Жадымдасың , Жан Әке

                                                          Жадымдасың, Жан Әке

 Менің әкем Сенбі Рақымов 1921 жылғы 12 мамырда Шал ақын  ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1987 жылы дүниеден озды.  Балалық шағы ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Қаршадай күнінен еңбекке  араласты.

 Аштықты, небір зұлмат күндерді басынан өткізді. Әкемнің інілері Қаратай,  Естай үшеуі бір-біріне тірек болып, өз қолымыз аузымызға жетті-ау деген- де сұм соғыс басталыпты.

 Ол кезде 20 жастағы жас жігіт тылда азық-түлік, киім-кешек сияқты майдан  жауынгерлеріне қажетті дүниелерді дайындауда көп үлес қосты. Осылай  күні-туні еңбек еткен әкем 1942 жылдың қаңтар айында әскер қатарына  алынады.

 Ленинград майданында 4-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 8- ші гвардиялық атқыштар полкінде  соғысқан. 1945 жыпдың жазында соғыста бір қолынан жарақат алып, елге оралды.

 Әкем — Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімён, "Германияны жеңгені үшін" медалімен  марапатталған.

 Бірлік ауылы мал шаруашылығымен айналысты. Әкем елде қой және жылқы бақты. Шешем Ұлтай  Аяпқызымен тату-тәтті өмір сүріп, үш ұл, бес қыз тәрбиеледі.

 Қазір әкемнің қарашаңырағында тұңғышы Айтбайдан туған немересі Қамбар түтін түтетуде.

 Кенже ұлы Талғат Петропавл қаласында, Дулат ауылда тұрады. Есіл ауданына қарасты Мектеп, Өрнек  ауылдарында тұратын қыздары Зәйни мен Гүлнар ұстаз болған, қазір екеуі де зейнеткерлер. Мен де  мұғалімдік жолды таңдап, бүгінде Көкшетау қаласында Жанайдар Мусин атындағы педагогика  колледжінде жас мамандар тәрбиелеудемін.

 Шынар — Петропавл қаласындағы облыстық ауруханада отыз жылға жуық мейірбикелік қызметте,  кенже қызы Гүлсара да ақ халатты абзал жандардың бірі атанды. Бәріміз де бір кісідей қызмет етіп,  іргелі отбасын құрып, немере сүйіп отырмыз. Апдымыз алпыстан ассақ та, ата-ананың аялы  алақанын, жылы жүректерін аңсаймыз. Әкем Сенбі де, Анам Ұлтай да балаларына қатты зекіп  ұрысқан жандар емес.

 Ол байсапды, қарапайым, туысқа бауырмал жан еді. Анамыздың бауырлары Сағынтай нағашымыз  бен Бағила, Мәуия есімді сіңлілеріне де өз балаларындай қараған.

 Әкеміз Сенбінің есімі Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған "Жеңіс жауынгерлері" атты  кітапқа енгізілді.
 Кейбір деректерге қарағанда, Солтүстік. Қазақстан облысынан 26838 адам соғысқа аттанып, оның  14900-і ғана елге аман оралған.

 Біздің Бірлік ауылынан да сол кезде бірнеше азамат соғысқа аттанған. Жеңіспен елге аман-есен  оралып, үйлі-баранды болды. Атап айтсақ, Жарасбай Сыздықов, Елеусіз Итақаев, Кәрім Сүлейме-нов,  Зами Айғожин, Жатай Нұртазин, Бозжігіт Жағыпаров, Мағзұм Тәліп, Малғаждар Әубәкіров, Есет  Кожамбетов, Ақас Оспанов, Қазжан Ысқақов, Құрмаш Омаров — соғысардагерлері.

 Осы кісілер біреуі — әкеме аға, біреуі — іні, біреуі құрдас болды. Сол кезде балалықпен түсінбеппіз,  қарты бар ел бай ел екен ғой. Бәріміз де үлкеннің алдын кеспей, оларды сыйлап өстік.

 Жасы үлкен Қарттарымызды, аналарымызды өз ата-анамыздай қадірлей білдік. Қазір елде соғыс  ардагерлерінің біреуі де жоқ, бақилық болған. Қуанарлығы сол, соңынан ерген ұрпақтары өсіп-өнген,  іргелі отбасы болып отыр. Бізге, кейінгі ұрпаққа, әкелерімізді еске алумен қатар, езіміздің немере-  шөберелерімізге олардың ерлік істерін жеткізу, насихаттау міндет деп білемін. Қолыма қалам алып,  бүгінде ортамызда жоқ ардақты ардагерлердің есім Дерін атап, олар жайында жазып отырған  себебім де сол.

 Айсұлу Сенбіқызы Шал ақын ауданы


// Солтүстік Қазақстан — 2015. – 9 мамыр. – 8 бет .

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий