Василий Некрасов

                                                        Василий Некрасов
1924 жылы 21 қыркүйекте туған. Оның кіндік қаны тамған жер — қазіргі  Айыртау ауданының Карловка ауылы. 6-сыныпты бітірді.

Еңбек жолын Приморье өлкесіндегі цемент зауытынан бастады. Майданға 1943 жылы алынды.

Некрасов 13-ші армия 74-ші атқыштар дивизиясы 360-шы
атқыштар полкінің автоматшысы болды.

Фашистермен кескілескен ұрысқа 1943 жылдың қыркүйегінде кірісті.

Немістер қаншама лап қойғанымен, біз дің сарбаздар еш сескенбей, ажал оғын жаудырды.

Әсіресе, Некрасов мүлт кетпеді. Жаулар жата қалғанда орнынан атып тұрып, ат ойлаган да сол болды.

Кескіл өскен ұрыста ол 12 фашисті жайратты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сонымен қатар Некрасов Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін офицерлер құрамын жетілдіру және "Атыс" курстарында оқыды.

1972 жылы запасқа шыға-рылды. Ол өмірінің соңына дейін Краснодар қаласында тұрды.

("Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" кітабынан алынды).


Солтүстікк Қазақстан. -2015 .– 31 наурыз.  - 6 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий