Вениамин КОШУКОВ

                                                                     Вениамин КОШУКОВ
1922 жылы Түмен облысының Ильинка селосында туған. 1928 жылы оның отбасы облысымызға көшіп келді.

8-сыныптан кейін химия-технология техникумын, одан соң Орынбор әскери әуе мектебін бітірді.
Жас лейтенант Кошуков 1942 жылдың қыркүйегінде 190-шы бомбалаушы әуе полкі жауынгерлерінің қатарын толықтырады.

Таулы жердегі күрделі жағдайда он төрт рет ұшуды ойдағыдай орындағаны үшін лейтенант 1943 жылдың 17 ақпанында Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Сол жолы 41 автомашинаны, жүгі бар 8 керуенді, 2 зенит артиллериясын, 80 фашисті жойды.

1943 жылдың 6 қарашасында тағы да Қырымның аспанына көтеріліп, жаудың қарсы шабуылын тойтарды.

Сонымөн бірге жаудың жаяу әскері мен танктері тұрған жерді көріп келді де, екінші рет әуе-ге көтерілгенде уш танкті, үш автомашинаны істен шығарды.
Жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін Қызыл Ту орденімен марапаттапды.

Ол барлығы 87 автомашинаны, баржаны, паровозды, 10 танкті, 17 артиллериялық қаруды, батареясын, дзотты жойып жіберді. 6 дотты талқандады.

Қан майданда көрсеткен өжеттігі мен қаһармандығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен Вениамин Кошуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылдың мамырында аға лейтенант Кошуков 4-ші Әуе армиясы 214-ші Қызыл тулы бомбалаушы әуе дивизиясының 622-ші Севастополь полкі әуе эскадрилиясының командирі болып тағайындалды.

Қаһарман ұшқыш 1944 жылғы 19 шілдеде ұрыс кезінде қаза тапты.

("Североказахстанцы: Герои Советского Союза.
Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабынан алынды).


// Солтүстік Қазақстан .- 2015 .- 14 наурыз .- 5 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий