Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ

 

  

Екінші  дүниежүзілік соғыс талай  тағдырға балта шапты. Жеңіс үшін миллиондаған адам жанын пида етіп, қыршын кетті. От ортасынан оралған майдангер    қариялар қатары да жыл сайын сиреп, бүгінде облыс бойынша олардың көзі тірі 300-ге жуығы ғана қалған.

Майдан даласында қар жастанып, мұз төсенген аға урпақ өкілдеріне көрсетіліп жатқан қамқорлық және биылғы жылы атап өтілетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық мәселелерін облыстық ардагерлер кеңесінің төраеасы Ескендір Елеусізовтен сұрап білген болатынбыз.

Ескендір Есмақүлы, бүгінде облысымызда тұрып жатқан майдангерлердің саны қанша?
Осыдан 4 жыл бұрын осы жұмысқа келгенімде облысымызда 627 соғыс ардагері бар болатын. Бүгінде олардың саны 300-ге жетер жетпес. Ардагерлеріміздің 164-і -қалада, ал қалғандары елді мекендерде тұрып жатыр.

Кейбір аудандарда екі-үш майдангерден ғана қалған. Бүгінде ардагерсіз ауылдар да көбейді.
17-18 жасында соғысқа аттанғандардың ең жасы 90-ға келіп отыр. Олардың дені жүре алмайтын халде. Әрбір ардагеріміздің жағдайын бақылауға алып, көңілдерін аулап, қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз.
- 2015 жыл ТМД аумағында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жарияланғаны белгілі. Мерейтой қарсаңында ардақтыларымыз қандай сый-құрметке бөленбек?
- Жеңістің 70 жылдығын лайықты түрде атап өтуге қатысты әзірлік шаралары біздің мемлекетте де, одақтас республикаларда да қызу қарқын алған. Бұйырса, 9 мамырда Астанада, Мәскеуде үлкен парад өтпек. Ауқымды шараларға қатысуға біздің өңірден Астанаға 15 ардагер, Мәскеуге екі адам жіберуіміз қажет. Жүріп түруға жарайтын ардагерді табудың өзі бүгінгі таңда үлкен мәселе болып түр. Қолдап, қолтықтап жүреміз деген оймен жол жүре алады-ау деген қарияларымыздың тізімін анықтап қойдық.

Мерейтой аясында ардагерлерге достастық аумағында бірыңғай мерейтойлық наградалар табыс етіліп, әлеуметтік қолдау керсетіледі. Әрі 9 мамыр қарсаңында әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне бірреттік төлемақ қарастырылмақ.

Өйткені жылы 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 97 мың теңгенің жәрдемақысы төленсе, биыл әр майдангерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы берілмек. Сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне ТМД аумағында бір рет пойызбен немесе үшақпен тегін жүру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Желіміздегі барлық ардагерлер Мемлекет басшысының атынан сый-құрметке бөленді. Елбасының ашық хаты, азық-түлік салынған себет пен гүл шоғы өңіріміздегі 283 майдангерге де тапсырылды.

Республикалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қазақстандық патриотизмді дәріптеу, халықты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ардагерлер мен зейнеткерлер арасындағы шығармашылық өнер үжымдарын және жеке орындаушылардың қабілетін дамыту, олардың орындаушылық шеберлігін артты-ру, халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын насихаттау мақсатында "Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!" атты фестиваль-байқау ұйымдастырылуда. Аталмыш фестиваль өңірлерде өзінің мәресіне жетті. Республикалық байқау биылғы жылдың көктемінде етпек.

Облыстағы іс-шараларға тоқталар болсақ, мұнда да ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда. Соғыстан қайтып келген ағаларымызға арналған 10 жылға созылған 24 томдық "Жеңіс жауынгерлері" кітабын аяқтадық. Оған 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майданынан оралған 28 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтыңесімдеріенгізілді.

Біздің облыстан шыққан және өңірімізге атысы бар 53 Кеңес Одағының Батыры және "Даңқ" орденінің 11 толық иегері бар.Батырларымыздың есімдерін ұлтықтап жасанды сақтау мақсатында облыс орталығында Жеңіс саябағында арнайы аллея салу ұйғарылған болатын

Олардың аты-жөндерітақтағажазылып, қайжерде шайқас-қандары жайында мәліметберіліп, панорама жасалатын болады. Аллеяның іргетасы құйылды. Құрылыс жүмыстары басталып кетті. Бұйыртса, сәуір-мамыр айларында аяқталуы тиісті.

Соғыс ардагерлерімен қоса, жеңіске жету үшін аянбай еңбек етіп, тың игеру кезінде тер төккен аға-апаларымыз да үмыт қалмақ емес. Жеңіс саябағында тыл еңбеккерлеріне арналған аллея жасап, 50-ші жылдары қа-жырлы еңбек еткен аға-апаларымызға сый-құрмет көрсету жоспарда бар.
- Соғыстан қайтпаған жауынгерлердің және елге оралып, қаза тапқан майдангерлердің есімдерін үрпақ жадында қалдыру мақсатында қандай жумыс атқарылуда?
- Облыс бойынша соғыстан қайтпаған жауынгерлерге қойылған 522 ескерткіш бар екен. Соның 14-і - қалада, қалғандары - елді мекендерде. Жылда 9 мамыр қарсаңында бүл ескерткіштер жөнделіп, абаттандырылып келеді. Соғысқа қатысып, елге аман-есен оралған аға-апаларымызға бүгінде тиісті сый-құрмет көрсетілді.
Жылдар өте келе бүл ардагерлердің есімдерін естен шығармау үшін оларды соғыстан қайтпаған ардагер-лердің есімдерінің қатарына қосу мәселесі көтерілуде. Бүгінде ауылдық округтерде соғыс ардагерлерінің тізімдері жасалды. Енді оларды аудан бойынша топтастырып, тасқа қашапжазужұмыстары атқарылмақ.
- Ал жүртта қалған ескерткіштер жайы не болмақ?
- Тұрғындары көшіп, ескерткіштері қарау-сыз қалған 4 ауыл бар. Оларды көшіруге қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Зират-тың жанына апарып қою туралы да ұсыныс білдіргендер бар. Бұл, әрине, қисынға келмейді.

Дұрысы, ескерткіштегі есімдерді орталық ауылдардың ескерткіш тақтасына енгізу қажет. Ескерткіштердің астында бейіт жоқ қой. Кейбіреулер бұл ұсынысқа көнбей отыр. Ауыл ақсақалдарымен ақылдасамыз. Егер де олар бұл ұсынысты қабылдамаса, онда олардың сөзінен аттамаймыз. Елді мекен болмағанымен, ескерткіш маңайы қоршалып, абаттандырылатын болады.
- Отан қорғаушылардың қабірлерін іздестіру жұмыстарында нәтиже бар ма?
- 2 іздестіру тобы бар. Олар, негізінен, бауырластар зираттарын табуға, онда жерленгендердің аты-жөндерін жазып, тиісті бел-гілер орнатуға, қорымдарға баратын жолдар мен сүрлеулердің бойларына тиісті бағдар-көрсеткіштер қоюға көңіл бөледі. Жұмыстары нәтижесіз емес. Әйтсе де, көп жағдайда табылған мәйіттердің кім екені белгісіз болып жатады.
- Соғыс ардагерлерінің барлығы бас-панамен қамтамасыз етілген бе?
- Бүгінде өңірімізде баспанаға мүқтаж соғыс ардагерлері жоқ. Ауылды жерден көшіп келіп, облыс орталығында тұрам дейтін ардагерлер баспанамен қамтамасыз етілген. Ап ауылды жерден кешпейтінін айтып, үйін жендеп беруді сүраған қариялардың да өтініштері аяқасты болған емес. Қарияларға деген қамқорлық үзілмейді. Өздері ортамыз-да аман-саужүрсе болғаны.
- Өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Құрмет" орденімен марапатталдыңыз, қуанышыңыз құтты болсын!
- Рақмет! Еңбегім бағаланып жатса, оны алдымен солтүстікқазақстандық ардагер-лерге керсетілген қүрмет деп білемін Қоғамдық өмірдің бел ортасында жүретін ардагерлерімізбен, төралқа мүшелерімен бірге алдағы уақытта да талай белестерді бағындыруға күш-қуатымыз жетеді деп ойлаймын.
- Әңгімеңізге рақмет!

                                                                                                                                    Сүхбаттасқан Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, "Солтүстік Қазақстан".


//Солтүстік Қазақсан.-2015. -10қантар.-4бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий