Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының
Григорий Михеев
1919 жылы Петропавл қаласында туған 1937 жылы облыстық комсомол комитетінің арнайы шақыруымен авиацияға жіберіледі. 1939 жылы Краснодардың әскери-авиациялық училищесін бітірді. 1941 жылдың маусым ында Отан қорғаушылар қатарына қосылды.
Батыс майданда жаудың жылжып келе жатқан колонналары мен өткелдерін бомбылауға қатысты. Жау авиациясының басымдығына қарамастаң Михеевтің жауынгерлік тапсырманы орындамаған кезі болған жоқ.
1942 жылғы 1 маусымда Михеев жоғары шеберлікке ие әрі ерік жігері күшті штурман ретінде 10-шы жеке авиациялық барлау пунктіне жіберіледі.
Волхов, Ржев, Зубцов, Погорелов-Городиш аймағында жүргізілген операциялардың жүзеге асуына Михеевтің түсірген аэросуреттерінің көмегі көп тиді.
1941 жылғы 22 маусымнан 1943 жыл-ғы 6 наурызға дейін Михеев 114 рет жауынгерлік тапсырмамен үшып, оның 104-ін ойдағыдай орындап шықты.
Соның ішінде бомбылауға - 27 рет, алыс қашықтыққа 87 рет шыққан екен Осы уақыт ішіндегі әскери іс-қимылдары үшін 1942 жылғы 23 маусымда Михеев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталып, 1943 жылғы 24 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағы Батыры атаған .
("Североказахстанцы: Герои Советского Союза.
Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабынан алынды).
//Солтустік Қазақстан . -2015. – 12 наурыз. – 3 бет .