Василий ЧЕБОТАРЕВ

 
                                             Василий ЧЕБОТАРЕВ

1918 жылы қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Гавриловка ауылында туған.

Ұжымшарда тракторшы, кеніште бұрғылаушы болып істеді. 1941 жылы қыркүйекте майданға аттанды.

"Смерш" барлау бөлімінің жедел уәкілі, гвардия лейтенанты В. Чеботарев Бобр өзенінен өту кезінде ерліктің үлгісін көрсетті.

Ондаған фашисті жер жастандырып, бір офицерді тұтқындады.

1944 жылғы 27 маусымдағы сұрапыл шайқастардың бірінде оғы таусылған ол қоян-қолтық ұрысқа шығып, ішінен де, көкірегінен де қан саулап, бес жерден жарақат алды.

Оған ызаланған фашистер қансырап жатқан батырды қинап өлтірді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқа-сының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Гавриловка ауылындағы мектеп және көшелерінің біріне Чеботаревтің есімі берілді. Минскідегі Батыр атындағы көшеде ескерткіш тақта орнатылған.


// Солтүстік Қазақстан. – 2015 . – 26 ақпан. – 3 бет .
 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий