Никифор АХРЕМЕНКО

1914 жылы Петропавл қаласынан 35 шақырым жердегі Новоникольск (Татарка) ауылында туған Петропавл локомотив депосында жүмыс істеген. 1942 жылдың желтоқсан айында Н.Ахременконы Петропавл қалалық әскери комиссариаты кеңес әскерінің қатарына шақырды.
116-шы Харьков атқыштар дивизиясының 441-ші атқыштар полкінің қүрамында Украи-наны азат етуге қатысты
1944 жылғы қаңтардың алғашқы жарты-сында 2-ші Украин майданының әскерлері Кировоград операциясын өткізді. Соның нә-тижесінде кеңес әскерлері 40-50 шақырым алға жылжыды, жаудың өте күшті қарсыласу тора-бын басып алып, олардың Корсунь-Шевченко тобының қанатына шықты. Сөйтіп, неміс әс-керлерін кейіннен қоршаудың алғышарттары жасалды.
1944 жылғы 12 қаңтардың түнінде 441-ші атқыштар полкінің бірінші атқыштар ротасы Каниж деревнясының маңындағы 221,15 метр биіктіктегі жау траншеяларын шабуылмен ба-сып алды, немістер тым-тырақай қашты. Шай-қасқа қолайлы биіктікті қайтарып алуды ойлаған немістер қарсы шабуылға танктер мен жаяу әс-керін шығарды. Кеп шығынға үшырағанына қарамастақ жау бірнеше рет қарсы шаубылға шықты
Біздің жерлесіміз 1944 жылғы 12 қаңтарда ерлікпен қаза тапты.
"Ахременко қаза тапты, - деп жазылды май-дандық газетте. - Ол жаудың жолын бегеп, мәңгілікке көз жүмды. Сарбаз ерлік елімімен өз жолдастарының емірін сақтап қалды жөне Жеңіске жол салды. Өзінің Отанын, өз халқын сүйген ол өлімнен қорыққан жоқ. Бостандық, ар-намыс және Отанымыздың тәуелсіздігі жолын-дағы күресті ол жеке мүддесінен биік қойды. Қаһар
Сол жылғы 17 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Тералқасының Жарлығымен Н.А.Ахре-менкоға КеңесОдағының Батыры атағы берілді.
Кировоград облысының Новомиргород ауда-нындағы Пенькино селосында жерленді. Петро-павл қаласында оның атында көше берди
//Солтүстік Қазақсан.-2015.-20қантар.-5,бет