Жауды есінен тандырган танкист

Петропавл қаласының турғыны, майдангер, Қарулы Күштердің қурметті ардагері, Александр Невский орденінің иегері Анатолий Иванович Гершунов Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекелік шеруіне қатысуга шақырту алды. Бул - ардагерге көрсетілген үлкен кұрмет.
 

Анатолий Иванович Гершунов 1921 жылдың 20 қаңтарында Челябинск облысының Троицк қаласында дүниеге келген. 1940 жылы он тоғыз жасында Петропавл қалалық әскери комиссариатынан міндетті әскерге алынады. Отан алдындағы борышын Белоруссияда атты барлаушылар взводында етейді. Әскери жаттығулар мен тапсырмаларды үздік орындап, үлгілі әрі іскер жауынгер ретінде көзге түскен ол 1941 жылдың көктемінде Минскінің танк училищесіне курсант болып қабылданады. Осында оқып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады.

Бірақ курсанттарды бірден майдан шебіне жібермей, оқуды аяқтау үшін тылдағы Ульянов қаласына жөнелтеді. Анатолий Иванович училищені толық аяқтап, кіші командир шенімен соғыс танктерін жүргізу, басқару мамандығын игеріп шығады. 1942 жылы 31-ші армияның құрамында Батыс майданына жіберіледі.

Невский орденімен марапатталады. Соғыстың аяқта-луына бір апта қалғанда жараланған ол Жеңіс күнін госпитальда қарсы алады. Анатолий Ивановичтің ұзақ жауынгерлік жолы соқпалы болды және ауыр жарақат оның денсаулығына өз таңбасын қалдырды. Соған қарамастан, ол әлі күнге дейін кәрілікке бой алдырмай, денесін тік ұстап, өмірге деген құштарлық сезімін жоғалтпауда.

Соғыстан кейін А.Гершунов Қарулы Күштер қатарындағы қызметін одан әрі жалғастырды. Ленинградта өздігінен жүретін артиллерияның жоғары офицерлік мектебін және орталық әскери бронетанк курсын бітіргеннен кейін Германияға, одан кейін Закавказье әскери округіне қызметке жіберілді. 1961 жылы полковник шенімен құрметті демалысқа шықты. Оған өмір бойы полковник аскеви Фоомасымен жүру құқығы берілді.

Ардагердің кеудесінде Александр Невский, екі Еңбек Қызыл Ту, екі Қызыл Жұлдыз, бірінші және екінші дә-режелі Отан соғысы ордендері мен көптеген медальдар жарқырайды. Сол омырауында сыңғыр қаққан әр марапаттың тарихына құлақ түрсең, ардагердің соғыс-тағы жауынгерлік ерлігі мен бейбіт өмірдегі ерен ең-бектерінен терең сыр ақтарады. Оның нағыз патриоттық сезімі мен енегелі өміріне осы марапаттар арқылы-ақ көз жеткізуге болады.

Құрметті демалысқа шықса да, тіршілік ағымынан қол үзбей, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны және жастар арасындағы патриоттық тәрбиеге атсалысқаны үшін ол "Парасат" орденімен де марапатталды. 1995 жылы Анатолий Иванович Гершунов Жеңістің 50 жылдық мерекесінде Солтүстік Қазақстан облысының атынан Мәскеудің Қызыл Апаңында өткен Жеңіс шеруіне қатысып қайтты. Ал 2005 жылы 9 мамырда Жеңіс шеруін Астанада қарсы алды. Енді, міне, Мәскеудегі салтанатты Жеңіс шеруіне тағы шақырту алып отыр.
Зайыбы Галина Николаевна ардагермен өмірдің ыстығы мен суығың қызығы мен қиыншылығын бірге бөліскен ең жақын жаны болған. Оны училищеге, майданға шығарып салды, соғыс жылдарында сарғая күтіп қарсы алды. Екеуі үш бала тәрбиелеп өсіріп, азамат етіп қатарға қосты. Олардан немере шөбере көріп, қызыққа бөленуде.

Гершуновтардың отбасы жыл сайын Жеңіс күнін бір шаңырақтың астында қарсы алып, ұлы мереке ретінде атап өтуді дәстурге айналдырған Ал Анатолий Ивановичтің өзі жыл сайын 9 мамыр күні Мәңгілік алауға келіп, майдандас достарын еске алуды, қаза тапқан жауынгерлерінің рухына бас иіп, тағзым етуді әсте есінен шығармайды.

                                                                                                                                                                                                                   Жоламан ШАХАНСВ, журналист.
                                                                                                                                                                                                                    СУРЕТТЕ: А.Гершунов.
                                                                                                                                                                                                                     Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.


//Солтүстік Қазақстан.-2015.-12ақпан. – 5бет.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий