Отан үшін от кешкен
Отан үшін от кешкен
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталыл, елде тыныштық орнағанына, біздің ұрпақ "қой үстіне боз-торғай жұмыртқалаған" бейбіт заманда өмір сүріп жатқанына 70 жыл.
Бірақ ол тыныштық елімізге оңайлықпен келмегенін біз жақсы білеміз. Ол аталарымыздың қанымен аналарымыздың көз жасымен келген теңдессіз ерлік. Біздер үшін қан төккен сан мыңдаған майдангерлер арасында әкем Әлімжан Дүйсенов те болды.
Солтүстік Қазақстан облысының Дәуқара ауылында туған әкем бастауыш білімді орыс тілінде алып, колхозда хатшы болған 1940 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылған ол қызметін Харьков қаласындағы атқыштар полкінде атқарады.
Алайда, Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, "елге қайтамыз" деп жүрген жауынгерлердің жоспарларының тас-талқанын шығарады.
1941 жылдан бастап 1345 зенит-артиллерия полкінде Неман дивизиясының 3-ші Беларусь майданының құрамында Кавказ, Сталинград, Харьков' және Курск үшін болған сүрапыл шайқастарға қатысады. Кіші сержант шеніндегі әкем екінші батареяның зенит-артиллерия бөлімшесін басқарады.
Әкем соғыс туралы аса ештеңе айта қоймайтын, алайда оның кейбір әңгімелері есімде қалыпты. "1940-1941 жылдары алған тәжірибем кеп септігін тигізді.
Қаншама жолдастарым ұрыс даласында қалды. Менің дәм-тұзым елден жазып, аман оралдым", — деп терең күрсінген ол енді сендерге ондай соғысты көрсетпесін, еліміз амаң жүртымыз тыныш болса екен деп отыратын.
Әкем соғыс туралы аса ештеңе айта қоймай-тын, алайда оның кейбір әңгімелері есімде қа-лыпты. "1940-1941 жылдары алған тәжірибем кеп септігін тигізді.Қаншама жолдастарым үрыс да-в ласында қалды. Менің дәм-түзым елден жазып, аман оралдым", — деп терең күрсінген ол енді сендерге ондай соғысты көрсетпесін, еліміз амаң жүртымыз тыныш болса екен деп отыратын.
Белоруссияның Дорсунишки ауданында шілде айында өте жойқын соғыс болады. Неман өзені арқылы жүзу құралдарынсыз өтетін жаяу әскердің жолын ашу керек болғанда, әкем жаудың ФВ-190 үлгісіндегі үш ұшағын атып түсіріп, алға жол ашады. Кпайн-Бервальд ауданы маңында жаумен бетпе-бет шайқаста 14 фашист пен 7 ату ошағын жойып, неміс жаяу әскерлері тығылған екі үйді күйдіріп жібереді.
Бұл ерлігі үшін 1345 зенитартиллерия полкі командирінің бұйрығымен і "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталады.
Балтық маңы республикасын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, маршал Рокосовскийдің қарамағында Берлинге бет і алады. Ол осындай ерліктерімен Жеңіс күнін жақындата түседі. "Радиодан Левитанның: "Біз жеңдік!" деген дауысын естігенде қуанышымызда шекболмады",-дейтін еді.
Әкем "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 ж.ж. Отан соғысы", Ұлы Отан соғысының мерейтойлық медальдарымен, "Екінші дәрежелі Отан соғысы" орденімен марапатталған.
Ол соғыс аяқталғаннан кейін тағы бір жыл жас жауынгерлерді үйретіп, 1946 жылдың жазында елге оралып, түрлі салаларда еңбек етті. Соңғы жылдары дүкенші болды. Соғыстағы, елдегі еңбегі бағаланып, аудандық, облыстық Құрмет тақтасына суреті ілінді.
Әкеміз соғыста болғанда бел жазбастан елде еңбек етіп жүрген анамыз Ұлжан с Қарағанды шахтасына жіберіледі. Онда жарты жылға жақын жұмыс істеп, майдангердің зайыбы ретінде елге қайтарылады да, Лавровка
ауылын дағы машина-трактор стансасында оқиды. Соғыс кезінде "темір тұлпарды" тізгіндеген анам елдегі і- алғашқы тракторшы әйел болып, ерлердің орнын басады.
Міне, әкем от пен оқтың арасында, ал шешем тылда жүріп Жеңісті осылайша жақындатты. Мен өзімнің майдангердің қызы екенімді мақтан етемін және әр жыл сайын Жеңіс мейрамын ерекше көңіл күйде қарсы алып, бүгінде өмірден озған әке-шешеме Құран бағыштап, олардың өмірін балаларым мен немерелеріме үлгі етіп айтып отырамын.
Жеңіс СӘЛІКОВА, зейнеткер. Көкшетау қаласы.
// Солтүстік Қазақстан. – 2015. – 9 мамыр. – 11 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |