Он сегізде от кешкен әкеміз – әулетіміздің мақтанышы
Он сегізде от кешкен әкеміз – әулетіміздің мақтанышы
Күн өткен сайын біз Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына жақындап келеміз. 2015 жылғы 9 мамырда бүкіл елімізде осы мерейтой құрметіне ұмытылмастай тағылымды шаралар ұйымдастырылып, аспанда от шашулар жарқылдайды, қанды қырғыннан аман қалған аз ғана майдангерлер жанарларына жас үйіріп, олардың ұрпақтары халқымызды осы қуанышқа бөлеген әкелері мен аталарының қаһармандық ерлігіне тағзым етеді.
Жеңіс күнін жеткізген мамыр айы қандай шуақты, нұрлы десеңізші?! Айнала жасыл желекке бөленіп, көктем шуағына шомылған сұлу шақ адамзат тарихындағы зұлмат соғыстың өртіне су құйылған сәт екендігіне қайран қаласың. «Әлемді сұлулық құтқарады» дегендей, көзді қуантқан көркем дүние осы қалпынан айнымай, мәңгілік жасай берсінші дегің келеді.
Ой-санаңа соғыс зұлматы оралған сайын барша адамзатқа бейбіт те бақытты күнді сыйлаған аға ұрпақ алдында тағзым етіп, бас иеміз. Олардың біразы бүгін ақша қардай шаштары күмістей жарқырап арамызда жүрсе, өрімдей жас қалпында мерт болып, ажал құшқан, майдан даласында қалған боздақтар қаншама?!
Майданнан аман-есен оралғандар соғыстан кейінгі қиын тұрмыста да қажырлылық көрсетіп, аянбай еңбек етті, ұрпақ өсіріп, тәрбиеледі. Солардың қатарында біздің әкеміз Төлеген Қасымұлы Қасымов та бар. Ол 1923 жылдың 25-інші наурызында бұрынғы Көкшетау облысының Красноармеец ауданындағы (қазіргі Тайынша ауданындағы) «Тапшыл» ұжымшарында дүниеге келген. Осы ауылдан 1941 жылы майданға шақырылыпты.
Әкеміз он сегіз жасында от кешіп, майданда 332-інші атқыштар дивизиясының құрамында Десна және Днепр өзендерін кешіп өтіп, арғы беттен жауға соққы беретін плацдармды басып алған жауынгерлердің қатарында ерлік көрсеткен. Бұл дивизия әскерлері генерал Иван Черняховский басқарған 60-ыншы армияның құрамында шайқасқан.
332-інші дивизия өзге құрамалармен бірге Екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең жойқын ұрыстардың бірі — Курск иінінде асқан табандылық пен ерлік көрсетіп, неміс басқыншыларына күйрете соққы бергені тарихтан белгілі. Осы майданда біздің әкеміз Төлеген Қасымұлы да қайсарлық пен қаһармандық танытып, қазақ жігітіне лайық батырлығымен көзге түседі. Ол Украинаның Киев, Харьков қалаларын, Венгрияның астанасы Будапештті жау әскерлерінен азат етуге қатысып, жауынгерлік жорық жолы Австрияға дейін жалғасқан. Соғыс аяқталған соң Ленинград қаласында әскери қызметте болған.
Майдан даласындағы көрсеткен ерлігі бірінші дәрежелі Отан соғысы, екінші дәрежелі Даңқ ордендерімен атап өтілген әкеміз «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығы үшін» және көптеген мерекелік медальдармен де марапатталды. Ал бейбіт еңбектегі табыстары үшін кеудесіне «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі тағылды.
Тепсе темір үзетін қайратты жігіттер майданға аттанғанда ауылдардағы жылқыларды да, техникаларды да соғысқа алып кетті ғой. Сол кездегі ел тұрмысы аса қиын болғаны белгілі.
Әкеміздің анасы Рауиля да қарттармен, әйелдермен және жасөспірім жеткіншектермен бірге тылда жан аямай еңбек етті. Олар егін септі, астық жинады, мал бақты, тракторшының да, комбайншының да жұмысын атқарды. Ер-азаматтардың орнын жоқтатпау ушін ауыр жүктің бәрін арқалады. Олардың жанқиярлық еңбегінің арқасында әскерлеріміз жылы киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Әжеміз соғыстан кейін де кеңшардаеңбекетті. 105 жыл жасап, ұзақ ғұмыр көшті. Оның екінші ұлы Бесте де майдангер еді. Ол соғысқа дейін ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет істеген. 1942 жылы майданға алынып, келесі жылы хабар-ошарсыз кеткен.
1949 жылы әскерден босатылған Төлеген Қасымұлы Аққұдық орта мектебінде ұстаздық етіп, жоғары сыныптарда «Әскери іс» пәнін оқытқан. 1958-1980 жыпдары осы мектепте дене шынықтыру және еңбек пәндерінен сабақберді.
Әкем майданнан оралған жылы Аққұдық орта мектебіне Көкшетау-дағы қазақ педагогика училищесін тамамдап келген Күләнда Кәрім-қызы жұмысқа орналасады. Олар осы білім ордасында танысып, 1950 жылы шаңырақкетерген.
Анамыз қырық жыл бойы ұстаз болып, бастауыш сыныптардағы балаларға білім берді, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытты. Бірнеше медальдармен марапатталды.Әке-шешеміз бес баланы тәрбиелеп, өсірді .
Отбасының тұңғышы Шахмаран Алматы ауыл шаруашылығы институтын тамамдап, агроном мамандығын иеленді. Бүгінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің зейнеткері. Ғабит «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола тасымал бөлімшесіне қарасты Золоторунное стансасының кезекшісі болып еңбек етеді. Қыздары Майпруза және мен ата-анамыздың ұстаздық жолдарын жалғастырдық. Әлия балабақшада қызмет істеп жүр. Қасымовтар әулетінің жалпы ұстаздық өтілі -149 жыл.
Әкеміз жұмысқа қандай берілген болса, бос уақытын да соншалықты қызықты, жанға жайлы етіп өткізуші еді. Ол, әсіресе, аңшылықты ұнатты. Кешкілік уақытта көрі-құртаң жиналып, мәслихат құрғанда алуан түрлі қызықты әңгімелер шертуші еді. Батырлар жайындағы хикаяларды құмартып тыңдайтын. Әнге де құмар өді. Әсіресе, Қасым Аманжоловтың «Өзге емес, езім айтам ез жайымда» өлеңіне ақынның өзі жазған әнін сүйіп орындайтын.
Ата-анамыздың ғибратты ғұмыры мен игілікті' істері бізді үнемі қанаттандырып, ерлік пен еңбексүйгіштік мектебінде шындады.
… Бізге бала күнімізден таныс «Аттан, алып еліміз!» әнін кешегі Кеңес одағының барша ұландары шырқаушы едік қой. Осы бір ән ерліктің ұраны іспетті болып, соғыс кезінде жауынгерлерді қаһармандыққа жұмылдырды. Бұл ән біздің жадымызда әлі жаңғырып тұр:
Қара қанат қаймығып Ел көгінен аса алмас!
Жүректері шайлығып,
Жерімді жау баса алмас!
Әсия Ибраева.
Солтүстік Қазақстан. – 2015. – 23 сәуір. – 4 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |