Солтүстікқазақстандық Кенес Одағының Батырлары
Василий Московенко
1915 жылы қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Гаршино ауылында туған. 1938 жылы Сталинград әскери авиация училищесін бітірді.
2-ші Әуе армиясы 7-ші гвардиялық истребительдік авиция дивизиясы 1-ші авиаполкінің звено командирі, гвардия аға лейтенанты 1945жылдың
мамырына дейін 175 рет әуеге көтеріліп, 14 шуақты атып түсірді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 27 маусымдағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1951 жылы ұшқыштардың жоғарғы офицерлік мектебін бітірді. Житомир қаласында тұрды. Лениң екі рет Қызыл Ту, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
В.И. Московенконың майдандағы жолы Мәскеу түбінен басталып, Берлинге шабуылмен және Праганы азат етумен аяқталды.
Жаудың ұшқыштары мен зенитшілері оның ұшағын үш рет құлатты. 1942 жылдың мамырында әуедегі үрыс кезінде ол бес рет жараланса да, ұшағын біздің әскерлер тұрған жерге қондыра білді.
Дәрігерлер оған бес рет далада ота жасап, қай-тадан қатарға қосып отырды.
1954 жылы денсаулығына байланысты отставкаға шығып, Житомир қаласында тұрды.
//Солтустік Қазақстан . -2015. – 12 наурыз. – 3 бет .