Ерлігін ел ұмытпас ерлеріміз Ескендір Дәуітов

 Ескендір Дәуітов Ол 1923 жылы Омбы облысының Есілкөл қаласында туған 1927 жылы Дәуітовтер отбасы Петропавл қаласына көшіп келеді. 1942 жылы ауыл шаруашылығы техникумының бірінші курс студенті Ескендір Дәуітов Қызыл Армия қатарына шақырылады.

Жас жауынгердің майдандағы өмірі 1943 жылы 16-шы гвардиялық дивизияның 58-ші гвардиялық полкінің пу-лемет дәлдеушісі болып басталады. 1943 жылдың шілдесінде Густавка қыстағы үшін шайқаста Е.Дәуітовтің жалғыз өзі қарсы шабуылға дайындалып жатқан бір топ жаудың көзін құртады. Оның өжет-тілігінің осындай үлгілері аз емеседі.

1943 жылдың қыркүйегінде шегініп бара жатқан жауды тықсыра отырып, 16-шы гвардиялық дивизия бөлімдері Днепрге тақап келді. Алда үлкен су айдыны. Сондықтан да өте шапшаң түрде ауыр шайқастардан әлсіреген жаудың есін жиғызбай, өзеннен жедел өту керек еді.

Жауынгерлік тапсырманы орындауға рүқсат алған қатардағы гвардия жауынгері Е. Дәуітов бір топ батыл жігіттермен бірге балықшы қайығымен келесі жағаға қарай жылжи жөнелді. Қарсы жақ өзеннен өтіп келе жатқандарға зеңбіректер мен пулеметтерден оқ жаудырды. Ескендір алғашқылардың бірі болып Днепрдің оң жағалауына аяқ басып, пулеметімен жау траншеясына үмтылды.

Жаумен жағаласа кеткен біздің жауынгерлерден екеуі-ақ Ескендір Дәуітов пен оның жолдасы ғана қапды. Олар жаумен жанталаса шайқасты. Көмекшісі жау қолынан қаза тапты, ал Ескендір жараланған күйі оқты бората берді. Көмекке ұмытылмаған жолдастары жеткенде ол екі қолы пулемет тұтқасына қарысып қалған күйі жансыз жатты. Ұрыс аяқталды.

Бірақ бұл жеңісті көру Ескендірге бұйырмады. Бір күннен кейін жиырма жасқа толуы керек болатын Ескендір осылайша 1943 жылдың 29 қыркүйегінде ерлікпен қаза тапты. Жерлесіміз Чернигов облысының Репкин ауданындағы Неданчичи ауылында жерленген

1944 жылы 15 қаңтарда Е.Дәуітовке жанқиярлық ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы мерт болғаннан кейін берілді.Жерлестері ерен ердің есімін сақтау. . Ескендір Дәуітов-тің есімі Неданчичи ауылындағы көшеге берілген.


//Cолтустік Қазақстан. -2015. -17каңтар .-3 бет.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий