Жауынгер Ұрпағы болғанымды мақтан етемін

                                                 Жауынгер Ұрпағы болғанымды мақтан етемін

   Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаншама отбасы жақындарынан айрылып, қаншама майдангерге туған жерінің топырағы    бұйырмады?!

  Қыршын кеткендер қаншама? Ал қанша адам сол соғыста қатты жарақат алып, денсаулығынан айрылды. Солардың ішінде менің атам Қайыржан Қалиев те бар.

  Атам соғысқа 1942 жылы марьевкалық 22 жерлесімен бірге аттанады. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген ер-азаматтар  Петропавлда жалпы әскери даярлықтан өткен соң майдан шебінен бірақ шығады.

 Соғыстың алғашқы жылдары Кеңес әскері үшін оңайға соқпады. Дайындығы жақсы, қарқыны күшті жау жолындағылардың барлығын  күл-талқан етіп, біздің жауынгерлерімізді үлкен шығынға ұшыратты.

 Менің атам сол жылдары қатты жарақат алып, госпитальдағы ем-домы ұзаққа созылады. Жазылып шыққан соң атам Румыния жеріне  жіберіледі. Онда ол Венгрия, Чехословакиядағы қанды шайқастарға қатысады.

Сол шайқастардың бірінде атам оң аяғынан жарақаттанып, тағы бір үлкен отаны басынан өткереді. Бұл жарақаты да жазылып, кейін ол екі эшелон әскерлердің құрамында Жапонияға аттанады.

Сол жаққа кетіп бара жатқан кезде атам мінген пойыз Петропавлдың үстімен өтеді. Пойыз аялдаған кезде вокзалға түскей атам Төребай деген көршісін көріп қалып, елге сәлем айтып жіберіпті.
Олар сол жолы жапон басқыншыларынан енді ғана азат етілген Қытайдың шығыс жағалауындағы Порт-Артур қаласына келеді. Сол жерде ол бір жарым жыл күзет қызметінде болыпты.

Атам 1946 жылы елге оралады Майдангердің соғыстан кейінгі өмірі де оңай болған жоқ. Әке-шешесінен, бауырынан айрылған атама елге келген соң өмірін қайта бастауға тура келеді. Аяғынан тік тұру үшін маңдай терін төгіп, еңбек етеді. Әжем Жібек екеуі мал шаруашылығында ұзақ жыл еңбек етіп, екі қыз бен ұл тәрбиелеп өсірді.

Атам жыл сайын Жеңіс күнін ерекше қуанышпен қарсы алатын. Сондықтан да болар ол өмірден озса да, ұрпағы үшін бұл мерекенің тойлануы — дәстүрлі шара. Атам тірі жүрсе, биыл 100 жасқа толар еді .

Оныңжарқын бейнесін, отансүйгіштігін, мейірімін ұмыту мүмкін емес Атамның айтқан әрбір ғибрат сөзінің өзі әлі күнге дейін үлкен та ғылымдық сипатқа ие. Мен жоғары білім алып, Астана қаласында қызмет істеп жүрмін. Қайсар да жігерлі жауынгердің ұрпағы болғанымды мақтанетемін.

Дархан ҚАЛИЕВ. Астана қаласы.


// Солтүстік Қазақстан. – 2015. — 9 мамыр. – 12 бет .

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий