Мерекелік құттықтау
Мерекелік құттықтау
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!
9 мамыр — барлық ұрпақтардың мерекесі, өзінің бейбіт өмір мен Отанның бостандығына құқығын қорғап қалған біртұтас көпұлтты халықтың ерлігі мен табандылығының символы.
Бұл күн бізге ашық аспанды, жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштықты тарту етті.
Жеңіс күні адамдардың жан жүрегін нацистік басқыншылыққа жұмылған күшқуатпен қарсы тұрған халықтардың ұлы ерлігіне деген мақтаныш сезіміне толтыра отырып, бізді бірегей патриоттық серпінмен топтастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да Ұлы Жеңіске өздерінің лайықты және елеулі улестерін қосты. Біздің 70 мыңнан астам жерлестеріміз Отанды қорғауға аттанды.
Солтүстікқазақстандықтар барлық майдандарда соғысты," Москва, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі шайқастарға қатысты. Біздің ондаған мың жерлестеріміз жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, олардың 55-і Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді, 11-і "Даңқ" орденінің толық иегері атанды.
Аты аңызға айналған, солтүстікқазақстандықтардан жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік есебінде басқыншылардан азат етілген жиырмадан астам қала мен мыңнан аса елді мекен бар. Дивизия тарихи Ленинград қурсауын бұзуға қатысты.
Біз тылда Ұлы Жеңісті шыңдаған адамдардың ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емеспіз. Соғыс жылдары Петропавлдың өзіне ғана 20 өнеркәсіп зауыты мен фабрикасы көшірілді.
Отан соғысы біздің тәуелсіздігіміздің тарихымен ажырағысыз байланысты. ¥лы Жеңіс көптеген ұрпақтарға бейбіт те ашық аспан сыйлады.
Бүгінде біз Президентіміз Н.Ә.Назар-баевтың басшылығымен бүкіл әлем танып, құрметтейтін мықты да көркейіп отырған мемлекет орнаттық.
Бүкіл осы жылдар бойы ездерінің баға жеткісіз тәжірибелерін жастарға дарыта отырып, бейбіт күнде де жауынгерлік сапта жүрген біздің ардагерлеріміз егеманді Қазақстанның сенімді тірегі болып келеді. Сондықтан аға ұрпақтың муң-мұқтаждарын жадымыздан шығармау, олардың игілігі мен лайықты тұрмысы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау -парызымыз.
Қымбатты ардагерлер!
Сол бір зұлмат соғыспен арамызды 70 жыл бөліп тұр, бірақ ¥лы Жеңіс даңқы халықтың жадынан ешқашан өшпейді.
Біз ұрыс алаңынан оралмағаң сондай-ақ, осы күнге жете алмаған солтүстікқазақстандықтарды еске алып, тағзым етеміз. Олардың есімдері біздіңжәне болашақ урпақтардың жүрегінде әрқашан сақталады.
¥рыс алаңдарында қаза тапқан жауынгерлердің даңқы мәңгі арта берсін!
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері алдында бас иеміз.
Мерекемен, қымбатты жерлестер!
Ұлы Жеңіс күнімен!
Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Солтүстік Қазақстан. – 2015. — 9 мамыр. – 1 бет.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |