КӨЗ АЛДЫНА КЕТПЕЙДІ СТАЛИНГРАД

 Адамзат тарихында өшпестей орын алған, барша әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына өзіндік үлес қосқан қаншама боздақ жанын қиып, Отан үшін отқа түсті. Алайда, майданға қатысқан ар-дагерлеріміздің қатары жыл санал сиреп бара жатыр. Ал соғыста етігі-мен от кешіп жүріп елін, жерін, ата-анасы мен жарын, балаларын қор-ғаған ардагерлердің бүгінде сол кездегі бастарынан өткерген қиын-қыстау жағдайды айтып беруге жарайтындары тіпті некен-саяқ.

Жамбыл ауданындағы Айым-жан ауылының тумасы, соғыс ар-дагері Сағдат Өркешов елімізді қорғауға аттанғанда мұрты жаңа тебіндеген 18 жастағы бозбала болыпты. 90-ға толған ардагердің сұм соғысты еске алғысы да келмейтіні байқалады. Оның үстіне соғыста алған контузиясы жылдар өткен сайын дендеп, көп дүниені ұмытқан сыңайлы. Соғыс туралы, ондағы ерлігі туралы сурағанымда ұзақ үнсіздіктен кейін қинала отырып жауап берді.
Ел шетіне жау тигенде ауылда алаңсыз жүрген бала едік. 1942 жылы әскерге шақыртылып, шама-лы уақьл әскери дайындықтан өткен соң бірден Сталинград майданына кірдім. Сұрапыл жылдары ешқайсымыз қара басымыздың қамын ойлап, сыналар шақ келген-де шегініп қалған жоқпыз, - деп ауыр күрсінді қартжауынгер.

Ардагер ағамыздың Сталинград үшін кескілескен майданда талай жаумен қоян-қолтық келген-дегі бар арман-тілегі ел-жұртын аман алып қалу болған
Ол 92-ші атқыштар дивизиясында миномет-ші бола жүріп, ерен ерлік көрсеткен Қарша бораған от пен оқтың ас-тында талай адам ажал құшқаны-ның куәсі болған "Төбемізден жер-ге қарай саулаған бомба, үстімізге құлаған үйлер талай адамның өмі-рін қиды. Сталинград үшін өліспей-беріспейтін соғыстың нағыз қызған шағында ауыр жарақат алып, госпи-тальға түстім", - дейді ол
"Кебін киген өледі, кебенек киген еледі" демекші, жанқиярлықпен күресіп, соғыстың сын сағаттарын-да қажымас қайрат, жасымас жігер керсеткен ардагер Сағдат ағамыз контузия алғаннан кейін 1943 жылы елге қайтарылады. Петропавлдағы педагогикалық училищені сырттай оқып бітіріп, Айымжан ауылын-да 40 жыл бойы жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатқан. Сонда істеп жүріп, зейнеткерлік демалысқа шыққан. Ардагер әкесі жайында Ләйла Сағдатқызы да өзі білетіндерінәңгімеледі.

- Әкем соғыс жайлы көп айта бермейтің біз де оның тың кезінде сұрап алмағанымызға өкінеміз. Бү-гінде құлағы нашар естіп, есте сақ-тау қабілеті де төмендеген Әкеміз ете сабырлы, артық сөз жоқ, осы отырған бойы. Ешқайсымызға дауыс көтерген емес, - деп Ләйла Сағдатқызы жанында отырған әкесіне ерекше бір жылылықпен қарап қойды.

Өмір бойы туған ауылы — Айым-жанда тұрып келген әкесін осыдан 6 жыл бұрын аналары дүниеден өткеннен соң қалаға көшіріп алған балалары қазір оған қамқоршы.
Соңынан ерген алты баласының үшеуі әке жолын қуып, ұстаздықты таңдаған Ардагер өзіне берілген бір бөлмелі үйде қызы Ләйламен бірге тұрыл жатыр. Басқа балалары да апта сайын келіп, әкеле-рінің амандығын біліп, үйлеріне алып кетіп тұрады. Сағдат ағаның төрт ұлы мен екі қызы еліміздің түкпір-түкпірінде қажырлы еңбек етіп жүр. Ұлдың үлкені - Ғалым Өркешов Петропавлдағы күрес мектебінде директор, Алмас - осы қалада такси жүргізушісі, физика-математика пәндерінің мұғалімі мамандығын меңгерген Ләйла қа-зір аудармашы, Руслан - Аққайың ауданындағы Ленин орта мектебін-де дене шынықтыру ләнінің мұға-лімі. Алматы қаласында тұратын ұлы Дулат- құрылыс маманы және қызы Ғалия — кондитер.

Сағдат ағамыз соғыста көр-сеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі және Германияны жеңгені үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-сындағы ерен еңбегі үшін", "Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков", "Астанаға 10 жыл", Жеңістің 20, 40, 55, 60, 65 жылдық мерейтойлық медальдарымен марапатталған
- Балаларымның арқасында кемдік көріп отырған жоқпын Бәрі бар, кейлек көк, тамақ тоқ деген-дей, барлығына ризамын, тәубе. Алладан енді тілеріміз: патшалар-ға татулық, ел-жұртқа тыныштық, - деді Сағдат Өркешов.
Мен де сұрапыл жылдардың куәсіне айналған тірі тарих иесі, ардагер ағамызға амандық тілеп, қоштастым.

Ләйла ЖАНЫСОВА, "Солтүстік Қазақстан Суретті тусірген Талғат ТӘНІБАЕВ.


//Солтүстік Қазақстан-2015.-8қантар.-7бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий