Павел Коваленко
1917 жылы Есіл ауданының Чириковка ауылында дүниеге келді. Бастауыш сыныпты бітірген соң Ворошиловград облысының Сватово қаласына отбасымен көшіп кетеді. Жұргізуші, моторшы болып жұмыс істеді. 1941 жылғы маусымда майданға аттанды.
Сол жылдың күзі мен қысында Коваленко Мәскеуді қорғауға қатысты.
Хастенюк-Юрьев селосы маңындағы шабуыл кезінде де Коваленко өзін батыл да ержүрек командир ретінде көрсете білді.
Дивизия басшылығы Коваленконың тапқырлығын, әскери шеберлігін ескеріп, оны Қызыл Ту орденімен марапаттады. Могилев жеріндегі шайқастан соң омырауына II дәре-желі Отан соғысы ордені тағылды.
Одан кейін Коваленко Александр Невский және I дәрежелі Отан соғысы ордендерін алды.
1944 жылдың 28 маусымында Коваленко Могилев қаласының шетіне бірінші болып кірді.
Ол қолма-қол шайқасқа түсіп, жаудың бір офицерін, бес солдатын өлтіріп, екі минометке ие болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Коваленко Кеңес Одағының Батыры атанды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол Сватово қаласында тұрды.
Онда гараж меңгерушісі болыпжұмыс істеді.
1949 жылы 24 тамызда дүниеден озды. Осы қаладағы және Есіл ауданындағы Чириковка ауылының кешелерінің бірі оның есімімен аталады.
("Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" кітабынан алынды).
// Солтүстік Қазақстан. – 2015. - 31 наурыз. – 6 бет.