Ардақ тұтамын
Ардақ тұтамын
Еліміз Екінші дүниежүзілік соғыстағы ¥лы Жеңістің 70 жылдыгын тойлауда. Отанды қорғаған жауынгерлердің қатарында әкем Меңдібай Бейсенбаевтың болганын мақтан етемін.
1942 жылы он сегіз жасында майданға алынған ол соғыстың соңғы оғы атылғанша от ортасында жүріп, жеңіс жолымен еліміздің көксеген арманына жеткен күнді көрді. Сол кездегі Преснов ауданындағы Октябрь ауылынан (қазір бұл ауыл Мамлют ауданына қарайды) майданға шақырылған екен.
Ол карел-фин шекарасында 80-ші шекара полкінің 15-ші отрядында жауынгерлік борышын өтеді. Меңдібай әкем қанды қасаптың ортасында жүріп, "Адамды өлтіруден асқан азап жоқт екен.
Амал нешік, "Жауды аяғанның өзі ажал құшады" демекші, өзің тірі қалуың үшін оның көзін жоюуың керек", - дейтін-ді. Мен осы сөздердің астарына ой жіберіп отырып, мәнісін аңғарамын.
Майданның аты - майдан. Оның сұрапыл талабы да осында. Отаныңа опасыздықпен басып кірген дұшпанға ымыра жасау - өз еліңе қастандығың. Мұндайда жауға кешірім жасау мүмкін емес.
Соғыс аяқталғаннан кейін бес жылдан соң ефрейтор Меңдібай Бейсенбаев өзінің туған ауылына оралады. Кеудесінде жауынгерлік медальдары жарқырап, көз тартатын. Осылардың ішінен ол "Германияны жеңгені үшін" медалінаса қадір тұтатын.
1950 жылы көрші Ленин ауылының қызына үйленіп, шаңырақ көтереді. Анамыз Нәзипамен ұзақ жылдар отасып, 2005 жылы ол дүниеден озғанша бақытты ғұмыр кешті.
Оның соңынан, көп ұзамай, екі жыл өткенде, әкем де мәңгілік сапарға аттанды. Біздің шаңырақта жеті бала өсіп.жетілдік.
Әкем соғыстан келгеннен кейін өзге де майдангерлер сияқты бейбіт еңбекке кірісіп, ауылда ұста болды. Темірден түйін түйетін шебер болған соң жұрт-тың сұраған дүниелерін жасап беретін.
Неше түрлі құрал-саймандарды, ат әбзелдерін, шаруашылыққа қажетті заттарды өз қолымен дайындап, ел-жұрт солардың игілігін көрді.
Тағдырдың жолы сан тарау ғой, біз кейін Ресейдің Қорған облысының Петухово қаласына қоныс аудардық. Әкеміз осында қайтыс болды.
Менің Әлібай, Елубай, Әлібек есімді інілерім Ресейде тұрып жатыр. Өзім Қазақстанға оралып, Қызылжар ауда-нындағы Бәйтерек ауылында тұрамын. Әпкем Күләнда - Жамбыл ауданында, қарындастарым Тойындық пен Мая -Петропавлда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол" Жол-дауында бейбітшілік, қауіпсіздік туралы тамаша толғаныстар айтты. "Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар қуанышы, денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты", - деді ғой.
Осы лебіздер менің жүрегімді толқытады. Өйткені, әкем және ол сияқгы мыңдаған жас азаматтар тепсе темір үзетін жастық шақтарында болашағын, демек бізді қорғады.
Олар бізге бейбітшілікті тарту етті. Көбі қан майданда оққа ұшты, елге оралу арманына жете алмады, жатжерде қалды. Менің әкем Меңібай Бейсенбайұлына от ортасынан аман оралу бақыты бұйырыпты. Соның арқасында біз, балалары, немере-жиендері түтін түтетіп, тірлік кешіп отырмыз.
Менің өз шаңырағымда осындай бақытқа кенелді. Ұлы Жеңістің осынау мерейлі мерекесіне әкем жете алмаса да, біз тойлаймыз. Аруағыңнан айнал-дық, әке!
Ақпан БЕЙСЕНБАЕВ. Қызылжар ауданы, Бәйтерек ауылы.
// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . – 9 мамыр . – 3 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |