Григорий Тихонов

                                                Григорий Тихонов
1912 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Князево ауылында туған. Оңтүстік-Орал темір жолында паровоздың машинисі болып істеді. 1934-1938 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1940 жылы Кеңес-Фин соғысына қатысты.

1941 жылдың маусымынан бастап Екінші дүниежүзілік со-ғысқа қатысты. 62-ші атты әскер полкінің эскадрон командирі кезінде Гомель облысында көзге түсті.
1942 жылдың 16 қыркүйегінде оның атты әскері Десна өзені-нен өтіп, Мена қаласына бірінші болып кірді.

Эскадрон бірнеше селоларды азат етіп, Чернигов қаласына келіп жетті. Атты әс-керлердің екі бүйірден және тылдан соққан екпініне фашис-тер шыдай алмады. Олар бас сауғалауға мәжбүр болды. "Бі-рінші май" кеңшарының тұсын-да немістер қарсы шабуылға шықты. Мұнда да атты әскерлер жеңіске жетті. Чернигов қаласы азатетілді.

Атты әскерлер полкі Днепрге де жетті. Түн ортасында Тихоновтың атты әскерлері Усохи селосына келіп кірді. Мұнда да фашистерді шегіндірді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төр-алқасының 1944 жылғы 15 қаң-тардағы Жарлығымен оған Ке-ңес Одағының Батыры атағы берілді.
Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапат-талды.

1944 жылы 13 ақпанда ұрыс даласында қаза тапты. Мозырь қаласында жерленген. Осы қаладағы Даңқ қорғанына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылды.

("Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" кітабынан алынды).


// Солтүстік Қазақстан . - 2015. - 4 сәуір. - 4 бет .   

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий