Вениамин Кошукова
1919 жылы Нижегород облысындағы Крутой-Майдан селосында туған. Кузбастың шахтасында жұмыс істеді.
Майданға Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші жылында шақырылды.
132-ші атқыштар дивизиясы 605-ші полкінің взвод командирі, кіші лейтенант И.Куренков 1943 жылдың 5 қыркүйегінде Сейм өзенінен өткенде 30 фашистің көзін жойды.
18 қыркүйекте оған ротаны басқару міндеті жүктелді. Ол бастаған сарбаздар 50 немісті жер жастандырды.
Днепр өзенінен өту кезінде ол асқан ерліккөрсетті.
Ол өзенніңжау әскерлері орналасқан арғы жағасына алғашқылардың бірі болып жүзіп өтті. Жаудың 20-ға жуық сарбазын қүртты.
Қару-жарақтарын да қолға түсірді. Нәтижесінде оның ротасы дивизияның өзеннен өтуіне жолашты.
Майданда көрсеткен ерлігі үшін Иван Куренковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1955 жылға дейін Ленинск-Кузнецк қаласында тұрды. Тың игеру жылдарында Қызылжар ауданында еңбек етті.
1970 жылы қайтыс болды.
"Североказахстанцы: Герои Советского Союза.Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабынан алынды).
//Cолтүстіказактан. – 2015. – 14 наурыз . – 5 бет.