Ерлі-Зайыпты майдангерлер

                                                                                      Ерлі-Зайыпты майдангерлер
 Сол жылдары бұрынғы Көкшетау облысына қараған Қызылту  ауданың Жарқын ауылдық кенңесінен соғыстың алғашқы  жылының өзінде 100-ден астам адам майданға аттанды.  Солардың көпшілігі майдан даласында мерт болды .

  Елге оралғандарының саны 20-ға жетпеді Оның өзінде көбі      мугедектер.
 Ел басына сын туған шақта ерлік ісімен танылған ауылдың абзал  азаматтарының бірі — Сағит Жексенов міндетті әскери қызметке  1939 жылы шақырылған болатын.

Содан ауылға 1945 жылы бір-ақ оралды. Оның жастық шағы қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келді. Подольск артиллериялық училищесін бітірген жас офицер Жеңіске дейін майдан даласындағы шайқастарда болды...
Ауыл қарияларының айтуынша, ол 1914 жылы Үлкен Қараой келіне жақын Таянды қажы немесе Қожагелді (Жаңа тұрмыс) ауылдарының бірінде дүниеге келген көрінөді.

Әкесі Жексен Сағиттың қолындағы аз-мұз малына ие болатынына үміт артқан еді. Алайда, жасжігіт оқып, білім алуды қалады. Сөйтіп, Көкшетау педагогика училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң ауылға келіп, бала оқытты, мектеп директоры қызметін қоса атқарды...
Бірде ол жұмыс бабымен Көкшетау қаласына келеді. Әлдебір жұмыспен облыстық білім беру белімімен қатар орналасқан кітапханаға кіреді.

Онда оңжақ үстелде отырған қараторы әдеміше қызға бірден кезі түседі. Қыз да бойшаң, аққұба жігітке ұзағырақ қарап қалса керек. Таныса келсе, қыздың аты-жөні Гүлбану Бегайдарова екен.

Ол қалада кітапханашылар даярлайтын курста оқып жүргенін айтты. Кешкілік екеуі жапырақтардан жасыл желек жамылғанөсем қаланы аралап, бозарып таңатқанша сыр шертеді.

Бұл кездесу олардың қиындығы мен қызығы қатар ерілген өмір жолдарының бастауы болды.
Сонау аштығы бар, қуғын-сүргіні бар қиын жылдары тагдырдың тәлкегімен Сағиттың отбасы Омбы облысының Называев деген шағын ауылынан бір-ақ шығады.

Мұнда аштықтан ауған қазақтар жер үй салып, қалың орман ішін қоныс етеді. 1934 жылы ол осында мұғалім болып орналасады. Махаббатына берік жас осында Гүлбануға қосылып, тұрмыс құрады.

Бірақ көп ұзамай, осы жылдың соңында Сағит әскер қатарына шақы-рылады. Білімді жасты бірден байқаған ондағылар оны Подольскідегі артиллеристер даярлайтын училищеге оқуға жібереді.

Бірде қасындағы курстас досы: "Сағит, қарашы, сымбатты бір келіншек штабқа қарай өтіп барады, өзі қазақ сияқты, сені іздеп келген болар", — дейді.

Ал ол болса: "Сонау қиырдан мені мұнда кім іздеп келуші еді", -деп бұл сезге онша мән бермейді. Тек командирі зайыбы Гүлбануды ертіп казармаға кіріп келгенде, ез кезіне езі сенбей, сілейіп тұрып қалады. Сүйген жары Сағитқа бұдан кейін де екі рет келіп, кетеді.
1941 жылдың көктеміне қарай Сағит әскери борышын өтеп, елге қайтуға әзірленіп жүрген болатын.

Алайда, ойламаған жерден неміс фашистері бейбіт жатқан кеңес еліне тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұларды артиллерист-офицерлерді эшелонға отырғызып, бірден майданға жөнелтеді. Бірақ олар баратын жерлеріне жете алмайды. Жолда құзғындай шүйліккен жау ұшақтары жауынгерлер мінген эшелонды бомбаның астына алды.

Осы қырғын-топанда курсанттар бөлімшесінен аз ғана адамдар ғана аман қалды.
Сағит сияқты аман қалған курсанттар құрамына енген полк Тула қаласының түбіндегі бір ойпаң жерге жайғасып, кезекті шабуылға әзірленіп жатты.

Сөйтіп, 1942 жылдың ақпанында полк бес рет шабуылға шықты. Ал, соңғысында Сағит ауыр жараланып, есінен танып, контузия алады.
Қатты аяздан жаураған ол кезін ашса, жағалай жайрап жатқан жауынгерлерді көрді. Санитарлар солардың арасынан жаралы, тірі жатқандарын іздеп, дала госпиталіне жөнелтумен айналысты.

Ал бұл кезде полк штабында осы шайқаста қаза тапқандардың жедел тізімі жасалып, аты-жөндерін тездетіп анықтау жүргізілді. Сондай абыр-сабырда жансақтық кетсе керек, Сағиттың үйіне: "Сіздердің ұлдарыңыз және жарыңыз Сағит Жексенов Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты" деген қаралы қағаз жетеді. Үй-іші, жиналған ауыл-аймақ адамдары жылап-сықтап жатқанда тек Гүлбану ғана кө-зіне жас апмай, әлде неге тас түйін бекінгендей бұрышта үнсіз сұрланып отырып қалған еді.
Ертеңінде Гүлбану қайын атасы Жексеннен өзін аудан орталығы — Есілкелге апарып келуін етінеді.

Онда аудандық комиссариатқа, комсомол комитетіне етініш жазып, "Ерімнің кегін аламын!" деп майданға сұранып, дегеніне жетеді.

Гүлбану майданға аттанып бара жатқан жолында Мәскеудегі Қазан вокзалында ерімен кездесе жаздайды.

Ол вокзалға келіп түскенде, Сағит осы вокзалдың жоғары екінші қабатында операциядан кейін ем-дом қабылдап, офицерлерге арналған госпитальда жатқан болатын.

Екеуінің арасын вокзалдың бір-ақ қабаты беліп тұрды. Бірақ оны олар кейін білді.
Соғыстың аты соғыс. Майданға өз еркімен сұранған Гүлбану Жексенова зеңбірек миномётшісі болып, кептеген ұрыстарға қатысты.

Сүйікті жұбайының тірі қалғанын елден келген хаттардан естиді. Онда бұл жай былайша жазылған еді:
1943 жылдың қақаған аязды бір күні Жексен ата ұлы Сағиттың жылын беріп жатқан.

Үйге ағайын-туыстары жиналып қалған еді. Кенет пошташы ақсақ Ысқақ шой-наңдап үйге ентіге кіріп: "Сүйінші, сүйінші!" деп айғайлап жібереді. Жиналғандар аң таң. Пошташы: "Сенің ұлың тірі",-депЖексен қартты құшақтай алады.
Ал Сағит пен Гүлбану соғыс аяқталуға бір жыл қалған-да кездесті, енді ешқашан жұптарын жазбас үшін кездесті.

Олар Грязи деген стансада Ұлы Жеңісті бірге қарсы алады. Таныс емес адамдардың өздері, жауынгерлер қазақтың қайсар қызын — миномётші жауынгер келіншекті орыстың бір стансасында аспанға кетеріп, бетінен сүйіп, мәре-сәре болып қалды.
Отставкаға шыққан лейтенант Жексенов біраз уақыт туған ауылында мұғалім болды.

Содан кейін XXII партсъезд атындағы ұжымшарға қоныс аударды. Гүлбану мұнда өз мамандығы бойынша кітапханашы болып істеді. 1945 жылы тұңғыштары Әнес дүниеге келді.

Содан кейін Құрманғали, Күләш, Құрман атты балалары туды. Сағит ата жиырма шақты немере керді.
Дүние қанша шексіз болғанымен де, адам өмірі шектеулі. Гүлбану мен Сағит та бұл дүниеден етті...
Сол кездері ауданымыз қараған облыс орталығы Көкшетау қаласында соғысқа қатысқан қыз-келіншектер құрметіне стенд орнатылды, онда Гүлбану Бегайдарқызы Жексенованың да суреті бар.
Сағидолла Икенов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

СУРЕТТЕ: Гүлбану мен Сағит. Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы.


//Солтүстік Қазақстан. -2015. – 19 наурыз.  - 3 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий