруландырып, жүректеріне ізгіліктің дәнін септі. Ата-анамның бір-бірімен қарым-қатынасынан үлкен махаббат, шынайы сезім сезіліп тұратын.

Өздерінің отбасылық өмірімен үлгі болды, көптеген мерейтойлық медальдармен, "Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі" атағымен марапатталды. Жеті бала тәрбиелеп, барлығының жоғары білім алуларына жағдай жасады. Қазір әрқайсысы өмірдің әр саласында адал еңбек етуде.

Алматы энергетикалық институтын бітірген Найман Киров атындағы зауытта, Мәскеу қаласы нда С.Орджоникидзе атындағы мемлекеттік басқару академиясын тамамдаған Ардақ "ПЗТМ" АҚ-да бас бухгалтер болып қызмет ат-қарса, Айгүл емханада жұмыс істейді. Ата-анасының жолын қуған Еркегул С.Шаймерденов атындағы гимназияда ұстаз.

Мен Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болдым. Қазір құрметті демалыстамын. Өткен күнге көз салсам, Жеңіс кү ні біздің отбасының ең ерекше қасиетті мерекесі болыпты.

Әрқайсымыз әр жақта тұрсақ та, қандай жағдай болмасын сол күні алтын ұямызға құстай ұшып келіп, ата-анамыздың жанынан табыла-тынбыз.
Тіпті, туған балалары ғана емес, барлық ағайын-туыстарымыз үлкен ұлы Найман мен келіні Римманың дастарқанына жиналып, ата-анамызды қуанышқа бөлейтін-біз.

Сондай сәтте ол көзінің қара-шығындай сақтап жүрген жәдігерін алып, толғана сөйлеуші еді. "Бұл -менің "Мәкемнің" соғыстан аман-есен оралсын деп тілегін өрнектеген орамалы.

Мені сол сұрапыл соғыстан аман алып қалды", - деп айтатын. Анамның Мәриям деген атын толық атамай, өмір бойы еркелетіп "Мәке" деп атайтын.
Біз соғыс ардагерлерін құрмет-теп, өмірден өткендерінің атын ардақтап, олар туралы жазуға, айтуға, мақтануға міндеттіміз. Осыдан 70 жыл бұрын "Біз жеңдік,

"Жеңіс!" -деп жүректері жарыла қуанған әкелеріміздің рухы сонда биіктей береді.

Біздің бейбіт өміріміз үшін қанша адам қыршынынан қиылды, қанын төкті. Болашағымыз жарқын, ашық, бақытты болуы үшін біз өткенді ұмытпауымыз керек.

(Басы 7-бетте).

Сәуле СҰЛТАНОВА.СУРЕТТЕ: Мұстақым Хасен ұлы мен Рақымжан

Қошқарбаев.Сурет автордың жеке мұрағатынан алынған.


// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . - 9 мамыр . – 8 бет .

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий