Жәлел ҚИЗАТОВ
Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданындағы Аяқкөл ауылында 1920 жылы туған. 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен кейін Жәлел Покровка ауылындағы Ленин ауыл шаруашылығы техникумына түсті.
Техникум-дағы сабақтарымен бір мезгілде Петропавл мұғалімдер институтында сырттай оқиды. Ленин ауданындағы "Қарағай" ұжымша-рында мектеп меңгерушісі болып істеді.
Әскерге 1941 жылдың қыркүйегінде алынды. 1942 жылы Сталинград майданы жанындағы кіші лейтенанттар курсын бітірді.
Ж. Қизатов Чернигов қаласы үшін болған үрыста және Днепр өзенінен өтуде ерлік танытты. 1943 жылдың 27 қыркүйегіндегі үрыста зеңбіректерден бораған оқтарға қарамастан, алғы
шептегі қадағалау пунктіне дейін барып, онда пулеметті, өзі жүретін және танкіге қарсы қолданылатын қару-жарақ-тарды көріп, батареяның тура нысанасына алып, жауларды жойып жіберді. Сейтіп, біздің жаяу әскерлердің ілгерілеуіне мүмкіндік туғызды.
1943 жылдың 28 қыркүйегінде 154-ші гвардиялық артиллериялық полктің (76-шы гвар-диялық атқыштар дивизиясы, 61-ші армия, Орталық майдан батареяларды басқару взводының командирі, гвардия лейтенанты Ж. Қизатовқа Днепрдің оң жағалауындағы жаулардың атыс нүктелерін барлау және біздің әскерлердің өзеннен өтетін тұсын табу жөнінде бұйрық берді.
Ж. Қизатов жаяу әскерлердің алғы шептегі топтарымен бірге өзеннің оң жағасына шығып, жаудың атыс нүктелерін, артиллерия ететін және жаяу әскерлер ететін тұстарды дөп барлады. Жағаға шыққанда ол жаудың атыс нүкгелері қайда орналасқанын дәл керсетті.
Батарея жаудың атыс нүктелерін от-жалынға орап, біздің әскерлердің Днепр езенінің күнгей жағалауына сенімді жайға-суына мүмкіндік туғызды. Ж. Қизатов 1943 жылдың 28 қыркүйегінен 3 қазанға дейін Днепрден өту кезіндегі ұрыстарда артил-лериялық батареялардың мүлтіксіз атуын үйлестіріп отырды, мұның өзі жаяу әскер-лердің ілгерілеуіне жағдай жасады.
Осы ерлігі үшін 1944 жылдың 15 қаңта-рында Ж. Қизатовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. "Алтын Жұлдыз" бен Ленин ордені ез алдына, Отан соғысы ордені, "Ерлігі үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдары -зеңбірекшіҚизатовтыңмарапатбелгілері.
1945 жылы Қизатов Ленинградта Жоғары артиллерия мектебін бітірді.
Одан соң I Белорус майданының бір белімінде батарея командирі болды. Сталинградтан Берлинге дейін - қазақ халқының адал ұлы, гвар-диялық аға лейтенант Жәлел Қизатовтың даңқты жауынгерлікжолы, міне, осындай.
Капитан Қизатов 1945 жылы запасқа шығарылды. Туған жерге оралып, партиялық және шаруашылық қызметтерде болды. 1952 жылы Қазақстан Комлартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді.
1957 жылы Қизатовқа екінші Ленин ордені тапсырылды.
1969 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тамамдады. Жәлел Қизатүлы 1999 жылы 25 сәуірде қайтыс болып, Қызылорда қаласында жер-ленді. Оның есімі Киевтегі ескерткішке ойып жазылған. Ап туған ауылы - Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжі Жәлел Қизатовтың атында. Биыл даңқты жерлесіміздің туғанына - 95 жыл.
//Солтүстік Қазақстан .-2015.-13 қантар.-3бет.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |