Михаил Киричеко

         

 

 

 

 

 

 

 

       Солтүстік-Қазақстандық Кеңес Одагының батырлары

 

 

1923 жылы қазіргі Айыртау ау-данындағы Лавровка ауылында туған.

1941 жылы Алматы жаяу әскер училищесін бітірді. 1942 жылдың тамызында майданға кірген ол бірінші Белорус май-даны, 8-ші гвардиялық армия, 35-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 100-ші гвардиялық атқыштар полкінің батальоны сапында ұрыстарға қатысты.

Кеңес әскерлері 1944 жылдың 1 тамызында Висла өзенінен өту кезінде жаудың қорғанысын бұзып, Польшадағы Руда-Тар-новска мен Вулька-Тарновска елді мекендерін фашистік басқыншылардан босатты. Сол жолғы ерлігі ұшін М.Кириченко Үкімет марапатына ұсынылды. Алайда, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы 1991 жылы ғана шықты.

Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін әскер қата-рындағы қызметін жалғастырады. 1945 жылы офицерлік құрамды жетілдіру курсын бітірді.
1955 жылдан бастап Мәскеу қаласында тұрды.

"Главмосав-тотранс" басқармасында аға инженер болып еңбек етті. Кейіннен зейнеткерлікке шықты.
Екі рет Ленин орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. Харьков облысындағы Изюм қаласының құрметті азаматы. 1994 жылдың 8 мамырында қайтыт болды.

                                                                                                                                                ("Североказахстанцы: Герои Советского Союза.

 

                                                                                                                                                   Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).


//Солтүстік Қазақстан. -2015. -7ақпан .-4бет
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий